Сен нығметке бөленгендерденсің…

• Егерде сенің ұйқтайтын жылы үйің және үйде тағамың болса, денеңде киімің болса сен әлемдегі тұрғындардың 75 пайызынан бай болғаның.
• Егер қалтаңда қиналғанда жұмсауға ақшаң болса, онда сен әлемдегі 8 пайызға кіретін байлардың қатарына жатасың.
• Егер сіздің денсаулығыңыз мықты болып, бүгін бар болсаңыз, бұл сіздің баға жетпес нығметіңіз. Әлемдегі миллиондаған адамдар бір аптаға жетпей ауруларының себебінен жан қиналып о дүниеге аттануда.
• Егер намаз оқып және ешқандай бөгет, қауіп-қатерсіз мешітте намаз оқи алатын болсаңыз бұлда сіздің нығметіңіз. Бұл жер бетіндегі миллиондағандардың қолы жетпей жүрген мәселесі. (Бұл мемлекетіміздің мықты әрі иманды екендігін көрсетеді).
• Егер (Аллаһ бетін аулақ қылсын) соғыстың қасіретін көрмесеңіз, қайсібір түрменің тамағын жемей жүрген болсаңыз, сіз жер бетіндегі миллиондаған адамдардан артықсыз.
• Егер Аллаһ тағалаға мойынсұнып, оған шүкір етушілерден болсаңыз, онда сіз нығметтелгендерденсіз. Көпшілік олай шүкір ете алады, бірақ олай істемейді.
• Егер мұсылман болсаңыз, сіз үлкен нығметтесіз. Қаншамалар имансыз дүниеден өтіп кетті. Аллаһ тағалаға Ислам нығметі үшін мадақтар айтамыз.
• Егер сізге осы хат жеткен болса және оқыған болсаңыз, біліңіз сізде тағы екі нығметке бөлендіңіз:
Біріншісі: Мына жақта сізді еске алатын біреудің барлығы.
Екіншісі: Сіз миллиондағандардан абзалырақсыз. Сізге оқу қабілетін берген Аллаһ. Көптегендер бар, әріп танымайды.
(Бауырлар! Аллаһтың осы дүниеге әкелгеніне, оның ішінде мұсылмандардан еткеніне, оның үшінде тәуелсіз мемлекетте еркін өмір сүріп жатқанымызға, оның ішінде жоғарыдағы дай миллиондағындардың қасында басымызда тәж секілді аман-есен болғанымызға жалғыз Аллаһқа шүкіршілік етелік.)
Кеше бала ең, келдіңғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұралмасқа.
Адамды сүй, Аллаһтың хикметін сез,
Не қызық бар? өмірде онан басқа.
Абай
Мақаланы www.islamonline.net сайтынан аударған әрі құрастырған:
Жеңіс Әбибуллаұлы
Пікіріңізді қалдыруды ұмытпаңыз!


АЛЛА Тағалаға шексіз шүкіршіліктер болсын.