Адал жар қандай?

Адам баласын бір тамшы судан жаратып, оларды жұп еткен Аллаһ Тағалаға мадақ!
Әйелдің ең жақсы қасиеті, көркем мінезі мен тақуалығы. Кісінің өзіне өмірлік жар таңдауы дүниедегі аса маңызды іс. Бұған байланысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үмметіне былай насихат еткен: «Әйелді төрт қасиетіне қарап таңдаңыз: малы үшін, ата-тегі үшін, сұлулығы үшін, діні үшін. Соның ішінде ең абзалы – діндар болғаны…». (Әл-Бұхари).
Шынайы сұлулық ер мен әйел арасындағы жұбайлық өмірді қуанышқа бөлейтін, мейірімділік шуағын шашатын мінез жайлылығы мен жүрек тазалығында жатыр. Сондай-ақ бойында сезімталдық қасиеті бар әйел ерінің көңілін қалдыратын сөз бен істен аулақ болып, оны қуантып разы ететін нәрселерді ғана істейді, жанұя жылылығын сақтай біледі. Ерінің алдындағы хақтарын өтеп, ерін разы етеді, жанұя бақытына кенеледі.
Бізге Амр ибн әл-Астан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Әйелдердің ең жақсысы-рақымды, адамгершілігі мол әйел» деген. Тағы бір хадисінде: «Ер адамның ең ұлы қазынасы-ол иманды әйел, ері оған қамқорлық жасағанда, соған орай ол да күйеуін шаттыққа бөлеп, көңілін көтеріп, мерейін өсіреді, ері бұйырғанда, ол оның айтқанын істейді, күйеуі үйде жоқ болған жағдайда оның пайдасын, абыройын қорғайды». (Ибн Аббастан)
Әйелдің еріне бойсұнуы оның кемдігінен немесе ерден төмен болғандығынан емес. Әйелдің еріне бойсұнуы-өзара сыйластықтың, үй-іші, тұрмыс тіршілігіндегі тәртіп пен реттіліктің көрінісі. Әйел де қадір-қасиеті жөнінен ерден еш кем емес .Ер кісі секілді әйел де құрметтеуге, қадірлеуге лайық. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Расында әйелдер- ерлердің сыңарлары»-деген.
Аллаһ Тағала айтты: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның (Аллаһтың) белгілерінен. Күмән жоқ, осыларда ойланған қауым үшін белгілер бар.» («Рұм» сүресі, 21 аят).
Қазақ тарихында адал жардың көрінісін Абай хәкімнің анасы Ұлжан анамыздың бойынан аңғаруға болады. Ол сөз шешендігіне қарамастан Құнанбайдай ел басқарып отырған көсем, сөз ұстап отырған шешенмен жарыса шығуды жөн деп санамай ел ішіндегі беделін асқақтатып отыратын. Енесі Зере әжемізбен де аса ынтымақтастықта болатын.
Семей қаласында үш жыл оқып жайлаудағы әке үйіне келгенде, Абай аттан түсе сала амандасу үшін анасына қарай жүгіреді, сонда ақылды да байсалды Ұлжан анамыз: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, алдымен әкеңе барып сәлем бер,» деп, балаларының алдында да жарының мерейін үстем етіп көрестті.
Мүминдердің анасы Умм Салама жеткізген хадис бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
«Қандай да бір әйел қайтыс болып, күйеуі оған разы күйде қалса, ол әйел жәннатқа кіреді.» деген. (Термези).
Раббысынан қорыққан, арын сақтаған, ақылды, ұяты бар, ата-анасының тәлімін алған қыз баладан болашақта адал жар күтуге болады. Қыз бала барған жерімде бақытты болам деп емес, барған жерімді бақытты қылам деп барса ері де оның істеген ісін бағалап алақанына салып аялап өтеді. Ал қазіргі кезде Ұлжан сияқты адал жарлардың қоғамда азайып бара жатқанының себебі, әйел бар махаббатын өмірлік серігіне және балаларына емес дүниеге арнағандығынан ерінің, өзіне деген ықыласы мен махаббатын жоғалтып алып жатады. Бұдан өткен қасірет бола ма?!
Қасымова Анар


Masha Allah
Алла разы болсын! Қазақтың осындай иманды жандары көбейе берсін деп тІлеймін!
Ассаламаликум Алла тағала разы болсын Қазақтың осындай иманды жандары көбейе берсін деп тІлеймін!
Alla razi bolsin bul nini magulmattarnz tek oz elderinzde gane emes bashadai elge de tarap ketkenine ote huanishtinin sizderge allax razi bolsin men slm joldaush mongoliadan
Бастапқы екі хадсті жадымызда сақтағанымыз абзал сияқты, Иншалла хайыры болады