“Зекет” қайырымдылық қоры

Pics.kz
Құрметті мұсылмандар, ассаламу алейкум уа рахматуллаһ! Сіздердің көмектеріңіз қажет. Егер Сіздің не көрші үйде көмекке мұқтаж адамдар (барлық талаптарды берік орындайтын мұсылман болуы шарт емес, жалғызбасты зейнеткерлер, қарт адамдар, көпбалалы жұмыссыз әйел адамдар, жағдайы қиын студенттер, зағип жандар) болса, сол адамдарға хабарласуымыз үшін олардың байланыс деректерін, мүмкін болса мекенжайларын берулеріңізді өтінеміз. Сондай-ақ, қала сыртындағы елді мекендердегі ата-аналары жұмыссыз, ал балаларының киім-кешек жоқтығынан мектепке бару мүмкіншілігі жоқ отбасыларды білсеңіздер, бізге хабарласуларыңызды сұраймыз. Әзірге тек Астана қаласында орналасқандықтан, тек Астана қаласы мен төңірегіндегі елді мекендер халқына ғана қол ұшын бере аламыз. Қайда жүрсеңіздер де осы ақпаратты және біздің байланыс деректерімізді әрдайым тарата жүрулеріңізді өтінеміз.

Ұялы тел.: 87022305949,

87003190387,

қалалық: 8(7172) 703028 (жұм). (Астана)


7 пікір. ““Зекет” қайырымдылық қоры” мақаласы үшін

  • Нурболат | 15 Қаңтар, 2010, 10:25

    Өте жақсы бастама екен. Аллах разы болсын. Әрине көмекке мұқтаж, ақшаға зәру азаматтар өте көп. Садақа тек шынайы мұқтаж адамдарға жетсе садақа екен. Көмекке зәру азаматтар Алматыда да көп екенін ескере отырып неге Алматыдада осы игі шараны дамытпасқа. Егер Алматыда ашу барысында біз жақтан көмек керек болса Аллах ырзалығы үшін дайынбыз.

  • Нурбақыт | 15 Қаңтар, 2010, 16:57

    ассалаумағаләйкум , сайыт басшысына: не үшін бұл сайтымыздың намаз уақыты дұрыс жазылмайды?
    ал орысшада дұрыс жазылған?
    Бесін намазының уақыты дұрыс жазылмаған?
    және орысша намаз уақытының 2010 жылдық кестесін табуға болады,ал қазақша болмайды? қазақша намаз уақытын дұрыс жазуларыңызды сұраймын. АЛЛАҺ рза болсын!!
    рахмет!!

  • editor | 17 Қаңтар, 2010, 8:23

    Уа алайкум ассалам!
    Намаз кестесін арнайы сонымен айналысатын кісілер жасағандықтан ол жерге өзгерту қиын. Жане барлық сайттарда да тап осы намаз уақыты қойылған, яғни бірдей. Ал, орысшасы қай жерде дурыс екенінде білмедік, сіз сілтемемен көрсетпепсіз.
    Тағы бір айта кететін жайт, бұл намаз кестесі ҚМДБ-да тіркеліп бекітілген. Муфтият.кз сайтынада кіріп қарасаңыз болады.

  • Нұрбақыт | 19 Қаңтар, 2010, 17:30

    ассалаумағалайкум !!
    мен намаз кестесінің орсша бір жылдық дұрыс кестесін ( http://www.meshit.kz/ru/index.html ) сайтынан көрдім .

  • құсыман | 20 Қаңтар, 2010, 20:45

    ассалаумағалайкум!
    намаз уақыттары хадистерде айқын жазылған . неге сайыттарға дұрыс жазбайды?

  • НУР | 24 Қаңтар, 2010, 16:57

    АССАЛАУМ АЛЕЙКУМ УА РАХМАТУЛЛАҺ,МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАР! Қатты қиналғандықтан зекет беретін бір мұсылман бар ма екен деп Мұсылман сайттарын іздестіріп көріп едім.Уағыз айтушы көп,Алланың ризалығы үшін көмек беретіндер жоқ секілді көрініп қамығып отырғанымда,Сіздердің бастамаларыңызды көріп қуанып қалдым.Алла риза болсын!Қалай айтатынымды білмей қысылып та отырмын.Босанғанымнан соң дәрігердің қателігінен көп қан кетіп,ауыр операция жасады.Аллаға шүкір,көретін жарығым бар екен.Сәбиімізді өсіріп,қалған денсаулықпен жұмыс істеп жүрдім.Бәрі қымбаттап,Біз 1-бөлмелі пәтерді ипотекаға алдық.Пышақ тиген оңай ма,операция жасаған жақтар асқынып,тағы да екі операция жасалды.Жұмыстан шықтым,денсаулық жарамады.Мемлекеттен ешқандай көмек жоқ.Оның үстіне біздің мемлектімізде мүгедектікке шығудың өзі қып-қызыл ақша екен.Бір жылдан асты ипотеканы төлей алмай отырмыз.Бұл біздің басымыздағы жалғыз баспана.Банкке барсақ процентті түсіретін де, жағдайды түсінетін де ешкім жоқ.Проблеамларыңды бізге емес,өкіметке айтыңдар дейді.Біздегі ӨКІМЕТ Құдайды ойласа, халқы осындай қайыршылыққа түсер ме еді?Енді қарыздарыңды жабыңдар немесе сотқа беріп баспананы алып қоямыз деп отыр.Онымен қоймай өткен бағасына сатамыз да,қалғанын мойындарыңа іліп жібереміз дейді.Ай сайынғы 45 000 теңгені төлей алмай отырғанда,Біз 16 000у.е қаржыны қалай,қайдан табатынымызды білмейміз.Осыны көзі шалған шын мұсылмандар болса,зекет беріп көмектессе екен қарыздан құтылуға,БІР АЛЛАНЫҢ ризалығы үшін.Мұсылман бауырына көмектескеннің жәрдемшісі – АЛЛАХ демеуші ме еді?

  • Үміт | 14 Мамыр, 2010, 17:53

    Саламатсыздар ма, сайт иелері!
    Көтерген бастамаларыңыз өте жақсы екен. Басқа амал қалмаған соң интернет арқылы қайырымдылық қорын іздеп отырып сіздердің сайттарыңызға тап болдым. Менің сіңілімнің көзі көптен бері нашар болатын. Күннен күнге нашарлап, қазір 2-топтың мүгедегі болып, жұмысқа жарамай үйде отыр. Көз деген өте нәзік нәрсе ғой, өзі жоғары оқу орнын қызыл дипломға бітірсе де, енді қызмет тұрмақ, қарапайым жұмысқа да жарамай, 30 жасында төрт қабырғаны күзетіп үйде отыр. Көзі болса күннен күнге нашарлап, көру қабілетінің 60 пайызы жарамсыз деген диагноз қойылды. Ресейде көзді емдейтін орталық (ғылыми-зерттеу институты) бар, соған барып емдетге қаражатымыз жетпей жатыр. Кемінде 5000-6000 доллар қаржы кетеді екен. Егер “Зекет” қайырымдылық қорының менің сіңіліме көмектесер мүмкіндігі болса, алғыстан басқа айтарым жоқ. Бірақ біз Алматыда тұрамыз. Алматыға сіздердің көмектеріңіз жете ме, жоқ па білмеймін, дегенмен, “Үмітсіз – шайтанның” керімен осы хатты жазып отырмын. Лайым ниеттеріңіз түзу, берген көмектеріңіз шын мүсәпірлерді таба берсін дп тілеймін.

Пікір жазу


© 2010 Ақиқат – Имандылық ауылы Әбу-Ханифа мазхабы бойынша жүргізіледі.
Сайттың көптеген материалдары арнайы дайындалады, сайттан мағлұмат алынса сілтеме көрсетілуі тиіс.
Админмен хабарласу үшін: zheniskaz@gmail.com