Жоғалтқаның сабақ болсын
- Сенбі , 28 Қараша 2009, 19:23
- Балақай
- 528 рет оқылды
- Пікір жазылмаған

Әкесі Айдарға әдемі бір сағат сатып әкелді. Айдардын қуанышында шек жоқ, өйткені бұл оның ең бірінші сағаты еді. Ол әкесіне рахметін айтты. Енді бар көңілін сағатына аударып, таңдана әкесіне мына сұрақты қойды:
— Әке мұнда неге ең үстінде 1 емес 12 саны орналасқан?
Әкесі мұны ешқашан ойламаған еді, оған бұл сұрақ қызық келді.
— Балам бір күн 24 сағаттан тұрады, сағатта сан тізімінің оңай орналасуы үшін шығар деп жауап қатты әкесі.
Айдар Х м..м. деп ойланып, әкесінен далаға шығып достарымен ойнау үшін рұқсат сұрап үйден шықты.
Ол жап-жаңа сағатын достарына мақтана көрсетті. Ойын ойнап жүріп бір кезде қолында сағатының жоқ екенін байқады. Мұнысын достарына да айтып олармен бірге сағатын іздеді, бірақ таба алмады. Айдар қатты мазасызданып, басын салбыратып үйіне қайтты. Есікті анасы ашып оның көңілсіздігін байқады.
Анасы: —Балам саған не болған? деп сұрады.
Айдар: Анашым әкем бүгін сыйлаған сағатымды жоғалтып алдым деп -жылап жіберді.
Үйге кірісімен терезенің алдына отырып, сағатын қайда түсіріп алғаның қайта-қайта ойлай берді.
Бұл кезде басқа бір үйде Даулет есімді бір бала анашым жап-жаңа бір сағат тауып алдым қарашы деп үйіне ентіге кірді. Анасы оны қайдан тауып алғанын сұрастыра бастады.
Ал Айдардың үйінде әкесі жұмыстан келген болатын. Айдар болған жағдайды әкесіне де айтты.
Әкесі: — Айдар келесі жолы заттарына абай боларсың. Жоғалған сағатының орнына жаңасын алып бере алармыз, бірақ жоғалған уақытыңды орнына келтіре алмайтындығымызды есіңен шығарма. Біз басымызға келген жағдайлардан сабақ алмасақ тағы бір қателік жасаған боламыз. Біздің өміріміз бізге ең үлкен емтихан деп түсіндірді.
Айдар әкесін тыңдап болған соң, енді әр ісіне абай болатындығына сөз беріп ұйықтауға кетті.
Ал Даулеттін үйінде анасы ұлына: — Балам бұл сағатты біреу жоғалтқан, бұны сенің қолдануың дұрыс болмайды. Ертең сенің тауып алған жеріңнен жақын үйден сұрайық, мүмкін иесі табылар деп, ұлын төсегіне жатқызды. Даулет жарайды анашым деп ұйқыға кетті.
Келесі күні Даулет пен анасы Айдарлардың үйінің есігін қақты. Есікті ашқан Айдардың анасына табылған сағат туралы айтты. Айдардың анасы ол менің баламдікі еді деп қатты қуанды, оларға рахметін айтып үйге кіргізді. Даулет Айдарға сағатын тапсырды. Айдар да қуанып оларға рахметін айтты, және кеше түнде әкесінің айтқандары есіне түсіп анасына былай деді:
— Анашым бұл сағатың жоғалуы маған бір дәріс болды, бұл дәрістен мынаны түсіндім: Біреудің затын тауып алғанымызда оны иесін тауып қайтаруымыз керек, жоғалтқан адам да, тауып тапсырған адам да қуансын деді.
Даулет пен анасы бұл сөздерді естіп күлімсіреді.

