БАТЫСҚА ЕЛІКТЕГЕН БИКЕШТЕР

Анас бин Маликтен (р.а) риуаят етілген хадисте хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) былай депті: «Маған дүниеде үш нәрсе ерекше сүйкімді: Әйел, хош иіс және көзімнің нұры болған намаз.»
Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) хадисінің басында «Маған дүниеде үш нәрсе ерекше сүйкімді» деп ең бірінші әйелді айтқан еді. Расында біз әйел затының бойынан асқан сұлулықты, нәзіктікті әсіресе ана бойынан мейірімділікті көреміз. Әйел заты Жаратушының Адам ата (ғ.с) қабырғасынан ең көрікті етіп жаратқан жаратылысының бірі. Сол себепті Ислам дінімізде әйел затын түрлі жамандықтардан, шайтанның азғыруынан, ең бастысы бөтен еркектердің нәпсісін қозғап зинақорлыққа итермелемеулері үшін шариғаттың қатаң тыйымдары барын біз білеміз. Оның ең біріншісі әурәт (ұятты) жерлерін жауып жүруі. «Қыздың көркі шүберек» деп біздің қазақ бекер айтпаған болуы керек.
Мысал ретінде алып қарасақ, ұлы жаратушымыз Аллаһ Тағала алтын, күміс сияқты бағалы заттарды таулардың астына ал гауһар тасты терең теңіздің астына адам затының қолы оңайшылықпен жете бермейтіндей етіп жасыруының себебі асыл, бағалы тастар көрсе көздің жауын алатындай әдемі болғандықтан, ал әйел болмысының тұла бойы тұрған бір көрік, әдемілік болғандықтан Аллаһ Тағала: «Мүмина әйелдер көкіректерін бүркеніштермен бекітсін» (Нұр 24,31) деп бұйырған.
Ұлы Жаратушымыздың үкімдеріне атүсті қарау белең алған қазіргі кезде біздің нәпсі құмар еркектеріміз жартылай жалаңаштанған әйелдерді көріп ақылынан тайып жататындары өтірік емес.
Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) әйел кісінің бет жүзі мен екі алақанынан басқа дене мүшелерін бәрін әурәт (ұятты) деп айтқан еді.
Әбу Һурайра (р.а) былай деді. Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с): «Тозақтық екі топ кісілер бар, бірақ мен оларды көрмедім. Біріншісі қолдарына сиырдың құйрығындай қамшысы бар, онымен адамдарды сабалап ұрып жүрген қауым. Екіншісі киімі бар, бірақ жалаңаш, бүгілген әрі бүгітілген бір топ әйелдер! Бастары түйенің өркешіндей иреңделген. Олар жұмаққа кіре алмайды, оның иісін де иіскей алмайды. Жұмақтың иісі мың шақырым қашықтықта сезілсе де» деген екен.
Бідің қазақы салт – дәстүрдің өзі де Ислам дінімізбен тығыз байланысты. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде әйелдер мен қыз балаларға ұзын кең көйлек киюді және шаштарын жасырып жүруі үшін хиджаб тағуды бұйырған. Ал біздің қазақы салт – дәстүріміз бойынша бұрынғы әже, апаларымыз ақ кимешек, бұрымды қыздарымыз кең қос етек көйлек киген еді. Қазіргі мына батыстың модасы ылаңды салып тұрған қоғамда әпке, қарындастарымыз бұрынғы салиқалы аналарымызға емес жаппай сол батыстың модасына еліктеуде. Әпкелеріміз, қарындастарымыз Мадонна, Бритни Спирзке ұқсауды армандап, нұрлы ажарларына түрлі – түсті опа далап (косметика) жағып барынша ашық киінуге тырысады. Әуелі кей қазақтың қара домалақ қыздары ар – ұяттың, иманның аздығынан тіпті жоқтығынан түнгі көбелек деген атқа ие болып, опасыз еркектердің ойыншықтарына айналып өз өмірлеріне балта шабулары өте өкінішті жағдай. Осының салдарынан балалар үйінде өзінің әке – анасын көрмеген, жанарлары терезені аңдыған бүлдіршіндеріміз қаншама. «Жетім көрсең жебей жүр» демекші сол күнәсіз бүлдіршіндерге лауазымды көкелеріміз аз да болса көмектерін тигізсе нұр үстіне нұр болар еді.Осындай қылмыстарды мойындарына арқалаған әпке – қарындастарымыз тозақтың отынына айналатындарын білсе еді.
Ақылсыз адам имансыз келеді , имансыздық ар – ұяттан айырады, ал арсыз адам хайуаннан да төмен.
Шынында осындай бір жағдайлар көптеп орын алу себебі тәрбиесіздіктен, ал тәрбие отбасынан басталуы тиіс. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Балаларыңа қамқорлық көрсетіп, жақсы тәрбиелеңдер» деп бұйырған, ал мұсылман отбасыларында тәрбие Аллаһқа және адамзаттың асыл тәжі болған хазіреті Пайғамбарымызға (с.ғ.с) сүйіспеншілікті үйретіп қасиетті Құран Кәріммен сусындалып отыруы керек. Абдуллаһ бин Әмірдің (р.а) айтуынша Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с): «Дүние өткінші. Дүниедегі өткіншілердің ең қайырлысы – салиқалы әйел» деген. Негізінде отбасының көркінде, сәнінде, береке – бірлігін кіргізіп, ошағының отын жандырып, ұрпақ тәрбиесі, үй – іші тыныс тіршілігін жақсартып, жарастырып отыратын көптен – көп иман жүзді, ибалы, салиқалы әйелдер. «Әйелді ері ұстамайды, ары ұстайды» демекші мұндай аналарымыз дүниеге ақылды, иманды ұл, қыздар әкелетіні айдан анық және жұмақпен сүйіншіленеді. Салиқалы отбасынан тәрбие алып шыққан ұл – қыздарымыз қартайған шағында әке – анасының қамқоршысы, қорғаны болады және еліміздің қадірлі азаматтарына айналатыны сөзсіз.
Хазіреті Пайғамбар: «Кімде – кім Құранды оқып, ондағы айтылған әмірлерді мұқият іске асырса, Қиямет күні Аллаһ Тағала оның әке – шешесінің басына тәж кигізеді. Тәждің жарығы сондай, күннің жарығынан әлдеқайда жарық. Құранмен амал еткеннің жөні бөлек» деген.
Ислам діні шариғатының қайнар көзі Құраннан, хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінен татулық пен шынайы бақыт тапқан отбасылар көбейсе екен деп көктер мен жерлерді жаратқан ұлы жаратушы Аллаһ Тағаладан тілейміз. Ал батыстың модасының құлына айналған әпке – қарындастарымыздың жүректеріне Раббымыз Аллаһ Тағала иман нұрын ұялатып, шайтанның азғыруынан сақтап, қараңғылықтан құтқарып, біліп – білмей істеген күнәларын кешіріп, тура жолға бастаса екен дейміз.
Ибн Аббастан (р.а) Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) айтты: «Күмәнсіз, Аллаһ менің үмметімнің қателесіп, ұмытып және мәжбүрлікпен істеген істерін кешіреді» Ибн Мәжәһ және Байқақи риуаят еткен.
Қыздарға
Бота көзі мөлдіреп,
Айдай жүзі үлбіреп,
Қалам қасы қиылған,
Жібек шашы құйылған.
Әсем бастан не пайда,
Мида түйсік болмаса.
Нәзік даусы жанды алып,
Ерінінен бал тамып.
Ару қызға таң қалып,
Кім езілсін тамсанып.
Сөзі мінсіз болғанмен,
Жүрегі таза болмаса.
Беліне көйлек жабысып,
Бос буыны майысып.
Еліктей тұрсың еркелеп,
Сұлу мүсін не керек.
Тәні сұлу болғанымен,
Жаны сұлу болмаса.
Ару қыз әсте япыр-ай,
Жүрегі таза ақ болса,
Жаны сұлу пәк болса.
Болса шіркін ибалы,
Мінезі көркем иманды,
Нағыз сұлу сол дер ем.
Әмір Әлімов (”Мұмылман” журналынан)


әурет жерлерін жапқан қыз көрсем тәубе деймін
Анығында, батысқа еліктеп жүрген бикештер талғамының шатқаяқтап кетуіне бірінші кезекте ер адамдардың өздері емес пе? Қай жарнама болсын тек әйел затын жалаңаштау үшін ілінетін тәрізді болып кеткен жоқ па? Сондықтан олар жалаңаштануды еркек кіндіктінің өздерін құрмет тұтуының негізгі тетігі санайды. Расында да тобыққа дейін көйлек киген қыз баладан гөрі жартылай жалаңаш қыз баланың ер адам үшін құны жоғарырақ екені жасырын емес. Сондықтан олар осындай құрметке ие болуды ғана көксейді. Ал сол әрекеттерінің құрмет емес, өздеріне тілеп алған тауқымет екендігін ойлап ешкім бас қатырмайды да. Бұл мәселе, ең алдымен, әйел затын емес, қарындас ертіп, шешеден нәр алған, қыз тәрбиелеп жүрген ерлер қауымына қатыстырақ. Ал олар ше, қайта табиғатынан аңқау әйел затын былшыққа батырғанын, сонымен қоймай өздерінің де күнә арқалағанын зор мақтанышпен жария етеді. Ол ол ма, елді аузына қаратып, ақылгөйсіген педагогтер, қала берді, баршамыз идеал танып жүрген көптеген шығармашы тұлғалардың өзді-өздері қалғандағы хайуанға бергісіз осындай әрекеттерін мақтан етіп, керісінше ерлік санап отыратындығына не айтарсың! Құдды елін жаудан азат еткен батырлар тәрізді… Өздерінің мазасыз жұмыстарының шырынды нәтижесін күнәмен шайған бейбақтардың осындай жымысқы тірлігінің ықпалы азиялық әйелдердің киімін жұқартып әрі жалаңаштап жатқандығы әрбіреуімізге де аян. Сөйте тұра әйел затын кінәлауға құмармыз, неге?
Машаллах! осындай макалалар теледидардан дда айтылып турса болар еді! сонда кыз келіншектер мумкін болса әурет жерлерін жауып журер ме еді! Хиджап кию парыз,кыз-келіншектер ойланыңыздар! келешек ұрпақтарыңызға ұялмай қарайтын дәрежеге қол жеткізіңіздер! сіздерге бір Алланың өзі жәрдем болсын! Алла разы болсын!
батыска елыктеп быз оз маденыйетымыз ды котеремыз батыска елыктеп быз солардын денгейынде дамимыз батыс аркашан алда болады
Жазу алынып тасталды…
таура
АстаһфирАллах не жазып койгансын Казіргі Қыз келіншектер батысқа еліктеп жалаңаштанып жатырса бұл қай сөзің.Сол жалаңаштанудың кесірінен зинақорлықтың азабын қанша азаматтар тартып жатыр.Жалаңашұтанган әйелдер жәннеттқа кірмек түгілі исінде сезіне алмайт деген .сол себепті арамызда үйленгендер болса әйелдеріңізге хиджап кигізіңіздер Оларды қызғаныңыздар өйткені әйел деген сенің абыройың әйел деген сенің рахаттанатын жайың сен әйеліді біреу ашық шашық көріп рахаттануға бол майды өйткені осының бәрі зина ға итермелейді.Ал әйелін қызғанбаған еркек жәннәтқа кәрмейді .Әйелге бойануға әдеміленуге шашын бұйралауға шариғат бойынша рұхсат бірақ тек өзінің күйеуінің алдында ғана Ал сыртқа шыққан кезде әтірін жуып бояауын сүртіп шашын жауып шығу керек .Сол себепті әйелдеріңізді қызғаныңызда .Алла баршаңызға разы болсын .Ассаляму алейкум
Ассаламу алайкум! Акниет Жаксыгали сіздерге Алла разы болсын! Шынында да Таура қандасымызға Алла иман берсін тілейік! Хиджап киген қыз кәмпиттін оралған сияқты, ал шашық жургені кәмпиттің ашылғаны сияқты. түкке тұрғысыз дәмі жоқ сияқты
Ассаламу алайкум! Акниет Жаксыгали сіздерге Алла разы болсын! Шынында да Таура қандасымызға Алла иман берсін деп тілейік! Хиджап киген қыз кәмпиттін оралған сияқты, ал шашық жургені кәмпиттің ашылғаны сияқты. түкке тұрғысыз дәмі жоқ сияқты қыз болады. Сол үшін күйеуіне тәтті көрінгісі келген қыз оранып жүрсін дегім келеді! Алла разы болсын сіздерге!