“Әлем тілдері & Lisanul-alam” – Тіл үйрету орталығы ашылды
- Дүйсенбі , 18 Қаңтар 2010, 0:15
- Жаңалықтар
- 501 рет оқылды
- Пікір жазылмаған
Сіздерге “Әлем тілдері & Lisanul-alam” тіл үйрету орталығы ашылғандығын хабардар етеміз. Бұл тіл үйрету орталығы дініміз Исламның қайнар бұлағы Құран тілін (классикалық араб тілін) сапалы түрде үйретуді мақсат етеді. Араб тілін үйренуге ниет білдірушілер тілді білу деңгейіне байланысты арнайы топтарда оқытылады. “Әлем тілдері & Lisanul-alam” тіл үйрету орталығы мына төмендегі деңгейлер бойынша араб тілін тереңдетіп оқытады.
- А (А1, А2) – Бастауыш деңгей;
- В (В1, В2) – орта деңгей;
- С (С1, С2) – жоғары деңгей.
Әрбір деңгейді толығымен оқып бітірген соң емтихан негізінде деңгейді бітіргендігі жайында шәһада (кәлік) беріледі. Бұл куәлік Египет, Сирия, БАӘ (Эмират) сияқты араб елдеріндегі белгілі тіл үйрету курстарында жарамды болып табылады.
Сондай-ақ “Әлем тілдері & Lisanul-alam” тіл үйрету орталығында араб елдерінен келген азаматтарға қазақ, орыс тілдерін үйрету мәселесі де қарастырылған. Дәріс беру қажетіне сай арнайы (жеке) жүргізіледі.
Араб тілімен қатар парсы, түрік, қытай, кәріс тілдерін де үйрету жоспарланып отыр.
Сабақ ақылы түрде аптасына екі не үш күн талапкерлерге ыңғайлы уақыттарда жүргізіледі.
1 сағаты – 500 тг. (Айына 7000 тг.)
Студенттер мен зейнеткерлерге және жағдайы нашарлау жандарға арнайы жеңілдік бар.
Әйел кісілер (қыздар) арнайы топтарда оқу мүмкіндігі де қарастырылған.
——
Мекен жайы мен мына мәліметтерге хабарласуыңызға болады:
Алматы қаласы, Абай даңғылы, Гагарин көшесінің қиылысы, “Баспалар үйі” ғимараты, 422 – кеңсе.
Тел.: 317 22 83, 227 18 23
Ұялы. тел.: 8 777 805 79 78



