http://akikat.kz
Ел басқарған халифалығы кезінде Куфа қаласында әзірет Әлидің (р.а.) шапаны жоғалды. Аз уақыт өтер – өтпес әлгі шапан бір христианның қолынан табылды. Әли әлгі христианды ерткен күйі қазыға жүгінді.
Қазы:
– Мына халифаның айтқанына не дейсің? – деп христианға қарады. Ол болса халифа Әлиді жалақорға жатқызбайтынын, алайда шапанның өзінікі екенін айтты.
Қазы бұл жолы Әлиге бұрылып:
– Мына кісі бұл өз шапаным деп тұр. Ал бұған сенің куәгерлерің бар ма? – деп сұрады.
Әзірет Әли күлген қалпы:
– Қазы дұрыс айтады, дәл қазір менде куәгерлер болу керек еді. Бірақ ешқандай куәгерім жоқ, – деді.
Куәгерлер болмағандығына сүйенген қазы әзірет Әлиді христианға жығып берді.
Алайда шынтуайтында шапанның кімдікі екенін білгендіктен ішкі ар-ұяты жібермеген христиан сәлден кейін қайта бұрылып келіп, былай деді:
– Мұндай үкім шығару, сірә, адамдарға қатысты емес, пайғамбар әкелген үкіметтік жүйеге тікелей қатысты болса керек. Негізі, мына шапан Әлидікі еді, – деп шапанды әзірет Әлидің өзіне қайтарды.
Сөйтті де аз уақыттан кейін-ақ мұсылмандықты қабылдады. Кейіннен әзірет Әли бастаған «Нехриван» шайқасында ол дұшпандарға қарсы жан аямай соғысқан