Ислам және білім

Ислам діні келерден бұрын діндер мен білім арасында жақсы байланыс болған жоқ. Білім мен діндер арасы алыстап тұрды және ол христиан діні мен яһуди діндері арасында да болды. Сол діндар адамдардың білімге, ғылымға қарсы келулерінің негізгі бір себебі, ол діндар адамдардың өз мансаптарынан айырылып қалудан қорқулары еді. Олар дін мен ғылым арасында қарама қайшылық бар деп түсінді. Сондықтан олар көптеген ғұламаларға өздерінің бекітілген ғылыми көзқарастарынан қайтуларын талап етіп мәжбүрледі. Ғұламалардан қалған көптеген кітаптарды өртеп жіберді, ал, білімді ғұлама адамдарды өлтіріп отырды. Тарихта білім мен білімділерге істелген дұшпандық тіпті сақталып та қалған.
Ислам діні келгенде бірінші күннен бастап білім мен білімділерді құрметтейтінін түсіндірді. Пайғамбарымызға (с.а.с.) түскен ең бірінші аят «оқы» болған еді. Ал, оқу – білім алудың және танудың бір жолы. Алдыңғы аяттарда: «оқы» екі рет айтылған, білім мен қалам туралы да айтылған, оны Аллаһ Та’ала былай баяндайды:
اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ خَلَقَ الْإِنسَانَ مِنْ عَلَقٍ اقْرَأْ وَرَبُّكَ الْأَكْرَمُ الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ عَلَّمَ الْإِنسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ
«Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен, Ол адамды бір тамшы судан жаратты. Оқы! Раббың аса ардақты. Адамды қаламмен үйреткен Ол адамға білмеген нәрсесін үйреткен». («Ъалақ» сүресі, 1-5 аяттар).
Міне, осындай аз сөйлемде оқу екі рет, білім екі рет, және қалам бір рет айтылған. Бұл білімнің дәрежесі мен оның құралдарын нұсқайды. Құранда тағы «қалам» деген атпен толық бір сүре түскен. Қалам – ол білімнің және білім үйренудің бір құралы болып табылады. Аллаһ Та’ала бұл сүренің басында қаламмен жазумен серт еткен. Аллаһ Та’ала айтады:
ن وَالْقَلَمِ وَمَا يَسْطُرُونَ
«Нун. Қалам және оның жазған нәрселеріне серт» («Қалам» сүресі, 1аят).
«Нун» – бұл араб әріптерінің бірі. Ал, «қалам» – жазудың құралы, ал қаламмен жазылған жазу ол білім болып табылады. Ал, Аллаһ Та’ала осы нәрселермен серт еткен болса, онда бұл істердің ұлы екенін білдіреді. Өйткені, серт ету сапалы, маңызды затқа ғана жасалады.
Пайғамбарымыз (с.а.с) мұсылмандарға білімді қайдан болса да іздеулерін әмір еткен. Шынында кім білім іздеп жолға шықса, Аллаһ Таъала жәннатқа бару жолын жеңілдетеді және Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді:
«Періштелер білім іздеушінің астына қанаттарын оның ісіне риза болған күйде жаяды» және тағы былай деген: «Күнде күн шығыстан шыққанда, мен Аллаһқа жақындатыламын, бірақ мен жаңа білім қоспасам осы күннің шығуы маған берекелі (жақсы) болмайды».
Ислам діні мұсылманға білім талабында ынталы болуды бұйырады, және күнде білімінің көбейіп тұруын қадағалауын да бұйырады. Ал, білімнің маңыздылығы жайында Муаз ибн Жабал (р.а.) былай дейді: «Білімді үйреніңдер, расында Аллаһ үшін үйрену, ол – оған бағынушылық, оны қайталау – таспих, оны үйрететіндер үшін үйрету – садақа және оны іздеу – жиһад және ол бөтен жерде дос, жолдас, тірлікте ол арқылы Аллаһты таниды және Оған құлшылық етеді».
Ғұламаларға келетін болсақ, Аллаһ Та’ала оларды пайғамбарлардан кейін адамдар арасында жоғары мәртебелі қылды. Пайғамбарымыз (с.а.с) былай деп айтты: «Ғұламалар – пайғамбарлардың мирасқорлары» және Аллаһ Та’ала:
قل هل يستوي الذين يعلمون والذين لا يعلمون
«Айт, білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?». «Яғни, білімділер мен білімсіздер тең болмайды, ол білімділер басқалардан абзалырақ» дейді. Аллаһ Та’ала және былай дейді:
يرفع الله الذين آمنوا منكم والذين أوتوا العلم درجات “
«Әй, иман келтіргендер! Сендерге жиналыста: «Орын беріңдер» делінсе, ашылыңдар. Аллаһ та сендерге кеңшілік етеді. Ал және: «Тарқаңдар» делінсе, дереу тарқаңдар. Аллаһ Та’ала сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді. Істегендеріңді толық біледі». («Мүжадәле» сүресі, 11 -аят).
Білімділер – Аллаһты таныған адамдар және олардың көбі Аллаһтан шынайы қорқушы болады. Аллаһ Та’ала айтады:
إنما يخشى الله من عباده العلماء
«Аллаһтан шынайы қорқатын құлдары, ол – білімділер».
Ал, егер бұл білім мен білімділердің деңгейі Исламда осындай болса, онда есіңде болсын, Ислам разы болған білім қайсы деп сұрақ қоймауыңыз керек! Ислам діні тек өзін ғана білім деп дәріптеді ме?
Расында да адамзатқа қайсы бір білім пайдалы болса, адамның дамуына көмек берсе, ол – Ислам бойынша пайдалы білім. Діни біліммен дүниелік білім арасын мүлдем бөлген жоқ және мұсылмандардың тек діни біліммен шектеліп, сонымен Аллаһтың ризашылығына бөленулерін үміт ету ақылсыздық болар. Ал, егер адамның өміріне, тіршілігіне, ой-сананың дамуына көмек беретін білім – пайдалы білімдер, яғни, мұндай білімге Ислам діні разы болған және оны мақұл көрген. Алғашқы мұсылмандардың білімділері медицинада, фармацевтикада, химияда және математикада, астрономияда, пәлсапада және басқа салаларда танымал және шебер болған.
Діни және дүниеуй білімдері бар мұсылман ғалымдарының есімдері тарихта сақталып қалған. Жабир ибн Хаян. ол – «химияның атасы» атымен әйгілі болған. Рози – дәрігер және фармацевт. Хасан ибн Хайсам физика саласының ғалымы, Хорезми – математика саласының ғалымы. Ибн Сина дәрігер және философ, Әл-Фараби философ, Ибн Рушд және басқа да көптеген ғұламалар болған.
Ал, крест жорықшылары мұсылмандар қаласына келгенде, жоғарыда аталған бұл ғалымдардың еңбектерінен пайда алды және соған негізделді.
Міне, осы жерден біз Исламның білім мен діндер арасында болған проблемаларды шешкенін көреміз және ол пайдалы білім алуын мақұл көрді. Алғашқы мұсылмандар адамзаттың жоғары өркениеке жетуі үшін өз үлестерін қосты. Мұсылмандар дәулетті, мәдениетті мұнараға айналған еді. Еш қорқынышсыз қалаған ілімдермен айналысуға барлығы ел кезіп кеткен және Бағдат, Қуртуба сияқты басқа да Ислами қалалар әрі ғылыми, әрі мәдени орталықтар болған. Ол жерлерге барлық жерден білім алушылар баратын. Міне, Ислам діні білімді құрметтеп, жоғары дәрежеге көтерген және барлық адамзатты осы білімге шақырады.


Где тут регистрация не пойму