Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Иман негіздері

  • Шайтан мен мақтан

    Қызметші болып көрінген шайтан жиырма жылдай діндар әулие Жүнәйді Бағдадидың қасында жүріпті. Алайда қанша тырысқанымен, Құдайдан қатты қорыққан тақуа әрі әулие құлдың құлағына сыбырлап арам ойын іске асыра алмаса керек. Дымы құрып шарасыз кейіпке түскен ол бір күні: – Әй, ұстаз! Жоқ, әлде, сіз менің кім екенімді білесіз бе? – деп ашық сұрапты. Жүнәйді: – Сен – лағынет атқыр Ібіліссің. Мен сені алғашқы күні-ақ танығанмын, – деп жауап беріпті. Шайтан: – Уа, ақиқат сұлтаны! Дәл сіздей ұлы, биік дәрежеге қол жеткізген ешкімді көрген емеспін. Жиырма жыл көз алдыңызда жүріп сізге ешбір қалауымды істеткізе алмадым, – депті.

  • Жалаңаяқ әулие

    Бишри Хафи – ұлық әулиелердің бірі. Жас кезі еді. Күнәдан бас алмайтын. Күн сайын небір жиіркенішті қылықтардың бірінен соң бірі қайталанатын. Бір күні тағы да арақ ішіп ұйықтап қалған жерінен әрең дегенде тұрып, кешкісін тәлтіректей басып үйіне бет алды. Басы әңкі-тәңкі. Бір уақытта жол шетіндегі шалшықта ағараңдап жатқан бір нәрсеге көзі түсті. Анықтап тұрып ұзақ қарады. Қағаз секілді. Барып алды. Шалшықта жатып кірлеген қағазда «Бисмиллаһ» деген жазу бар екен. Бірден есін жиып ала қойды. Бұндай қасиетті жазудың аяқасты болып шалшық суда жатқаны несі деп ойлады.

  • Әулие болу оңай ма?

    Ағалы-інілі екі кісі болыпты. Екеуінің де бойында тақуалығы мен қоса әулиелігі де бар екен. Олардың біреуі мына заманда қалада тұрып, көп күнәға батқанша ешкім жоқ далада жүріп күнә атаулыдан алыстау болайын деп тауды мекендеп, мал бағып тіршілігін жалғастырады. Көңілді кірлетіп, жүректі қарайтар харам жоқ жерде намазын да қаза қылмай, құлшылығын да уақтымен жасапты. Екіншісі қаланың қақ ортасынан етік жамайтын дүңгіршек ашып, етікшілікпен айналыса бастапты.

  • Қызыр екеніңді айта салам..

    Рамазан айы. Жұма күні. Мешіт маңына бірді-екілі жұрт аяңдап жинала бастады. Имам күрсіде уағызын оқымақ болып тамағын кенеді. Осы жолы мешітке жас жігіт бейнесінде Қызыр (а.с.) да келген еді. Мешіт іші лық тола бастады. Бір жерге қонжиып отыра кеткен Қызырдың (а.с.) қасына қырық жас шамасындағы бір кісі келіп қатарласа отырды. Әлден уақытта жаңағы кісі отырған күйінде әрі-бері теңселіңкіреп қалғи бастады. Ұйықтап кетер ме екен деп алаңдаған Қызыр (а.с.) оны бүйірінен түртіп: – Ұйықтап кетесің ғой, – деді. Ана кісі: – Ұйықтамаймын, менің мазамды алма, – деді.

  • Нағыз қамқоршы

    Қорасан билеушісі Абдулла ибн Таһир өте әділ кісі болыпты. Бір күні қызметшілері бірнеше ұрыны ұстап әкеліпті. Әкелген ұрылардың біреуі әкеле сала, ебін тауып қашып кетсе керек. Сол тұста бір темір ұстасы Нишапурға келген еді. Әлгі темірден түйін түйген зергер кешкісін үйіне аяңдап келе жатқанда ұрыны іздеп жүрген әкімнің адамдары оны дереу байлап-матап, әкімнің алдына әкеледі. Әкім олардың барлығын да бірден абақтыға жабуды бұйырады. Ешқандай кінәсі жоқ зергер абақтыда дәрет алып намаз оқыды. Артынша қолын кең жайып: «Уа, жалғыз ием Жаббар Хақ! Менің ешқандай кінәмның жоқ екені өзіңе ғана аян. Мені мына тар қапастан құтқара гөр!» деп дұғасын оқыды.

  • Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?

    Амр ибн Астың өзі әңгімелеуде: «Хәндек» соғысынан Меккеге орала сала өзіммен ойы бір жерден шығатын Құрайыш тайпасының біраз кісілерінің басын қостым. Олар бастан-аяқ мені тыңдады. Сөз соңы: – Бәріңіз онсыз да біліп-көріп жүрсіздер, Мұхаммед барған сайын дес бермей күшейіп бара жатыр. Осы орайда менде тамаша бір пікір бар, – дедім. Олар: – Ол қандай пікір? – деп сұрады. Мен: – Бәріміз бір кісідей барып Хабаштық (Эфиопиялық) патша Нәжашиді паналайық. Мұхаммед біздің тайпамызды жеңіп кетсе, онда соны паналап тұра берерміз. Мұхаммедтің қол астына кіргеннен гөрі Нәжашидің қол астына кірген әлдеқайда артық. Ал егер біздікілер жеңіп кетіп жатса, онда бізге жақсылық болмаса жамандық келмесі анық, – дедім. Бәрі бірауыздан пікіріме қолдау білдірді. Мен: – Ендеше, Нәжашиға апаратын сыйлықтарды әзірлеңдер! – дедім.

  • Алла бергенін алады

    Үммі Сүләйм ары таза, тәрбиелі, иманы берік әйел болатын. Құшағындағы баласы қайтыс болғанда асқан бір сабырлылық танытып мәйітті өзі жуып, өзі кебіндеген соң үйдің бір тұсына апарып қойған күйі көршілерге қарап: – Әзірге әкесіне хабар айтпаңдар! – деп қатаң табыстады. Әкесі Әбу Талха сахаба ол кезде маңайда жоқ болатын. Кеш бата үйге келгенде баласының жағдайын сұрады, әйелі: – Сен кетердегіден әлдеқайда тәуір, – деп жауап берді.

  • Пәлекетке ұрындырған байлық

    Мәдиналық мұсылмандар ішінде Сағлаба атты сахабаның дүние-мүлікке, байлыққа деген құштарлығы ерекше болатын. Жатса-тұрса бай болсам, байлыққа бір қол жеткізсем деп көксеген ол бар аңсарының соған ауғаны соншалық, ойлай-ойлай шақшадай басы шарадай болып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды. Ақыр соңында шыдамай Пайғамбарымызға келіп: – Уа, Расулалла! Мен үшін «бай болсын» деп дұға жасаңызшы? – деп өтінді. Пайғамбарымыз оның бұл қалауына: – Шүкірін өтей алатын аз малың, шүкірін өтей алмайтын көп малдан артық емес пе? – деп жауап берді.

  • Өз «Құдайынан» көңілі қалған сахаба...

    Сахабалардан Амр ибну-л-Жамух (р.а.) Исламнан бұрын да Мәдинаның алдыңғы қатарлы сыйлы кісілерінің бірі еді. Алайда ағаштан жасалған «Мәнаф» атты бір пұтқа күнде құлай сыйынып, қатты құрмет көрсететін. Өзі пұтқа табынғанмен, бір қызығы, үш ұлы да мұсылман болатын. Бір түні Амр ибну-л– Жамухтың балалары жиналып келіп әлгі Мәнаф деген пұтты орнынан алып сүйреген күйі жырақтау жердегі шұңқырға апарып тастайды. Сөйтеді де ешкімге көрінбестен үйге қайтады. Ертеңгісін пұтқа табынбақ болып барған Амр оны күнделікті орнынан таба алмай жер сипап қалды. Сөйтті де: – Әй, оңбай кеткірлер! Түнделетіп кеп Тәңірді ұрлап кеткен кім? – деп айналасындағыларға ызғар шаша айғайлады. Пұтын іздестіре бастады. Ең соңында бір шұңқырда етбетінен жатқан күйінде тауып алды. Жақсылап тазалап, жуып, қош иістер сеуіп әсемдеп әрлеп бұрынғы орнына қайта қойып жатып: – Осыны істеген адамды тапсам, әкесін танытар едім, – деді ызалана.

  • Нілдің тасуы

    Мысыр елі Омардың (р.а.) ел басқарған халифалығы тұсында мұсылмандардың қолына өтті. Мысырды мұсылмандардың қол астына қаратқан даңқты қолбасшы – Амр ибн Ас еді. Мысыр халқы Амр ибн Асқа өздеріндегі әдет-ғұрыптарды таныстыра келіп: – Ей, қолбасшы! Біздің салт-санамыз бойынша Маусым айының он екінші түні үйлене қоймаған жас қызды барынша сәндеп, әдемі киіндіреміз. Сөйтеміз де Ніл өзеніне тастаймыз. Біз бұны Ніл өзені арнасынан тасып, маңайындағы егіндіктерді суғару үшін жасаймыз, – деп түсіндірді.

  • Ибн Аббастың әңгімесі

    Қыс. Аяз. Көзге түртсе көргісіз қараңғы түн. Жер бетінде қар жатпағанмен, еттен өткен ызғарлы суық сүйекке жеткендей. Халифа Омармен жүздесіп, әңгімелесіп қайтпақ оймен үйден шықтым. Айнала тым-тырыс. Қала тұрғындары бұл уақытта ұйқыларының ең тәтті шағында жатқан кез. Көше де қыбыр еткен жан жоқ. Жол ортасына жете бере, сонадай жерден қарауытқан адамға ұқсас біреуді көзім шалды. Кішкене жақындай түскенімде, оның адам екеніне анық көзім жетті. Берген сәлемімді қабыл алып, басын мен жаққа бұрғанда, еріксіз таңғалдым. Өйткені ол мен іздеп бара жатқан Омардың (р.а.) дәл өзі еді. Елдің бәрі шырт ұйқыда жатқан осынау түннің бір уағында ел билеген халифаның жападан-жалғыз көшеде не ғып жүргені, шынында да, таңғаларлық еді. Оның үстіне, қытымыр қыстың аязы болса мынау. Ақыры таңғалысымды жасыра алмай өзінен: – Түннің бір уағында көшеде жүргеніңіз не? – деп сұрадым. – Асығыс жұмысың жоқ болса, бірге жүр. Жол бойы себебін айтармын, – деді де Омар (р.а) маған жақындап, қолтығымнан демей берді. Мен онсыз да өзін іздеп келе жатқан жайымды айтып, «Қайта жақсы болды. Екеуара әңгімелесуді өзім де қалап келе жатыр едім» деп, ол айтқан ұсынысқа бірден келісе кеттім.

  • Пайғамбар екеніңді дәлелде!

    Әбу Бәкірдің (р.а.) Ислам дінін еш бүкпесіз қабылдауына бірнеше жайт түрткі болған. Соның бірі мына оқиға. Ислам діні келгенге дейін қысы-жазы саудамен айналысатын Әбу Бәкір көбінесе Шамға баратын. Бір сапарда таңға жуық таңғажайып түс көрді. Түсінде аспандағы ай келіп оның құшағына тығылыпты. Әбу Бәкір айды қос қолдай құшақтап көкірегіне қысқан екен. Тәтті сезім құшағында жатып ояна кетсе, түсі болып шығады. Дереу сол маңайдағы Ямлиха атты танымал монахқа барып түсін жорытты. Монах әуелі: – Қай жақтан боласың? – деп сұрады. Әбу Бәкір: – Хижаз аймағынан,– деп жауап берді.

  • Құлшылық құндылығы

    Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да қатысқан «Затур-Риқа» соғысында шайпауыздығына басып, ерінен қалыспай соғысқа келген бір мүшрік әйелді мұсылмандардың біреуі жер құштырды. Әйелін кімнің өлтіргенін жазбай танып қалған күйеуі, сол мұсылманды өлтірмей тынбайтындығын айтып, өз-өзіне іштей ант берді. Соғыс біткеннен кейін де мұсылман жасағының қай жерге тоқтайтынын байқамақ болып, іздерін қуалай жүріп отырды. Алла елшісі сол түнгі қонатын жерді белгілеп: – Осы түні бізді қорғап күзетте кім тұрады? – деп сұрағанда, мұһажир мен әнсардан екі кісі суырыла алға шықты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: – Онда мына сайдың шыға берісінде тұрыңдар, – деп күзет үшін оңтайлы орынды көрсетті.

  • Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да қатысқан «Затур-Риқа» соғысында шайпауыздығына басып, ерінен қалыспай соғысқа келген бір мүшрік әйелді мұсылмандардың біреуі жер құштырды. Әйелін кімнің өлтіргенін жазбай танып қалған күйеуі, сол мұсылманды өлтірмей тынбайтындығын айтып, өз-өзіне іштей ант берді. Соғыс біткеннен кейін де мұсылман жасағының қай жерге тоқтайтынын байқамақ болып, іздерін қуалай жүріп отырды. Алла елшісі сол түнгі қонатын жерді белгілеп: – Осы түні бізді қорғап күзетте кім тұрады? – деп сұрағанда, мұһажир мен әнсардан екі кісі суырыла алға шықты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: – Онда мына сайдың шыға берісінде тұрыңдар, – деп күзет үшін оңтайлы орынды көрсетті.

  • Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да қатысқан «Затур-Риқа» соғысында шайпауыздығына басып, ерінен қалыспай соғысқа келген бір мүшрік әйелді мұсылмандардың біреуі жер құштырды. Әйелін кімнің өлтіргенін жазбай танып қалған күйеуі, сол мұсылманды өлтірмей тынбайтындығын айтып, өз-өзіне іштей ант берді. Соғыс біткеннен кейін де мұсылман жасағының қай жерге тоқтайтынын байқамақ болып, іздерін қуалай жүріп отырды. Алла елшісі сол түнгі қонатын жерді белгілеп: – Осы түні бізді қорғап күзетте кім тұрады? – деп сұрағанда, мұһажир мен әнсардан екі кісі суырыла алға шықты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: – Онда мына сайдың шыға берісінде тұрыңдар, – деп күзет үшін оңтайлы орынды көрсетті.

  • Зекет – байлықтың қорғаны

    Хасан әңгімелеуде: Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзін қоршай отырған сахабаларға: «Зекет – қолдағы мал мен байлықтың қорғаушысы, сақтаушысы», – деді. Дәл осы мезет бір христиан саудагер де айтылғандарға құлақ салып тыңдап отырды. Пайғамбар сөзін айтып бітірер-бітірмес әлгі христиан барған бойы малының зекетін берді.

  • Сиқыршылар мен перғауын

    Мұса пайғамбардың халықты бір ғана Аллаға илануға бағыттайтын тәухид сеніміне үгіттеуі нәтижесінде перғауын балқып-шалқып отырған қазіргі мына сән-салтанатымнан айрылып, жер сипап қалармын деп қорықты. Қайтсе де Мұсаны (а.с.) тұқыртып, осының алдын алу мақсатында алыс-жақын елдегі бүкіл сиқыршыларды ордасына шақыртқан перғауын оларды Мұсамен (а.с.) жарыстырмақ болды. Келген сиқыршылар: – Ей, Мұса! Қолыңдағы аса таяғыңды алдымен сен лақтырасың ба әлде біз лақтырайық па? – деп Мұсаға деген ілтипаттарын білдірді.

  • Отқа күймеген пайғамбар

    Ибраһим (а.с.) пайғамбар ретінде жіберілген кезде, ел ішінде пұтқа табынушылық кең етек алды. Ибраһим пайғамбар пұттардың ес-түссіз, жай ғана мелшиген меңіреу тастар екендігін, Жаратушы бола алмайтындығын қанша түсіндіріп айтса да, оларды көндіре қою аса қиын шаруа еді. Өйткені олар ылғи да қарсы дау айтудан жалықпайтын. Сондықтан да болар Ибраһим (а.с.) олардың саналарына сәуле бітіріп, шел басқан көңілдерін ояту мақсатында ғибратты бір іс істеуді ұйғарды. Бір күні қала халқы түгелімен мереке қарсаңында қаланың сыртына шықты. Қағбаға кірген Ибраһим (а.с.) пұт атаулының бәрін қиратып, балтаны сол жердегі ең үлкен бір пұттың мойнына іліп қойды.

  • Мәрттік

  • Табиғат, табиғат заңдылықтары, себептер тіршіліктің түп иесі не жаратушысы бола алмайды

    Заңдылықтар мен себептер материямен тығыз байланысты, сондықтан оларды материядан бөлек қарастыра алмаймыз.

  • Табиғат, табиғат заңдылықтары мен себептер неліктен жаратылған?

    Аллаһ тағала материялық әлемді жаратқан кезде, бұл әлемнің ажырамас бөлігі болып саналатын – табиғат заңдылықтары мен себептерін де қоса жаратқан.

  • Себептер, табиғат және «өздігінен бар болу»

    Егер бір нәрсенің бар болуы қажеттілік болса, онда оның жоқ болуы мүмкін емес. Оның үстіне бар болуы зәру нәрседен өзгенің болуы тек ықтималға жатады.

  • Алла тағаланың хақ екеніне қатысты жалпы дәлелдер

    Барды дәлелдеу – жоқты дәлелдеуге қарағанда жеңіл. Алманың бар екенін дәлелдеу үшін бір ғана алманы көрсету жеткілікті.

  • Өз басын қатерге тігу

    Мұғауияның ел басқарған (49/669 ж.ж.) тұсында Ислам әскерлері Ыстанбұлды тұңғыш рет қоршауға алды. Суфиян ибн Ауф (р.а.) басқарған үлкен бір жасақты Мұғауия Византияға бағыттап, өз баласы Язидтің де дәл сол жасақта болғанын қалап еді. Алайда Язид әр нәрсені бір сылтауратып жантәттілікке салынған соң әкесі де оны көп қолқалай қоймады. Соғысқа шыққан әскерлердің жолда аштық, ауру секілді небір қиындықтарға душар болғандығын естігенде, Язид: – «Мен қайтейін әскердің қиналғанын, Гүлсім жатса қасымда қыздай жаным», – деп өлеңдеткен күйі бармай қалып қойғандығы үшін өзіне риза кейіпте еді. (Үммі Гүлсім – Язидтің әйелі.)

  • Ардақты Пайғамбардың хаты

    Дыхиятул-Кәлби (р.а.) әңгімелеуде: Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған бір хат беріп Византия патшасы Қайсарға жіберді. Патшаға барып хатты бергенімде қасында қызыл шырайлы, көк көзді, бұйра шашты жиені бар еді. Хаттың басы «Алланың елшісі Мұхаммедтен гректердің қожайыны Гераклийге» деп басталатын. Жиені осы сөзді оқи сала терең бір тыныстады да «бұл хатты оқуға болмайды» деп бір-ақ түйді. Қайсар бұның себебін сұрады. Жиені: «Бұл хатты жазған адам алдымен өз атын жазыпты да сені екінші орынға қойыпты, сөйтіпті де сені патша демей жай ғана қожайын деп көрсетіпті» деді. Патша қарсылық білдіріп, міндетті түрде оқуын бұйырды.

  • Куәгер

    Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалары-мен отырған бір сәтінде өз-өзінен сәл-пәл жымиып: – Неге күлімсіредім, білесіздер ме? – деп сұрады. Сахабалары «Жоқ» дегенде, Пайғамбарымыз: – (О дүниеде есеп берілгенде) Құл шыр-пыры шыға өз-өзін ақтамақ болады, іле-шала Алла тағаламен арада мынадай бір әңгіме өрбиді мен соған еріксіз жымидым: Құл: – Сен мені тіршілігімде қиянаттан қорғамадың ғой? – деп сұрайды.

  • Екі қыздың оразасы

    Пайғамбарымыз бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады: – Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім де ауыз ашпасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп: – Уа, Расулалла! Екі қызым да күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді.

  • Ең қарапайым нәрселерге көрсетілетін қамқорлық

    Ағаштың құрамындағы целлюлоза мен лигниннің қызметі ауқымды. Әртүрлі өндіріс шикізаттарында қолданылатын целлюлоза қағаз өндірісінде де маңызды рөл атқарады.

  • Тіршіліктегі өлім мен тірілу және ақырет

    Жер бетінде болып жатқан өзгерістерді бақылай отырып, қоршаған ортамыздың, бар жаратылыстың тіріліп құлпыра түсетінін көреміз.

  • Шексіз құдірет – ақыреттің дәлелі

    Адам жүзіне қуаныш ұялайтын немесе өкініштен жүзі қап-қара болып түнеріп күңіренетін махшар күні, яғни адамдардың қайта тіріліп, есеп беретін күннің болатынына Аллаһ Тағала Құранда уәде береді.

  • Сақталу мен қорғау да ақырет дәлелі

    Осы әлемде өте тамаша бір сақталу құбылысы бар. Адамның мәні сперма атты жасушада сақталады.

  • Жаратылыстағы үйлесімділік пен ақырет

    Ғалам мен адам арасында өте тығыз бір байланыстың бар екені анық. Бұл байланыс қос тіршіліктің екеуінің де жаратушысы бір екенін дәлелдейді.

  • Мәңгілік сұлулық және ақырет

    Көктем мезгілінде құстардың әсем ән салып, сайрауы мен судың сылдырап аққан ағысын тыңдайық.

  • Жаратушының шексіз жомарттығы және ақырет

    Егер қажеттіліктеріміз Аллаһ Тағаланың бізге деген қамқорлығының арқасында өтелмесе, барымызды салсақ та қол жеткізе алмаймыз.

  • Аллаһ Тағаланың шексіз ұлылығы ақыретті талап етеді

    Ол нығметтеріне өзгелердің араласқанын қаламайтыны секілді, нығметтері үшін айтылатын рахметтердің де басқаларға арналғанын хош көрмейді.

  • Мейірімділік те ақыретті талап етеді

    Ғаламда бір ізгілікпен мейірімділіктің бар екенін айдан анық байқаймыз. Мейірімділік – жанашырлық сезімі.

  • Аллаһ Тағаланың Кәрім, Рахим есімдері және ақырет

    Ғаламдағы ең әлсіз, ең нәзік жаратылыстарға өте жақсы жанашырлық және жақсы күтім жасалады.

  • Құран Кәрімнің хашрді дәлелдеу әдістері

    Қиямет қайымның болатынына ешкімнің шүбәсі жоқ. Тіпті, қазіргі ғылымның барлық саласы бұл мәселені мо-йындауда ауызбірлік танытып отыр.

  • Сенім жемісі және Хашр 2-бөлім

    Пайғамбарлар Пайғамбары (с.а.у.) ақтық сәтінде Хазіреті Айшаның алақанынан қолын тартып: «Аллаһым, ендігі жерде о дүниені қалаймын»[7] – дейді. Ал бір күн бұрын Оның (с.а.у.) былай дегені бар еді: «Аллаһ құлының еркіне қалағанынша бұл дүние нығметтері мен Өзінің қасында бар нәрселердің арасында таңдау құқығын берді. Құл Аллаһтың қасындағы игіліктерді таңдады»[8].

  • Қайта тірілу ...

    Махшәр – адам баласының әрі рухымен, әрі тәнімен тірілетін жері. Құран Кәрім осы тақырыпты баяндаған кезде жеке-жеке көріністермен бізге осылай суреттейді.

  • Сенім жемісі және Хашр

    Аллаһқа иман етуден кейінгі адамзат баласының бақытты ғұмыр кешуі ақыретке иман етуге тікелей байланысты.

  • Сынған құмыра

    Үлкен әулие кісілердің бірі Ибраһим Хаққы бала кезінен бастап көп жыл бойы Исмайыл Фақыруллаһтың шәкірті болған. Фақыруллаһтың жақсы тәрбиесін көрген Ибраһим бір күні қолына құмыра алып бастауға барды. Құмырасын суға толтырып жатқанда қасына жақындаған бір атты: – Әй, бала, тұр былай жолдан! – деп, сонадай жерден әкіреңдеп, атымен баса-көктей бастауға беттеді. Ибраһим құмырасын алып, шетке шықпақ болып еді, атты кісі бұны қорқытып зәресін ұшырайын деген ниетпен атымен басып кетердей ентелей берді. Ибраһим құмырасын жерге қоя салып аттың аяғына түсіп кетпей, өз басын аман алып қалмақ болып шегіншектеді.

  • Зұлқарнайн мен басшы

    Зұлқарнайн (а.с.) бір күні әлдеқандай елге тап болыпты. Олардың бар іс-әрекеті нәпсісін жеңу мен өлім қорқынышын сейілтуге бағытталған екен. Қолдарында бұ дүниелік еш байлық жоқ еді. Тек қана көкөніспен күн көретін. Көкөністерін күтіп-сақтауға барынша көңіл аударатын. Сонымен қатар, бұл елде әркім өз қабірін өзі қазып, күн сайын тазалық жасап, сол қабірде ғибадаттарын өтейтін. Зұлқарнайн (а.с.) бұлардың басшысын шақыртты. Басшысы: – Маған ешкім керек емес. Мені керек еткен адамның өзі келсін, – деді.

  • Тағдырдан тағдырға қашу

    Һижреттің 17-18 жылдары Шам төңірегінде «Әмуас» деп аталатын оба ауруы кең тарады. Ең алғашқы шыққан жері Палестинаның Әмуас аймағы болғандықтан осылай аталған. Бұл жұқпалы ауру әкелген кеселден 25 мың адамның өмірі қиылып, тіпті үлкен сахабалардың қатарындағы Әбу Үбәйда ибн Жәррах пен қоса Муаз ибн Жәбал да айықпас дерттің қармағына іліккен-ді . Сол жылы Омар (р.а.) Шамға бармақ болып жолға шықты, оны ірі қолбасшыларымен бірге Шам әкімі Әбу Үбәйда қала сыртынан күтіп алды. Бірақ Шамда ауруының тарағанын естіген соң халифа мен сахабалары қалаға кірместен кері қайтуды жөн көрді. Оны естігенде Әбу Үбәйда (р.а.) таңырқап: – Алланың тағдырынан қашқаның қалай? – дегенде, Әзірет Омар оған қарап: – Иә, Алла жазған тағдырдан және Соның тағдырына қашып бара жатқан жоқпын ба?! Сен түйелеріңді бір жағы жоңышқа, бір жағы жусанды бетке жайып түйелерің қайсысынан оттаса да сен Алланың тағдырымен жайған болып саналмайсың ба? – деп ойланта жауап қайырды.

  • Қапастағы батыр

    Әзірет Омардың (р.а.) ел басқарған уақытында (һижри санақ бойынша 14 жыл) ирандықтар мен мұсылман арабтар арасында атақты «Қадисия» соғысы жүріп жатқан болатын. Ол тұс мұсылмандардың қолбасшысы Сағд ибн Әбу Уаққастың (р.а.) денесіне сыздауық қаптап шығып, түрегеп тұруының өзі мұң болып қатты қиналған кезі еді. Ол сонда да басын жастыққа сүйеген қалпы арнайы орындық жасатып, әскерлерді ту сыртынан бақылап отыруды жөн көрді. Алайда дәл осы сәт әскерлер орналасқан жердің маңайындағы бір абақтыда Әбу Мыхжан деген өзі ақындығымен жұртқа танымал батыр кісі жатты.

  • Жазмыштан озмыш жоқ

    Бір кісі Сүлеймен пайғамбардың сарайына сәске уақытында есі шыға жүгіріп келіпті. Тығыз шаруасы бар екендігін айтқан ол, Сүлейменмен (а.с.) кездестіруді өтініпті. Дегбірі қашып өңі құп-қу болып кеткен оған Сүлеймен пайғамбар: – Жайшылық па? Мұнша неге қорықтың? Себебі не? – деп сұрапты. Әлгі кісі бойын билеп алған үрейден әліде арыла алмаған кейіпте: – Бүгін ертеңгісін дәл қарсы алдымнан өңі сұсты Әзірейілді (а.с.) көрдім. Маған тесіле қараған күйі алыстай берді. Шамасы, менің жанымды алуға ниеттенген секілді, – депті жан-жағына жалтақтап.

  • Жан салынарда немесе ана жатырында-ақ адамның жұмақтық не тозақтық болып жазылуын қалай түсінуге болады?

    Ең алдымен, Аллаһ тағала әуел бастан құлдарының болашақта қалай жүріп-тұратын, жұмақтық не тозақтық амалдар істейтінін біледі және білгендіктен жазады.

  • Адамдағы болмашы ерік қалайша біздің мәңгілік жұмаққа немесе тозаққа баруымызға себеп?

    Тегіннен-тегін, толасыз беріліп жатқан нығметтерге деген шүкіршілігімізді өзіміздің жасаған құлшылықтарымызбен толық өтей алмаймыз.

  • Аллаһ тағала неге о баста өзімнен сұрамастан, мендегі ерікпен санаспастан мені жаратып, тағдырдың тәлкегіне ұшыратты?

    Ешқандай күнә не басқа да жиіркенішті іс адамның еркінен тыс орындалмайды.

  • Тағдыр, «Қаза» және «Ата» заңдылықтары

    Ләухы Махфұздан басқа Аллаһ тағаланың тағы бір «Ләух маху және исбат» деген кітабы бар.

  • Тағдыр мен адамның өз еркі арасындағы орта жол

    Адам баласы кейде тағдырға тіл тигізіп жатады әрі «адам тағдырдың мәжбүрлеуімен жүріп-тұрады, пенденің өз еркі жоқ» деп ойлайды.

  • Адамға берілген таңдау еркі

    Егер адамның жеке ықтияры болмай, барлық нәрсені тағдырдың мәжбүрлеуімен істейтін болса, онда неліктен ар өртеніп азап шегеді

  • Иләһи ілім және оның тағдырмен байланысы

    Аллаһ тағаланың ілімі уақыт категорияларынан тыс болғандықтан Оған кеше, бүгін деген ұғымдардың еш айырмашылығы жоқ.

  • Осыған байланысты біз «жарату» мен «бұйрық» атты тағдырдың екі түрін бөліп қарастырамыз

    Жаратылыстың жалпы тағдыры мен жаратылуы Аллаһ тағалаға қатысты. Бұған адамның еркінің ешқандай ықпалы мен қатысы жоқ.

  • «Иләһи қалау» жағынан алып қарағанда тағдыр мен қаза

    Аллаһ тағаланың «қалауын» Құран мен жаратылыс бейнесінде ап-анық түрде көреміз және сеземіз.

  • «Иләһи ілім» жағынан алып қарағандағы тағдыр мен қаза

    Адам істейтін нәрселерін ең алдымен ой елегінен өткізіп, қиялында бейнелеп, содан кейін жоспарлайды да оларды біртіндеп жүзеге асырады.

  • Адамның алақаны мен жүзіне түскен сызықтарға қарап оның тағдырын анықтауға бола ма?

    «Рух» мәселесімен арнайы шұғылданатын адамдар рухты адамның көшірмесі болып табылатын елес денесі ғана емес, сонымен қатар оның бүкіл тағдыры жазылған «кітабы» деп санайды.

  • Неліктен тағдыр (адамның жеке еркі) иманның алты шартының бірі болып табылады?

    Адамның табиғатында жақсы мінез-құлық пен қабілеттерді иеленіп мақтанатын, тіпті шектен шығып, менмендікке салынатын тұстары бар.

  • Жазмыш жайлы («қадар»)

    «Қадар» – араб тілінде «өлшеу, пішінге келтіру, қалыпқа салу» дегенді білдіреді.