Ақырзаман және 2012 жыл

Бүгінгі күні газет-журнал беттері мен интернет желісінде 2012 жылы ақырзаман болатынын жазып әртүрлі деректерді келтіріп дәлелдеп жатыр. Оған бұқара халықтың бірі «кұр сандырақ» деп қол сілтеп жүрсе, енді бірі естігенде 2-3 күн ұйықтай алмағандықтарын қорқынышпен айтып үрейленуде. Артындағы бала-шағасын, өмірдің ендігі қызықтарын қимайтын көрінеді. Оның үстіне шоққа май тамызғандай кешегі «2012» атты фильмде адамдарға біраз қорқыныш ұялатпай қойған жоқ. Иә, қорқынышы айбарлы, жерлер қақ айрылып, таулар жүнше тұтылатын Ақырзаман қорқынышы кімді болмасын келмей тұрып-ақ үлкен үрейлі-уайымға салары сөзсіз. Аллаһ ол қорқынышты тіпті бесіктегі баланың шашы ағарып кетер қиямет күннің бетін ары қылсын. Бірақ күні келгенде болары ақиқат.
Әлемдік әртүрлі ақпарат көздері 2012 жылы ақырзаман болатынын мынадай деректермен дәлелдеуде: Майя тайпасының құрған күнтізбесі 2012 жылмен аяқталғаны, 4 планетаның бір сызыққа тізілуі мен күн системасының галлактика орталығынан өтуін келтірсе, 2012 жылдың желтоқсан айында Жер мен Нибиру ғаламшары соқтығысып, соның кесiрiнен адамзат баласы Жер бетiнен жойылып кететіні тағы айтылған. Айқын газетнің ресми сайтында (05.11.09ж) Ғалымдардың пікірін былай деп жеткізеді: «Саналы тіршілік иесі өмір сүріп жатқан жерге көктен бес мың бес жүздей әртүрлі көлемдегі аспан денелері жақындап келеді, соның ішінде ең қауіптісі – 959 нысан» дегенді айтуда.
Аспан денелері ішіндегі ең қауіптісі – Апофиз астероиді. Мамандардың есептеуінше, 2029 жылдың сәуір айында ол жерге жақындап келетін көрінеді. Ара қашықтық 36 мың 700 не болмаса 38 мың 600 шақырым болмақ. Ал 2036 жылы осы астероид жерге 2 мың шақырымға дейін жақындамақ. Егер де ғайыптан осы үлкендігі 10 шақырымға тең, салмағы 46 миллион тонна болатын Апофиз жермен қақтығысып қалатын болса, өркениеттің ақыры болуы мүмкін деседі ғалымдар» - деп жазады С. Әмірбекұлы Айқын газетіндегі «Ақырзаман ЕСІГІҢДІ ТҰР ҚАҒЫП…» атты мақаласында. Мақала соңында «Қандай апаттар тосып тұр?» деп төмендегі деректерді келтіреді:
- 2011 жылы жер 2005 YU55 астериодімен соқтығысып қалуы мүмкін. 2011 жыл – мая тайпасының күн тізбесінің соңы.
- 2012 – көптен күтілген ақырзаман осы жылы орнауы мүмкін. Бұдан адамзаттың аман қалу мүмкіндігі бар- жоғы 0,5 пайыз көрінеді.
- 2014 жылы ғарыштан келген аса қауіпті шаң-тозаң жолындағысын сыпырып әкетпек. Астрофизиктер осындай болжам жасауда.
- 2018 жылы Нострадамустың болжауы бойынша, ядролық соғыс болуы әбден мүмкін, 2019 жылы жер 2002 NT7 нөмірлі астероидпен қақтығысып қалуы ықтимал.
Кішкене түсініктірек болу үшін осы да мағлұматтар жеткілікті шығар деп ойлаймын.
Қарап тұрсаңыз соншалықты шындыққа жанасатындай дәлелдер жоқ. Тіпті барлығы болжам ғана. Және ғылым қашанда дұрыстығы мен қателігі бірге жүретіндіктен болжамдарын «сондай болуы мүмкін» немесе «солай болуы ықтимал» деп қана келтірген.
Мұндай болжамдар арыны қойып, беріден айтқанда 2000 жылы ақырзаман болады деген сыбызғы бүгінгідей халық арасына кең жайылған-тын. Бірақ олай болмай шығып, 2002 жылы болады екен деген сөздері де бос сөз болып бүгінгі таңда ол ғалым немесе көріпкелсымақтардың абыройлары айрандай төгіген еді. Сол сияқты 2012 жылы ақырзаман орнайды деген сөздің де төркіні түсінікті емес пе? Он сегіз мың ғаламды жаратқан Аллаһ Тағала барлығын есеппен жаратқан. Талдан үзіліп түскен жапырақта Аллаһтың әмірімен түседі. Сондықтан ақырзаман жерден көрі көк аспан көбірек қауіптірек деп голлактикамен ақырзаманды ұштастыру ақылға келіңкіремейді.
Жоғарыдағы мәліметтерден 2012 жылы ақырзаман болады деген тұжырымға, кей ғалымдардың есептеуі бойынша ақырзаманды 2036 жылдан арыға жобалап тұр. Жалпы мұның барлығы болжам ғана. Ал, ақырзаманның қашан болатындығын әлемді жаратып, тағдырын жазып қойған Аллаһ тағала ғана біледі.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде, «Ағраф» сүресінің 187 аятында: «(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Аллаһтың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де» – деп Ақырзаманның қашан болатындығын жәй ғалымдар түгілі Аллаһ Елшісі (с.а.с) білмейтіндігін айтуда. Пайғамбарымыз (с.а.с) «Расында Қиямет жұма күні болады…» деген хадисінен Ақырзаманның жұма күні болатындығын ғана білеміз. Бірақ қай жылдың, қай айдың нешінші жұмасы екенін бір Аллаһтан басқа ешкімде білмейді де білалмайды.
Ақырзаман жақындауының Құран және хадистерде келген кіші және үлкен белгілері бар. Оған мақаламыз ұзақ болып кетпеуі үішін тоқталмай, бірақ сол белгілерсіз ақырзаман болмайтындығын есте ұстауымыз қажет. Қазір ақырзаман 2012 жылы болады деп келтірген жоғарыдағы ғалымдардың деректеріне арнайы «НАСА» (Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу АҚШ ұлттық басқармасы) агенттігінің жоғарыдағы деректерді теріске шығарғандығы жөнінде «Жас Алаш» газетінің (№13) Ақпан айындағы санында жарияланған болатын. Ол жерде «НАСА» агенттiктiң Астробиология институтының ғылыми қызметкерi Дэвид Моррисон жоғарыдағы айтылған Майя тайпасының күнтізбесін тек уақыт үшін ғана жасалғандығын, оның ақырзаманға еш қатысы жоқтығын айтып, «жұрт айтып жүргендей, 2012 жылы ешқандай “ғаламшарлар парады” болмайды» – дейді. Ал, Нибиру ғалам шарына байланысты пікірі мынадай:
«Нибиру деген сөз вавилон астрологтарының жазбаларында да кездеседi. Зерттеушiлер оны вавилондықтар құдай деп таныған Мадукпен тығыз байланыстырады. “Энума элиш” атты бұл жазба бiздiң жыл санауымыздан 668-627 жылдардың аралығында жазылған. Дэвид Моррисон шумерлердiң астрономияда жеткен жетiстiктерiне күмәнмен қарайды. “Шумерлер Нептун, Уран және Плутон туралы ештеңе де бiлген жоқ. Олар ғаламшарлардың Күндi айналып қозғалатынынан да бейхабар болған”, – дейдi ол.
1983 жылдары бұқаралық ақпарат құралдары “НАСА Күн жүйесiндегi 10-ғаламшарды тапты, оны “Икс” ғаламшар деп белгiлеп, артынша Зена немесе Эрида деп атамақ болған. “Бұл атышулы Нибиру емес пе?” деген сауал туатыны заңдылық. Бұл оқиға шындығында былай болған: 1983 жылы НАСА IRAS деп аталатын аппаратты ғарышқа ұшырған. Ол 350-ден аса инфрақызыл сәулелер көзiн тапқан. 10-ғаламшар туралы сыбыс 1984 жылы тарайды. Сол кезде кейбiр ғылыми басылымдар IRAS тапқан нысандар ғылыми классификацияға жатпайтынын, оның бiзге беймәлiм ғаламшар болуы мүмкiн екенiн жазған. Алайда кейiннен Жерде және ғарышта ұзақ уақыт бойы жүргiзiлген ғылыми зерттеулер ол нысандардың өте алыс қашықтықта орналасқан галактикалар екенiн анықтады. Эридаға келсек, ол – Күн жүйесiнiң шетiндегi құртақандай ғаламшар. Көлемi Айдан да кiшi. Өзiнiң қалыптасқан орбитасы бар. Сондықтан Эрида Жерге 4 миллиард мильден артық жақындамақ емес. “Жалпы алғанда, Нибиру – ойдан шығарылған нәрсе. Қазiргi заманда астрофизиканың жақсы дамығанын ескерсек, Күн жүйесiнде “көрiнбейтiн” немесе “ашылмаған” 10-ғаламшардың болуы мүмкiн емес”, – дейдi америкалық ғалым.
Нибиру туралы аңызға ғылыми реңк беретiн тағы бiр жайт – Google Sky және Microsoft Telescope бағдарламасы ұсынған ғарыштың картасында, яғни жерден қарағандағы толық көрiнiсiнде қараңғы аймақ бар. Нибиру осы түнектiң артында жасырынуы ықтимал делiнедi. НАСА қызметкерi ол аймақта Нибирудiң жасырынуы мүмкiн емес деп есептейдi. Себебi, осы түнек 2007-2008 жылдың қыс мезгiлiнде Жер шарының әр нүктесiнен зерттелген. Шын мәнiнде, ғарышта мұндай қараңғы аймақ жоқ, ол картаға компьютердiң қателiгiнен пайда болған. Жақында бұл кемшiлiк түзетiлуге тиiс» – деп ақырзаман болады деген сөзді жоққа шығаруда.
2012 жылы ақырзаман болады деген сандырақтың қате екеніне жоғарыда келтірген Құран аятының өзі толық жеткілікті. Дегенмен ғалымдардың жоққа шығарған пікірдерінде келтіріп өттік. Бірақ, әрбір ақыл иесі ойлап қарар болса сол деректерді қате пікір екенін анық аңғарады. Осыдан бірнеше жыл бұрын «ойбай 2000-шы жылы ақыр заман болады-мыс» деп, одан болмай 2002 жылға көшкен болатын. Биыл 2010 жылға аман есен жеттік. Ал, бос сандырақ, болады деп сөз шығарғандарға абыройсыздықтан басқа ештеңе алып келген жоқ. Енді жоғарыдағы деректерге көз салыңыз, 2012 жылы былай тұрсын 2014, 2018, 2019 тіпті 2036 жылдан ары деп көрсетілген бірнеше деректер бар. Бұдан адамзат баласы қанша зерттеп бүкіл өмірін сол жолда сарп етсе де ақырзаманның қай күні екенін дәлірек айталмайтынына көз жеткіземіз.
Ендеше Абай атамыз айтқандай: «Аллаһтың өзі де рас, сөзі де рас» – деп Құранда айтылғандай ақыр заманның қай күні боларын тек барлығын жаратушы Жаппар Ие ғана біледі.
Жеңіс Әбибуллаұлы,
Исламтанушы.


Сонда акыры заман 2035 жылы болганыма сонда?
Жоқ, сіз мақаланың мәнін ұғалмапсыз! Ғалымдардың пікірі ол, әртүрлі жылдарды айтып сандырақтап жүрген. Ал, қашан қай жылы болатындығын бір Аллаһтан басқа ешкімде білмейді.
2012 жылы ақыр заман болады деп жұрт айтып жатыр,оның бетін қалай қайтаруға болады?
Ғалымдардың барлығы болжам айтатындай тәуіп емес ғой, мумкін олар қателескен шығар. Бірақ қазір бар нәрсе,ертең жоқ дейді ғой. Ақыр заман болды дегенге сену сенбеу екі талай оны бир Алланың өзі біледі.Барлығы Алланың қолында.
Aқырзаманның болатыны әрине бүкіл әлемді жаратушы АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ғана аян! Уақытымызды бос дәлеледерді талқылаумен емес,пайдалы істермен айналысуға жұмсасақ ігі еді. Өлмейтіндей болып бұл дүние үшін, ертен өлетіндей ақырет үшін жұмыс жасайық,бауырлар!!!
Сіздің сөзіңізбен келісемін… Сол жаман нәрсенің боларын, болмасын дәлелдеп, әуре болып, оған қоса адамзат баласына моральды тұрғыдан зақым тигізгенше, жан-жағындағыларға аз да болса пайдасын тигізіп, Аллаһ ризашылығына бөленбейді ме екен..
Алда қандай жаңалық күтіп тұрғаны тек Жаратушы иемізге ғана аян! Демек, тіршіліктің пайда болған уақытынан бұрын жазылып қойған нәрсені дәлелдеп берем дегендері үлкен қателік пе, алде уақытты босқа жоғалтқандары ма?
Құдайым жаманшылықтың бетін ары қылсын деп тілейік…
Дегенмен де осындай жағдай болып, Алла алдына барғанда, әрбір жасаған әрекетің, әрбір істеген ісің мен әрбір айтқан сөздеріңізге толық жауап беруге дайынсыздар ма???
Сол себепті қазірден барға қанағат, сүргеніңізге шүкіршілік етіп, шарасызға көмек, ақылсызға жол сілтеп, қашан да құдайды естен шығармай құдайға құлшылық етіп жүргейсіздер, замандастар!!!
Құрметті мұсылман бауырлар Ақырзаман белгісі әлемдердің Раббысы бір АЛЛА Тағалаға тән,Сондықтан Әр бос сөзге,газет-журналдар мен фильмдерге мән бермесеңіздерде болады. АЛЛАХ баршамызға имандалық берсін!!!
Ассаламу ъалайкум, мусылман бауырлар! Киямет сiздерге ойыншык емес! Бугiн, ертен?! Олай емес! Оны букiл алемдердiн Раббысы Аллаh бiледi. Куранда:”Жаратушы бiлмей ме?” “Ол ар нарсенi толык бiлушi” деген! Оны тек Аллаh бiледi. Бiз ол кунге камданайык! Кияметтi жан-танiмiзбен тусiне бiлейiк. ОЛ КУН ОЙЫНШЫК ЕМЕС!!! ол кунi ар кiм оз басымен алек болады! Аллаh сiздерге пайдалы бiлiм, мыкты иман насiп етсiн!
Assalaumagalikum sizderdin aithandarinzga hosilam bri tek bir Allanin holinda goi menin de suragm bar men ozim mongoliada omir surem bul jerdeg mongoldar musinbeid bularga kalaitusindruge bolad szderden osini suraim menin suragima jauap berer dep kutem
Уа алайкум ассалам, Лаура ханым!
Аллаһ сіздің жүрегіңізді ашып қойған екен сіз түсіндіңіз. Алайда, қанша біз тырысқанмен Аллаһ тағала олардың (түсінбейтіндердің) көздерін ашпайынша олар түсіне алмайды. Бұл дүниеге келген мақсатын білмей, соңғы кітап Құран Кәрімге нанбайтын болса онда ол кісілер қараңғылықта деген сөз. Ақиқатты мойындамағаннан кейін, Аллаһ тағала шындықтарғада қараңғылық түсіріп қойып, ниеттеріне байланысты жәй бір маңызы жоқ нарселермен әуре қылып қояды. Сондықтан біздікі бір айтып көз жеткізулеріне тырысу, ал натиже Аллаһтан болады.
Мақаладағыдай, айтып түсіндіріп көруіңізге болады. Ғалымдар болады деп болжады дегенге сенер болса, онда ол болжам ғана расында олай емес екендігін айткан ғалымдар да бар ғой. Міне сол ғалымдардың сөздеріне сүйеніп көріңіз.
Админ және автор.
Бари тек бир Аллага гана аян, Алла тагала ози 18 мын галамды жаратты, жане де ози биледи кашан, калай боларын. АЛЛАГА гана сенин!!!!
Ассалам барйне!бул рас,отиригин айтатын ангиме емес!ешкашанда айтпандар!ЖАРАТУШЫ ТУРГАНДА ЖАРАТЫЛГАННАН НЕ СУРАЙСЫН?АР СОЗДИ ДУРЫС АЙТЫНДАР.АЛЛАХТЫН ЕСИМИН ДУРЫС ЖАЗЫНДАР,ЖАНЕ ЕШКИМНИН ЕШКАНДАЙ БОЛЖАМДАРЫНА СЕНБЕНДЕР канша жерден акылы артык галым болмак тугил тауипкеде!бул улкен куна Ширк ке жатады!АЛЛАХ СЕНДЕРГЕ КЕлип айттымане есйктеринди кагып?тустерине аян бердиме?ондай ангименй койындар!бари бир жаратушымнын колында.оны блем деп тырыспандар ешкашан!
Менын ойымша акыр заман жаймендеп болып жатыр, Ойткены кей жерлерды су алып жатыр, кей жерлерде жер сілкіністері болып жатыр,т.б.апаттар болып жатыр, каншама адамдар каза болып жатыр
Мақала жақсы екен. Ал мазмұны бір журналисттің кезекті бір тақырыбы. Тілі жақсы екен…
Assalaumagalikum , Барі бір алланын колында ешкім аита алмаиды болама болмаима аргімнін аитканына сене бермиік!!!!
АЛЛА баринизге жар болсын! 2012-ден де отермиз кулип.Сол акырзаман 2012 жылы болмайды.Менин ойымша Солт.пол. ерігіннен сон акырзаман сол болады.Али ертерек
korikpan ewkawan akir zaman bolmaidi ol alla tagalanin kolinda bir allaga siinip jurik dostar
2012ке мен сенбеим хрестяндар оздери есептеп шыгарып 2012де акырзаман болатдеген оны б1рак б1р АЛЛА б1лед1.АЛЛА жар болсын.
Ақырет куні болады.Ол кашан,кай уакытта,кай күні болатыны тек Аллаһ Тағалаға малім.
Барлығы да дұрыс, бірақ мынаған назар аударыңыздар, жұма күні болады деп белгіленген болса, Мая тайпасының айтуы бойынша 2012 жылдың 21 желтоқсанында ақырзаман болады делінген, енді қараңыздар 21.12.2012 – бұл күн тап жұмаға тіріліп тұр!!!
Мая тайпасының кунтізбесі бойынша сол кунге емес жай бір жума куніне тура келіп отыр. Сондыктна кай жума екенін Аллаһтан басқа ешкімде білмейді. Тіпті Пайғамбарымыз Аллаһтың елшсі білмеген болса мая тайпасы қайдан білмек?!
2012 жылға 1 жыл қалды. Өмірде көрмеген білмегендер көп. Айтарым қыздарға тұрмысқа шықпай қоя тұрындар жігіттермен жүріндер, қыдырындар ешнәрседен қорықпай СЕКСТІҢ рахатын көріндер, неше түрлі позада. анаша тартпағандарын оныда көріндер корочи істеме ұят болады, жаман болады дегендердің бәрін істеңдер. Бәрібір өлесіңдер! Жігіттерге де айтарым осы. Аа-а ұмытып барам, сақтануды ұмытпандар кім біледі АҚЫРЗАМАН болмай қалса……
Ассаламу алайкум! Құрметті мұсылман бауырлар! Барлық мадақ – мақтаулар бүкіл әлемдердің Раббысы болған Аллаһ Тағалаға тән! Біріншіден айтарым Галия Тастамбекова әпкемізге айтар едім. Сіздің мына айтылған сөздеріңізден адам жеркенішті сөздер! Сіз біреуге тұрмысқа шықпауына рұқсат бере алмайсыз, екіншіден бұл тағдырдың еншісінде бар нәрсе. Бұл Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у.)-ның сүннеті Құранда және қаншама хадисте келген. Галия әпкеме айтарым бұндай ислами саиттарга сондай ұятсыз болған сөздеріңізді жазбауға мұсылмандар тарапынан өтінеміз. Бұл не деген масқара! Қандай тәрбие, бұл сөздерді ата – анаңыз оқыса не дейді. Кешірім сұраймын артық айтсам.
Мен Алланың құлымын! Сондықтан ақиқатты әр бір мұсылман баласы, қандайда болмасын әділдікке, шыншылдыққа, имани тәрбиеде өз ойын білдірсе деймін. Галия апкемнің айтқанының өзі ақырзаманның белгілерінен ғой! Мұсылман бауырлар бір ауыз насихат айтыңыздаршы! Бұл Әпкемізге! Егер қандасымыз адасу үстінде! Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты: “Қиямет күні сондай бұзақылық болады. Көшелерде ер бала қыз бала мен зинастық қылып жатқанын көресің” – дейді. Қандас бауырларымыз сондайды тілеп жатса…… онда ….. ертеңгі келер ұрпағымызға қандай тәрбие бергеніміз! Кешірім сұраймын!
Ассаламу алейкум уа рахматуллаһхи уа барахатуху барша жамагат! Дурыс айтасыз. Аллаһ Тағала өзі кешірсін бул “әпкемізді”.
Ассаламу алейкум уа рахматуллаһхи уа барахатуху!
Бисмиллах! Кешірімдіде Рахымды болған Аллахтын атымен сураймын! Аасып журген бауырларымызға (хидаят) тура жол берсин! Амин!
Ассаламу алейкум уа рахматуллаһхи уа барахатуху!
Бисмиллах! Кешірімдіде Рахымды болған Аллахтын атымен сураймын! Адасып журген бауырларымызға (хидаят) тура жол берсин! Амин!
Ассаламагалейкум мұсылман бауырлар! Барлық мадақ-мақтаулар жаратушы Раббым АЛЛАға ғана тән және АЛЛАға ғана лайық! Он сегіз мың ғаламды жаратушы АЛЛА ТАҒАЛА, бұл дүниеде АЛЛА қаламаса бір нейтрон, бір протон өз екрімен қозғалмайды немесе бір қылшық шаш өз еркімен түспейді, сондықтан да бауырлар біреулердің айтқан былжырағына сенбеңдер тек бір жаратушы АЛЛАға ғана сеніңдер және серік қоспаңдар бәрі ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ АЛЛАҒА ғана сеніңдер. Мына сайттың админдеріне айтарым осы сайтта жария ететін хаттарды бір қарап шықсаңыздар екен деп өтінемін өйткені бұл жерде АЛЛАның аты жазылған және хадистер келтірілген т.б. Ғалия сияқты әпкелеріміз көп қой өмірден адасып жүрген. Артық айтсам АЛЛА кешірсін!
Жалпы мұның барлығы болжам ғана. Ал, ақырзаманның қашан болатындығын әлемді жаратып, тағдырын жазып қойған Аллаһ тағала ғана біледі.
ажал кай жерде болсын алып кетет,буган бас катырмандар
Ассалаумагалейкум! Менин ойымша Акырзаман болады! Буган себеп коп!