МҰСЫЛМАН ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ АЛАР ОРНЫ

Pics.kz

Арабтар Исламнан бұрын өмір сүрген надандық дәуірінде әйел затын қорлап, кемсітіп қарайтын. Қыз баланың дұниеге келуін қорлық санайтын. Тіпті оларды тірідей жерге көміп тастаудан да тайынбайтын. Әйел адамды әке-шешесінен қалған мұрадан мақрұм ететін. Оларға өз ұяестерін бермейтін. Бұларға қоса оларға басқа да неше тұрлі зұяымдһщтар жасайтын. Мұндай бейберекетсіздік тек арабтарға ғана тән емес. Олардан басқа халықтардың да көпшілігі әйел затына осындай не осыған ұқсас қиянат көрсететін.

Ислам діні өз нұрымен әйел затының құқығын өзіне қайтарды. Оны сан жылдар бойы құрсаған зұяымдық шырмауынан біржолата құтқарды. Оның беделін көтеріп, отбасындағы және қоғамдағы орнын белгіледі. Абыройын қорғайтын құқықтар мен міндеттерді сыйлады. Атқаратын қызметі мен ар-намысын қорғаудың жолын үйретті.

Әйелдің құқықтары:
1. Ислам – адамгершілікті дін туын көтере отырып, ер мен әйел арасындағы теңдікті жариялады. Шын мәнінде әйел еркектің бір бөлігі болып саналды. «Әй, адамдар! Сендерді бір адамнаи жаратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Әрі одан жұбайын жаратып, ол екеуінен қыруар еркектер мен әйелдерді таратты», -дейді Аллаһ тағала.

Аллаһ тағала жақсы істер үшін сауапты тек ер кісілерге ғана емес, әйелдерге де жазады. «Салиқалы істерді қылушылар, еркек болсын, әйел болсын, бірақ иман келтірсе ғана, жәннатқа кіреді. Әрі оларға тозаң-дай да зұлымдық жасалмайды»,204-делінген Құранда.

2. Ислам қыз баланы тірідей көму үрдісінің тұбіне балта шауып, оған қатаң тұрде тыйым салды. Күйеуге тек өз ризашылығымен ғана әрі өз таңдауымен ғана тұрмысқа шығу құқығын сыйлады. Әйелдің сөзі мен тұрмыс құруға деген көзқарасы ескерілетін дәрежеге ие болды. Қыз бала ардақты болып өсіп жетілуі үшін Ислам оның тәлімі мен тәрбиесіне көңіл бөлді. Пайғамбарымыз «Екі қызы бар адам, қыздарына әдеп үйретіп, ең жақсы әдеппен тәрбиелеген болса, олар оны оттан қорғайтын перде болады»,-деді. Күйеуге шыққан болса, күйеуіне онымен жақсы қарым-қатынас жүргізуін бүйыр ды. Бұл – Исламның әйел затына деген құрметі. Құранда: «Олармен жақсы қатынаста болыңдар», – деп бұйырылған. Егер әйел ана дәрежесіне жетсе, Ислам жәннатты оның аяғының астында деп тұсіндіреді. Пайғамбарымыз «Жәннат – аналарыңның аяқтарының астында», – дейді. Ислам әйелді асырау мен оны қаржыландыру міндетін күйеуінің мойнына жүктеді. Күйеуі әйелінің материалдық және рухани қажеттіліктеріне шариғаттың шеңберіне сай көңіл бөлуі қажет. Ислам әйелге қалыңдық сыйын иемдену құқығын, мұрагерліктен өз ұяесін иемдену құқығын, сауда-саттықпен айналасу құқығын, келісім-шарттарға отыру құқығын, меншік иесі болу құқығын берді. Күйеуі әйелінің қамқоршысы болғандықтан, оның білімінің, ақыл-ойының, құлшылығының, жүріс-тұрысының, туған-туыстарымен қатынасының, мінез-құлығының, көрші әйелдермен араласуының Ислам тәлімдеріне сай болуын қадағалауға толық құқылы.

Әйелдің міндеттері:
1. Шариғаттың алдындағы міндеттерін өтеуі қажет.
2. Күйеуіне бағынуы. Пайғамбарымыз с.а.с. «Егермаған бір адамның екінші бір адамға сәжде қылуын бүйыруыма рұқсат берілген болса, сөзсіз мен әйелдің күйеуіне сәжде қылуын бүйырар едім»,-деген.
3. Әйел адам үй-іші мен оның аясында өсіп жатқан балаларының дұрыс тәрбиесі үшін жауапты. Пайғамбарымыз с.а.с. «…әйел – күйеуінің үйі мен баласына қамқоршы…»,-деп ескерткен.

Әйелдің өзіне ғана тән қызметі:
Аллаһ тағала әйелді жұбай әрі ана болатындай табиғатпен жаратты. Оның бойына сағыныш пен аяныш сезімдерін ұялатты. Оған бала тәрбиелеу қабілетін сыйлады. Әйелдің негізгі қызметі – күйеуі үшін оның көзінің қарасындай жұбай болу, балаларына мейірімді ана болу, оларға жақсы тәрбие беру.
Бала тәрбиесі далада немесе балабақшаларда емес, үйдің аясында атқарылады. Бұл маңызды қызметке ана өзіндегінің бәрін салмаса болмайды. Ислам діні бұл үшін әйелге бүкіл мүмкіндікті берді. Күнделікті тіршілікке қажетті қаржы табуды оның мойнынан алып, тұгелімен күйеуіне жүктеді. Сондықтан аса қажетті жағдай болмаса әйел адамның үйден тыс жерде еңбек етіп, өзі мен балалары үшін қаржы табу жолында шаршауға тиіс емес. Ислам оны бұл міндеттен бүтіндей босатқан. Сонымен бірге Ислам негізгі қызметіне берілуі үшін әйелді ер адамға жүктеген міндеттердің көбісінен босатты. Ислам әйел затын үйдің аясына ғана тән болуын қалады. Үйден тек негізгі қызметімен байланысты қажеттіліктер үшін қана шығуына рұқсат етті. Бұл кейбір білместердің ойлағаныдай әйелді кемсіту емес. Керісінше, оның ар-намысы мен абыройын сақтау үшін қажет. Әйел – үйіне тіршілік беретін рух болып саналады. Күйеуі жұмысынан қайтып үйіне кірген кезде жаны жай табады. Балаларына әкелерін шығарып салатын және қарсы алатын көркем сөздерді үйретеді. Үй шаруасымен және бала тәрбиесімен шүғылданады. Аллаһ тағала Құранда: «Үйлеріңде отырыңдар. Исламнан бұрынғы қылықтарыңдай сәнденіп, дене көріктеріңді көрмеге шығарушы болмаңдар», – деп шегелейді.
Қазіргі кездегі Ислами емес, батыстық әдет-ғұрыптары ұстанып отырған қоғамдарда әйелдердің дене көріктерін көзге көрсетіп жүрулері әйелге құмар еркектердің зинақор-лыққа ұрынуына ықпал етуде. Мұсылман әйел бөтен еркектердің көздеріне денесінің көркін көрсетпейді. Ар-аясына ғана тән болуын қалады. Үйден тек негізгі қызметімен байланысты қажеттіліктер үшін қана шығуына рұқсат етті. Бұл кейбір білместердің ойлағаныдай әйелді кемсіту емес. Керісінше, оның ар-намысы мен абыройын сақтау үшін қажет. Әйел – үйіне тіршілік беретін рух208 болып саналады. Күйеуі жұмысынан қайтып үйіне кірген кезде жаны жай табады. Балаларына әкелерін шығарып салатын және қарсы алатын көркем сөздерді үйретеді. Үй шаруасымен және бала тәрбиесімен шүғылданады. Аллаһ тағала Құранда: «Үйлеріңде отырыңдар. Исламнан бұрынғы қылықтарыңдай сәнденіп, дене көріктеріңді көрмеге шығарушы болмаңдар», -деп шегелейді.
Қазіргі кездегі Ислами емес, батыстық әдет-ғұрыптары ұстанып отырған қоғамдарда әйелдердің дене көріктерін көзге көрсетіп жүрулері әйелге құмар еркектердің зинақорлыққа ұрынуына ықпал етуде. Мұсылман әйел бөтен еркектердің көздеріне денесінің көркін көрсетпейді. Ар-намысы мен абыройын сақтайды. Осылайша қоғамдағы әйелқұмарлық дертін жоюға аз да болса өз үлесін қосады. Әйел тәні көркімен уланған еркектер немесе ашық жүруі өзіне әдемі көрінген әйелдер мұсылман әйелді артта қалған деп санайды. Бірақ оның жүрегі иман нүрымен толып, Алладан келген жолдауға мойынсұнып, өзінің ар-намысы мен абыройын қорғап жүргендігінен бейхабар.
Әйелге тән этика
Қоғамның жамандықтардан таза және қауіпсіз болуы үшін әйел әтикасы аса маңызды рөл атқарады. Ол шайтанның құрған тұзағынан әлдеқайда алыс. Әрі еркектердің әйелқұмарлық дерттерінен айығуы үшін Ислам әйелге тән әтика нормаларын белгіледі. Олар:
1. Әйелдің үстіне киген киімі шариғаттың белгілеген талаптарына сай болуы керек. Яғни, киімінде азғыру мен арбау ықпалы болмауы қажет. Ол денесінің көркін күйеуінен басқадан жасырады. Денесін жүртшылық назарына ұсынбайды. Ахзап сүресінің 59 аятында АллаҺ тағала былай деп бұйырады: «Әй Пайгамбар! Жүбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: “Үстеріне бтркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла (Т.) аса жарылқаушы, тым мейірімді». Яғни жабық жүру әйелдерге парыз екені айтылуда.
2. Еркектерді еліктіретіндей ашық-шашық жүруіне болмайды. Сондай-ақ, сөзінде де арбау мен қылымсу болмауы тиіс. Аллаһ тағала Құранда Пайғамбар әйелдеріне: «Әй, пайғамбардың әйелдері! Тақуалық қылсаңдар, сендер басқа әйелдер сияқты емессіңдер. Сөздеріңде қылымсу болмасын, әйтпесе жүрегінде құмарлық дерті бар кісі зауықтанып қалады. Сондықтан қажетті сөзді ғана айтыңдар», – деп қатаң ескерткен.
3. Әйелдің бөтен еркекпен, тіпті болашақ күйеуімін де некесі қиылғанша оңаша қалуына болмайды. Алдау-арбауға ұрынып қалмауы үшін еркектермен араласуына болмайды. Қасында қамқоршы ер адам болмай қалған аса қажеттілік жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Мысалы, дәрігерлік қызметте болса, мүғалима болса, келісім-шартқа отыру кезінде. Сонда да мұндай рұқсат өзіне шариғат қойған әдептілік аясында ғана беріледі.

аударма авторы: Ыхтияр Палтөре


Пікір жазу


© 2010 Ақиқат – Имандылық ауылы Әбу-Ханифа мазхабы бойынша жүргізіледі.
Сайттың көптеген материалдары арнайы дайындалады, сайттан мағлұмат алынса сілтеме көрсетілуі тиіс.
Админмен хабарласу үшін: zheniskaz@gmail.com