Бүгін “Ескі жаңа жыл”…
- Сәрсенбі , 13 Қаңтар 2010, 13:15
- Жаңалықтар
- 403 рет оқылды
- Пікір жазылмаған
Ассаламу алайкум, ардақты ағайын!
Бүгін міне 2010 жылдың әні-міне дегенше 13-жұлдызына да жетіп келдік. Аллаһқа осы күнге дейін аман-есен жүргенімізге сансыз шүкірлер айталық. Дегенмен біз үшін күндердің барлығы бірдей-ай.
Бірақ осы Қаңтардың 13 – жұлдызын күткендерде аз емес көрінеді. Осыдан бір апта бұрын көше бойынан бір такс ұстап, барар жерімді айтып, бағасын келісіп жанына отырдым. Жол бойы қақтығысқа ұшыраған көліктер, ауа-райы т.б тақырыптарда әңгімелесіп бара бердік. Бірде кенеттен “ауа-райы осылай жылы болып тұра берсе екен 13 – қаңтарға дейін, Ескі жаңа жылыды аман өткізіп алсақ” – деп қойп қалды.
Сол кезде түсетін жергеде таяп қалған едік. Кішкене Мұсылманың жаңа жылы өтіп кетті, ең үлкен Құрбан айт мерекемізде өтіп кетті, дәстүрімізде Наурыз мейрамы бар делік мұның керегі не деп, - дұрыс жауап алалмадым. Қазір күнтізбеге қарап отырсам сол кісі секілді көптен күткен күндері келіпте қалған екен. Мақсаттары осыдан 13 күн бұрын күнтізбедегі күндер 2009ж дан 2010 жылға ауысып кеткен 2009 жылды шығарып салу екен. Бірақ әңгіме арасында ұққаным шығарып салуды сылтауратып көңіл көтеріп отыру мен ертесіне бас жазумен әлектену ғана.
Көңіл көтеруге уақыт табылып жатса, таксилетіп бала-шағасын асырау үшін күнімен жүріп тапқан ақшасын бүгін емес бала-шағасын бақшаларға апарып ойнатып отбасымен көңіл көтергенді дұрыс санаса шіркін. Көп шығындармен, сұмдықтар болмас па еді. Бұлай деуімнің себебін кешегі 31 – желтоқсандағы оқиғалар ақ айқындап тұрғандай.
——————–
Жаңалықтар фабрикасының төмендегі хабарламасын оқып көрелік:
Жаңа Жыл түні…
Ішімдікке үйір азаматтардың қатары әлі азаяр емес. Бұл деректі жедел жәрдем дәрігерлері растап отыр. Жаңа жыл түні осы қызметке басы ауырып, балтыры сыздаған жандардан 400-ден астам шақырту келіп түсіпті. Айта кетелік, осы суыт қоңыраудың жүзден астамы – отты суды мөлшерден көп ішіп қойып, жағдайы жайсыз болған азаматтар.
Бір өкініштісі, ащы суға ашқарақтық танытқан бір азамат көз жұмыпты. Мас күйінде көшеде жүріп, тоңып, домбыққанын байқамай қалғандар да жедел жәрдем көмегіне жүгінеді екен. Келесі сюжетімізде толығырақ…
Мереке күндері дәрігер көмегіне зәру осындай суыт қоңыраулар саны 400-ден асыпты. Көбісі – жүрек-қан тамыры ауруына шалдыққан азаматтар. Керекті мекен-жайды тез табу оңай іс емес. Толассыз көлік кептелістері мен қардан тазартылмаған көшелер – шектеулі уақыттың соры. Жаңадан салынған ықшамаудандардан жөн табу қиынның қиыны дейді жедел жәрдем жүргізушілері.
Юрий Бакалдин
ТИТР: жедел жәрдем жүргізушісі
- Суыт қоңырауға асығып бара жатқанда жол беріп, ілгері өткізіп жіберетін жүргізушілер қазір жоқтың қасы. Тәжірибелі жүргізушілер ізет көрсетсе де, әдепсіздік танытқан жастар әдейі қосып қойған жарық белгілеріне де елең етпейді. Жаңадан салынған үйлердің аулалары автотұраққа айналған, біреудің көлігін түйіп кетем бе деп қорқып, жүйкеміз жұқарды. Тиісті мекенге тез жетпесек, науқастың халі қиындай түсері анық. Осы жағдайды жүргізушілер қаперге алса екен.))
Ауа райының күрт құбылғанын аға буын ауыр қабылдайды. Осындай суыт қоңыраулардың көбісі қариялар мен баласы сырқат ата-аналардан келіп түседі. Дәрігер көмегіне мұқтаж болған мына азаматтың қан қысымы ине шаншығаннан кейін араға минуттар салып, қайта қалпына келді.
Жаңа жыл түні қашан да қарбаласқа толы. Ішімдікті мөлшерден тыс асыра сілтегендер амалсыздан дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Мереке күндері тәулігіне 400-ден астам қоңырау түссе, соның жүзден астамы – ащы суды шектен тыс ұрттаған азаматтардан екен. Осындай ашкөздіктің кесірінен мереке түні бір азаматтың өмірі қиылыпты. Дегенмен, қоңырау жиілейтін кез – жұрт жұмыстан қайтар уақыт.
Айман Сариева
димспетчер
- Кеште және түсте көп шақырту болады бізде.))
Айман Сариеваның жедел жәрдем қызметінде істегеніне 35 жылдан асыпты. Осы уақыт ішінде ол қабылдаған суыт қоңыраулар қатары миллионнан асады. Бірақ, осыдан он жыл бұрын өзі жолдаған жедел жәрдем бригадасы бастан өткерген қайғылы жағдай естен кетпейді.
Айман Сариева
димспетчер
- Жігітті есікті ашып, ішке кіргізген де, пышақты кеудесіне бойлата сұғып, кері шығарып жіберген. Жаңа келген еді медучилище бітіріп, қайтыс болды ақыры есін жимай…))
Қазір жедел жәрдем стансасында бас-аяғы 19 арнайы көлік бар екен. Қала мен шаһар іргесіндегі елді мекен тұрғындарына көмекке аттанатын да осылар. Егер тәулігіне 400-ге тарта қоңырау түсетінін ескерсек, 19 көлікті әлі біраз уақыт күте тұруға тура келетін түрі бар.
——————–
(Қазық, бүгін де, Аязата келе ме екен…?!)
Міне бұл анық деректер ғана, ал анықталмағандары қаншама. Сол түні неше түрлі сұмдықтар болып соттасып жатқандары қаншама деген жағымсыз жайттарды естігенде Исламның даналық дін екендігін ескеріп тағыда бір Аллаһты ұлықтауға құмартып тұрады екенсің. Аллаһ ондай апат-жағымсыз жайттардан сақтап, өзінің сүйікті иманды құлдарынан етсін.
—
Жеңіс Әбибуллаұлы,
Исламтанушы



