http://akikat.kz
Уақыт пен материядан ол екеуіне бағынбайтын рух арқылы ғана
озуға болады. Өйткені, уақыт пен материя бар әлем рухқа жат. Ол – «әмір» және
«заңдылықтар» әлемінен келген. Сондықтан өзі де, өзінің елес денесі де
шартарапты шарлап, болашақты барлап келе алады. Оның үстіне, уақыттың уысынан
сытылып шығып, жаратылыстан жырақ өмір сүре алатындықтан әрі бітім-болмысы
мөп-мөлдір және нәп-нәзік болғандықтан, алдағы уақытта болатын оқиғалар да оған
басқаша көрінеді. Бұл мәртебеге жету үшін нәпсімізді тізгіндеп, рухани
әлемдерде рухымызды жетілдіріп, жан дүниемізді нұрландырып, тылсымға толы басқа
әлемдермен байланыс орнатуға тырыссақ болғаны.
"Иман аясында" кітабынан алынды