Ақиқат - имандылық ауылы

Қышынған жатыр, ұшынған бала…
Өткен жылдың ақпан айында Бельгияның Брюссель қаласының сотында бір жігіт, өз анасын сотқа берді. Әңгіменің қысқасы былай: некесіз туылған бала анасынан әкесінің кім екенін сұрайды. Анасы, «әкең өліп қалған» деп жалтарыпты. Ал, баласы болса: «Онда неке куәліктерің қане, өлген болса моласы қайда, сен мені ойнастан тапқан жезөкшесің!..» деп, туған анасын қыспаққа алады. Сөйтіп, дау соттан бірақ шыққан. Ақыры некесіз ұлының қатігездігіне шыдамаған әйел өзіне-өзі қол жұмсап тынған.

Қазір, «некесіздер туғандар» әлем халықтарының бас ауыруына айналды. Үрейлі тенденция қалыптасты. Және бұндай қауіпке күрес бүгін басталып отырған жоқ. Орта ғасырларда кейбір монахтар некесіз туғандарды «отқа өртеп жіберу» жайлы үкім де шығарған. Өйткені олар шатаны «шайтанның баласы» деп түсінген.

Францияда некесіз бала тапқан әйелді француз азаматтығынан айырып, бір жылға соттап жіберетін заң болған.

Көне түрік салтында зинадан туылған адамды әулеттің зиратына қоспай бөлек жерлеген. «Бұтты бұлғаған, жұртты бұлғайды» деп түсінген қазақтың да қолданар шарасы жеңіл емес-ті. Мысалы, «Абай жолы» эпопиясында: аға сұлтан Құнанбай түйеге таңылған Қамқа мен Қодарға тасборан жасатуы соның бір көрінісі. Қысқасы, Құнекеңдер «қышынған жатырдан ұшынған бала туады» деп, қорыққан.

Қазақ, пышақтың сабына жалғанар тұсын «жете» дейді. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп соны айтқан. Осындай «жетесіздің» руын сұрап, жеті атасын қазбалап, жанарымен жер шұқытып қоятын қазақтың жазылмаған дала заңын осал деп қалай айтасың?

Адамзат тарихында Дүниежүзілік екінші соғыс кезінде өте көп бала некесіз туылған деп санайды. Кейбір дерек көздері бес адамның төрті некесіз туғанын айтады. Осы жағдайға байланысты 1945 жылдың соңында академик Иван Майский Сталинге хат жазып: «Сталин мырза, қазір некесіз туылған балалар өте көбейіп кетті, олар қоғамға аса қауіпті. Тез арада аттарын өзгертіп, фамилияларын орысша қойып, аналарынан айырып, жетімдер үйінде тәрбиелеу керек, әйтпегенде, біздің түбімізге жететін солар!» деп қадап айтуы тегін емес. Шын мәнінде КСРО-ны күйреткен осы буын.

Соғыс демекші, дәл қазір Францияда соғыс жылдары некесіз туылғандардың басын қосқан «шектеусіз жүректер» атты ұйым бар. Оны басқарып отырған Жаном-Жаком Делор дейтін некесіз туылған азамат. Қазір бұл ұйым француз  қоғамының ұйқысын бұзарлық, үрейлі түске айналып келеді. Себебі, ұйымға тіркеліп жатқан некесіздер күн санап көбеюде. Тек неміс солдаттарынан некесіз дүниеге келген жан саны 250 000-нан асып жатыр. Олардың ұрпағы бірнеше миллионға кетіп қалған.

Вашингтондағы отбасылық зерттеулер кеңесінің мәліметіне сүйенсек:  дәл қазір АҚШ-та әрбір үшінші бала некесіз өмірге келуде. Бұл елде әйелдердің зинадан туған қызын жетелеп екінші бір еркекпен неке құру кесірінен кішкентай қыздардың зорлануы соңғы бес жылда 33 есе артқан. Көбінесе қыздарды зорлайтын өкіл әкелері.

Басқаға күлер жайымыз шамалы. Елімізде 1980-ші жылдары бір жылда туған барлық баланың 10 пайызы шата болса, бүгінде бұл көрсеткіш екі есе өскен. Яғни, бес баланың біреуі ойнастан туып жатыр. Ресми дерекке жүгінсек: 1999 жылы Қазақстанда 51900 некесіз бала туылса, 2009 жылы саны 75400-ге жеткен.  Осы Астананың өзінде көптеген қазақтың шаңырағы құрлысшы түріктерден туып қалған жүздеген шата жиендерді асырып отыр.

Жалпы шатадан туған адамның өзі де ұятсыз, арсыз, адами қадір-қасиеттен кемшін болады дейді оқымыстылар. Қатігездігі өз алдына. Мысалы, фашизмнің атасы, соғысқұмар А.Гитлердің әкесі некесіз туған шата екен. Адольфтың әжесі Мария Анна (Мариана) Гитлер кедейдің қызы екен. Кім көрінгеннің есігінде жүріп әбден 40 жасқа толғанда шатадан бала тауыпты. Күңнің кімнен жүкті болғаны жайлы болжам көп. Білетіндер еврей Ротшильдің немесе Франкербергердің бірінің тұқымы дейді. Қысқасы шата баласына Аллоисо деп ат қойыпты. Осы шата Адольф Гитлердің әкесі.

Осы орайда, мына бір қисса ойға оралады. Атақты ислам ғұламасы Әбу Ханифа бір топ шәкірттерімен әңгіме құрып, алқа-қотан тұрады. Жақын жерде бір топ бала доп қуып ойнап жүріпті.  Бірде әлгі доп домалап келіп, мәслихат құрып тұрған топтың ортасына кіріп тоқтайды. Балалар үлкендердің арасынан допты алуға қысылып, саусақтарын сорып, шегіншектеп тұрып қалады. Сол сәтте араларынан бір бала атып шығып еш именбестен, үлкен кісілерді соға-моға допты ала жөнеледі. Ауыздары аңқиып қалған шәкірттеріне Әбу Ханифа: «Бұл балада некесіз, зинадан  Аллаһтың қаһарына ұшыраған жатырдан туған сипат бар екен» депті. Шәкірттері ұстаздың сөзіне көз жеткізбек болып, әлгі баланың соңынан қаламай ілесіп үйіне барып, тегін анықтаса ол Бағдаттағы жалғыз басты әйелдің некесіз туған баласы болып шығыпты.

Шын мәнінде некесіз туған адамда ұят болмайды. Ондай адамды АҚШ сынды елдер қатты пайдаланады. Мысалы, 1990 жылдары басталған нарықтың салдарынан Моңғолияның экономикасы қатты құлдырады. Халық ауылдан қалаға тентіреді. Осы шамада дүниеге мыңдаған некесіз бала келді. Бұл балалардың дені Ұлан-батыр қаласының треншейлерінде өмір сүрді. Сонда ер жетті. Қалада «траншей балалары» дейтін аты тегі, фамилиясы жоқ әлеументтік топ пайда болды. Осы балаларды шетелдік «қайырымдылық» ұйымдар жиып-теріп, асырап-бағуға алып кетеді. Ақыры не болды. 2007 жылы 1 шілде күні Ұлан-батыр қаласында бүлік шығып, компартияның ғимараты өртенді, көптеген адам қаза тапты. Кейін белгілі болғандай жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру үшін сыртқы күштер баяғыда бағып-қағуға әкеткен «балаларды» пайдаланды. Міне, шатаның шатағы!

«Өмірде жаулар ғана болады, сені сатқан жауың анау» деп миына әбден шегелеген оларға керекті кезінде бұйрық берсе болғаны, ешкімге иненің жасуындай аяушылық білдірмек емес. Себебі ғаламдағы мың-миллион адамның ішінде оның анасы, әкесі, ағасы, бауыры, әпке-қарындасы, тіпті жамағайын туысы да жоқ. Кімді аяйды? Неден аянады?

Зәудеғалам елімізде некесіз туып қалып, жетімдер үйінен шетелге асып кеткен  біздің «бөлтіріктер» азуы алты қарыс болғанда қазақ даласына оралса, үркердей үрпиіп отырған «ескі ауылы» тісіне сыздық болмай қалама деп қорқамыз!

Ертеңгі жауының кім екенін жақсы білетін,  кәрі шораяқ Қытай елінің де некесіз туылған балаға қатысты ұстанатын қауіпсіздік саясаты бар. Мысалы, «Жетімдер үйіне» әкелінген шата баланы үш ай ішінде көзі құрымаса, бастық қолма-қол қызметінен аластатылады.  Некесіз бала көбейіп кетпеуі үшін 2009 жылдың  қаңтарында жезөкшелердің «жеңгетайы» –порнографиялық сипаттағы он мыңнан астам сайттарды жауып, соларды жүргізіп отырған 42 адамды түрмеге қамады.

Осындайда… адам баласы бір-ақ рет келер өмірге ұрпағын адал әкеліп, жақсы адам  болуға тәрбиелеудің қаншалықты бақыт екенін сезінсе ғой дейсің!

Осындайда… «Кіндігіңді кімдер сүйді… Шіркін-ай…» деп жырлап «эротика елшісі» болып жүрген біздің кейбір ақындар, «ақ шымылдық ішінде, ақ некелі жар сүйген…» бабалар талғамының сыры не де жатқанын сезбейтініне қайран қаласың!

Бір қызығы Алланың ақжолын ұстанып, шариғатты ту еткен мұсылман елдерінде шата деген жоқтың қасы. Өйткені, олар Құдайдан қорқады. Атам қазақ: «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деп тегін айтпапты. Құдайдың құдіретін сезбей, тау мен тасқа табынған солтүстік қиырдағы сақа сынды бауырларымыз үйіне келген қонақтың астына адал жарын салып беретін күйге жетті. Ақыры не болды, ұрпақ шаталанды, ұлт жойылып тынды.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

Не пайда?

МЕШІТКЕ КІМНІҢ МЕЙІРІМІ ТҮСТІ?
Талдықорған облысы Қызылағаш ауылында болған су тасқынынан 146 үй толығымен жойылып, 251 үй қатты қираған, 42 нысан күрделі жөндеуді талап етеді. Солардың ішінде қирап, жан жағындағы үйлердің бәрін жермен жексен етіп шайып кеткенде үйінділердің ортасында шағын мешіт дін аман қалды.

Жалпы, түрлі топан су, жер сілкінісі, өрт, дауыл болған кезде мешіттер дін аман қалатыны қалай?

2005 жылы Индонезияда цунами болған кезде бүкіл мешіттер аман қалды. Айналасында бірнеше шақырымда бір терек қалмағанда Банда Ачех қаласындағы ақ мешіт аман қалған бір ғана ғимарат еді.. 1999 жылдың 17 тамызында Түркияда болған жер сілкінісі мыңдаған адамның өмірін қиды. Сол жерде Стамбулдағы Сүлеймен мешіті дір еткен жоқ. Қытай елінде 1931 жылы болған тасқын 4 миллион адамды жұтты. Алайда Сянь үлкен мешіті де бұл зұлматтан аман қалды. Алысқа бармасақ та 1910 жылы сол Талдықорған аймағында үлкен жер сілкінісі болды. Сол апаттан қираған үйлердің ортасында Жәркент мешіті қасқайып тік тұрды. Дүние бүліп жатқанда мешіттерге кімнің мейірі түсті екен? Әрине, бұл бір Алланың адам баласына ескертуі.

Бұл аз десеңіз 2005 жылы Шриланка мен Оңтүстік Азияға лап қойған тасқынды ғарыштан түсірген ғалымдар таң қалып, жағаларын ұстады. Өйткені жағаға жақындаған алып толқындардан араб тілінде «Алла» деген жазуды оқуға болатын еді (суретте).

Сол азия құрлықтарында алып тасқындар болған кезде көптеген мұсылмандар бұл Алланың жіберген зұлматы, өйткені жағажайларда адамдар иманнан жұрдай болып, құдайын ұмытқан, шариғат талаптарының аяқ асты болғандығынан еді дейді.

Жалпы жер сілкінісі, топан су, табиғи апаттар иман азайып, адамдар азғындаған жерлерде болады дегенді жиі естиміз. Жарайды Индонезия жалаңаш шомылатындардың, жезөкшелердің жиналатын жеріне айналды делік. Ал Қызылағашқа не болды? Әлде бұл бүкіл қазақ еліне жіберген Алланың ескертуі ма екен.

Асылбала АЛТАЙ

www.namys.kz

Мұхамеджан ТАЗАБЕКОВ: Дін жайлы пікір өзгергенімен, дін өзгермейді
-  Кейінгі кездері сіз басқарып отырған «Асыл арна» мен өзіңіздің жеке басыңызға ақпараттық шабуыл жиілеп кеткендей. Мұның себебі неде деп ойлайсыз? Кімнің аяғын басып кеттіңіз?

-  Қай кезде де жақсы нәрсенің бірден қабылданбайтыны белгілі. «Асыл арна» телеарнасы біздің қоғамда қарды жарып шыққан гүл секілді, бұлттан шыққан күн секілді болғандықтан, ел назарын бірден өзіне аударды.

Халық Алланың осындай сыйын, мейірін қабыл алуға лайық болды ма, болмады ма, білмеймін. Бірақ тосын қабылдағаны анық. Жанашырлықпен де, білместікпен де әртүрлі пікірлердің айтылып жатқаны да рас. Сынаушылардан көрі қуанушылар, шүкіршілік қылушалар көп. Сондықтан қазір «Асыл арнаға» қатысты қандай пікір айтылса да, сіз айтқандай ақпараттық шабуыл жасалса да, барлығына түсіністікпен қарауға тырысамыз. Себебі, біздің ниетіміз әуелі Аллаға мәлім. Екіншіден, алға қойған мақсатымыз өзімізге де, өзгеге де пайдалы екеніне толық көзіміз жетіп отырғандықтан, ондай сөздерге аса мән бере қоймаймыз. «Білмегенді кешірмесең, білгендігің қайда?» деген бабалар өсиеті бар емес пе?

Ислам насихаты – пайғамбарлардан мирас болып келе жатқан нәрсе. «Асыл арнаның» мақсаты – қазақ жұртына керекті жақсылықтарды жеткізу. Оның ішіне имандылық та, мейірімділік те, ізгілік те кіреді. Осы тұрғыдан алғанда, біз туралы қаттырақ айтып жатқан бауырларымыз болатын болса, бізге деген жанашырлықпен айтып жатқан шығар, бізді бұдан да жақсы болса екен деген ниеттес пейілі шығар деп есептеймін. Ал артық кетіп жатқан жерлері болса, жеке басымыздан, біздің атқарып жатқан жұмысымыздан, рухани болмысымыздан толық мағлұматы жоқтығынан деп ойлаймын. Әрі біз біреудің аяғын басып, біреуге кедергі келтіретіндей сипатта емеспіз. Өйткені, біз өмірде қандай жағдай туындаса да, мәселенің шешуін әуелі Құраннан, сосын пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сүннетінен іздейміз. Ал сол пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алладан келген ақиқатты адамдарға жеткізе бастағанда да барлық жұрт бірден құшағын ашып, Исламды рухани темірқазығы етіп ала қойған жоқ. Егер адамзаттың абзалы Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) басқа тұрмақ туған-туыстырының өзі сенбей, «бағытымызды бұзып жатырсың» деп кінә артқан болса, жетпіс жыл бойы рухымыз тапталып, намысымыз жаншылып, бір біріміздің етегімізден тартуға әбден етіміз үйреніп, қазақ екенімізге, мұсылман екенімізге ұялатындай жағдайға жеткенде, «Асыл арна» секілді телеарна шығып, рухани өзегімізді сонау тамырынан көктеткісі келіп, жақсылықтарға жаршы болып жатқанда да кейбір адамдар мен топтардың бізге негізсіз сын айтуына да түсіністікпен қарауға тиіспіз. Өйткені, біз күнәсі мен кемшілігі жеткілікті көп бейбақ пенденің біріміз. Ілгеріде бір ғұлама «Я, Раббым! Сенің міндеттеген құлшылықтарыңды лайықты түрде жасай алмай жатырмыз. Сенің уәде еткен жәннатыңды тек сен жіберген сынақтарға сабыр қылу арқылы ғана үміт ете аламыз» деген екен. Сондықтан, кейде біреуден артық сөз естімесек, көңіліміз ренжитін көріністерге көндікпесек, пендешіліктер мен күнәлардан қалай арылмақпыз?

Әрі қазіргі қоғамда өзгеден қатты сөз есту үшін кінәлі болу шарт емес. Сондықтан, біз жайлы қисынсыз сөздерді жан даусы шығып айтып жатқандар болса, оларға айтарым – Құранда Алла Тағала «Білімің болмаған нәрсенің соңына түспе» дейді. Бір адам жайлы пікір айту үшін сол адаммен бірнеше мәселеде сыналуың керек: ұзақ сапарда бірге болған болуы керек, сауда-саттықта, дүние мәселесінде сыналуы қажет, көрші тұрған болуы керек немесе шәкірт болып, ілім үйренген болуы тиіс. Ал бізге қатысты айтып жүрген адамдарды мен осы қағидалардың ешқайсысына сиғыза алмаймын. Олар да елдің қамында жүрген азаматтар ғой. Қайталап айтайын, жанашырлықпен, бірақ білместіктен айтып жатқан сөздері болар.

-  Қазір қарапайым жұрт «ойбай анау уахаб, мынау сопы» деп сол сөздердің мағынасын білмей жатып үрейленетін болды. Таратып айтып беріңізші. Бұл қайдан шыққан «терминдер»?

-  Бұл «терминдер» жайлы айтпас бұрын біз кейбір қағидаларды және дін жолында ұлы ұстаз болып өткен Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен хабардар болуымыз қажет. Сонда көп нәрсенің жауабы өзінен өзі шешіледі. Қарапайым халықты ақиқат жолына түсірмеу үшін Ислам дұшпандары адамдарды қорқытатын идеологияларды ойлап табумен келеді. Осы тұрғыдан алғанда, біз Алламызды дұрыстап танымай жатып, дінімізді өзіміз бекем ұстанбай тұрып, біреуді кінәлауға, біреуден кінә іздеуға асықпауымыз керек. Төңірегімізден жау іздеумен айналысатын болсақ, әлбетте көп мәселеден кенде қаламыз. Өйткені, өз ішкі дүниемізге өзіміз үңіліп, өзімізді, сыртқы дүниемізді түзетуге уақыт қалмайды.

Қазақстанның негізін құрайтын – мұсылман қазақтар. Сол мұсылман қазақтың көбеймеуі үшін, алауыз болып, ынтымағы болмай, бір-бірін дұшпан тұтуы үшін сыртқы күштердің атсалысатыны бесенеден белгілі. Сондықтан, мұндай «терминдердің» шығу тарихы әуелі сыртқы дұшпандардың айла-шарғысынан болса, екіншіден, өзіміздің дін қағидаларын білмеуімізден. Мәселен, көшеде кіндігін ашып бара жатқан кез-келген бір қызды мен жезөкше деп кінәласам, қай қисынға сияды? Сол сияқты сақал қойған, дін ұстанған адамды өзіңе ұнамаған сипаты үшін «оңбаған уахаб, артта қалған сопы» деп айдар тағып кінәласақ, ертең Алла алдында жауап беруге тура келеді. Ал ондай сөздерді біреулерді арандату, араларына от жағу мақсатында айтатын болса, оның күнәсі одан бетер көбейеді. Сондықтан бізге көлеңкемізден қорқып, көп ішінен жау іздегеннен көрі адамдарға ақиқат жолдың абзалдығын айтып  немесе өз иманымызды көркемдеумен айналысқанымыз жақсы.

-  Жақында «Үш қиян» газеті «Асыл арнаны» сәлафилік сарындағы теларна екеніне дәлел келтіріп жатудың қажеті жоқ» деп жазды. Бір автор сіз бен Шорабек Айдаровты «қып-қызыл уахаб» деп атады. Шыныңызды айтыңызшы, бұл не қылған парадокс? Өзіңіз уахаб, телеарнаңыз сәлафи…

-  «Үш қиян» газетін қолыма түскенде оқып тұрамын. Ұлттың болашағы үшін күйзелетін, қазақ мәдениеті, руханияты үшін барын салатын жігіттер басылымның басы-қасында жүрген секілді. Бірақ дін мәселесіне келгенде толық білмейтін, толық зерттемеген жайттары туралы асырып жазатынын жоққа шығармаймын. Ал мен туралы «қателігі болса, түзелсе екен, жақсылығы болса, одан сайын артса екен» деген жанашырлықтары болса, Алла разы болсын. Осы ниетпен жазатын шығар деп ойлаймын. Ал мені бір жамандықтан сақтандырғысы келіп жүрсе немесе мені адасып жүр деп ойлап, тура жолға салғысы келсе, әуелі өзіме жолықсын, пікірімді тыңдасын. Мен бір созып қол, жүріп аяқ жетпейтін адам емеспін. Сөйтіп барып ойларын тиянақтаса, дұрыс болар еді деп есептеймін.

Бұл жағдайға байланысты бір мысал еске түседі. Ілгеріде бір кісінің үйіндегі балғасы жоғалыпты. Әрі іздеп, бері іздеп таппай, көрші үй жаққа қараса, көршінің баласы көзіне түсіпті. Әлгі бала өз-өзінен қуыстанып жүргендей көрініпті. «Балғамды осы бала алды ма екен?» деген ой келіпті оған. Өйткені бала сабырын жоғалтып жүргендей де болып көрініпті. Тағы біраз жіті қарағаннан кейін «балғамды алған анық осы бала» деген ой түйеді. «Бұл баланың айыбын бетіне басайын» деп қадам баса бергенде балғаны қайда қойғаны есіне түсіпті. Сөйтіп, балғасын өз үйінен тауып алып, көрші баласына қайта қараса, тіпті де ұры кейпінде емес, тып-тыныш жүрген бала болып көрінеді. Сонда әлгі адам өз-өзінен ұялған екен. Сол секілді бір адам екінші адамнан жамандық, қате іздеп тұратын болса, шайтан лағнетолллаға да керегі сол. Сізге «ол адам – анық сондай жаман адам» деп жүрегіңізді мөрлей түседі. Онсыз да аз қазақты қалай біріктереміз, өз дініне, мәдениетіне қалай қайтарамыз деп жүргенде, шайтан жаман ой салу арқылы жауластырып жібереді. Ал газет тілішілерімен ешқандай бас араздығым жоқ. «Қып-қызыл уахаб» деп айтатындай бұл тақырыпта сөйлескен кісім емес. «Асыл арнаның» сәлафилік сарындағы теларна екеніне дәлел келтіріп жатудың қажеті жоқ» деп сарқылып жазатындай олардың ешқайсысы телеарнада бір сағат жұмыс істеп көрген жоқ.  Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Меккеде уағыз айтып бастағанда, «ол – анық сиқыршы, бұған дәлел келтіріп жатудың керегі жоқ» дегенді өз туыстары айтқан еді. Бірақ солар кейіннен ақиқатты мойындады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзіне сондай сөздер айтылған болса, Расулаллаһтың (с.ғ.с.) қасында біз кімбіз? Қандай пікірді болса да, сөзді болса да естіп жүруге мойынсұнған Алланың бір құлымыз да.

-   «Үш қиян» демекші, осы басылымның жазуынша, сіз салт-дәстүрге қарсы адам екенсіз…

-  «Кісі танымағанын сыйламас» деген. Мұндай пікірді «Асыл арнаны» көрмек түгілі көргісі келмейтін адамнан ғана естуге болады. Әйтпесе, 13-14 жасымнан бастап қазақтың салт-дәстүрінің ішінде төлтумасы айтыстың рухани деңгейін көтеруге қызмет еткен болсам, Жамбылдың рөлін ойнап, қазақ кино өнерінде кішкентай болса да із қалдырған болсам, «Асыл арнада» өнегелі аналарымызға арналған «Шуақты аналар», ұлтты тәрбие бесігінде тербеткен қыз-келіншектерге бағытталған «Ақ жаулық», «Иман гүлі» бағдарламасын ашқан болсам, қазақтың құсбегілік, атбегілік және қолөнершілері жайлы «Салтыңды сақта, дәстүріңді дәріпте», адам баласы өмірге келгеннен дүниеден қайтқанға дейінгі жөн-жоралғылар жайлы «Рухани өмір», жас ұрпақтың бойында ұлттық сипаттарды сақтауға байланысты «Болар елдің баласы», «Айна» және Ислам қағидаларымен біте қайнасқан, бүтіндей қазақы өмірдің қайнарына айналып кеткен құндылықтарды насихаттайтын «Ислам және мәдениет» секілді арнайы бағдарламаларды жарыққа шығаруға атсалысқан болсам, яғни, қазақтың бүкіл дәстүрін көгілдір экраннан күнде насихаттап жатқан болсам, онда мен қалай салт-дәстүрге қарсы адам боламын? «Салт-дәстүрге қарсы адам» деп аруаққа сыйыну мен сыйлаудың арасын ажыратуға қатысты, ырым мен ақиқат сенім жайлы араласып кеткен пікірлерді ажырату жайында айтқандарым үшін айтып жатса – жаңсақ сөз. Біз Аллаға сыйынып, аруағын сыйлаған халықпыз.

-   Әулие, аруақ жайлы. Сіз айтқан сыйыну мен сыйлаудың ара-жігі қай жерден ажырау керек? Мысалы, Бекет ата, Райымбек батыр басына барып жатқандар бар ғой.

- Жалпы, Алланың әулиелері – бар. Олар қай кезде де болған, қиямет күніне дейін бола да береді. Оған дәлел Құран және сүннетте жеткілікті. Уәли – «Аллаға жақын, Алланың досы» деген сөз болса, әулие – «Алланың достары» деген мағына береді. Яғни, көпше түрде. Әулие ғана емес, жай адамның қабірін зиярат ету де сауапты амалға жатады. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «бұрын сендерді қабірге барудан тыйған болсам, енді қабірді зиярат етуге рұқсат етемін» деді. Бұрын тыйып, кейін неге рұқсат берді? Өйткені, Ислам қанат жаймай тұрып, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдарды өлген адамға сыйынып кетуден сақтандырды. Ал адамдар Исламды түсінген кезде қабір басына баруға рұқсат етті. Өйткені, Расулаллаһ (с.ғ.с.) бізге қабірге баруда екі нәрсені мақсат етіп берді. Бірінші, қабірге барып, өлген адамға дұға қылу, Алладан оның жарылқануын тілеу. Екінші, қабір басына барып, ақыретті еске түсіру, пенделік көкірегіңді пәсейту, өмірдің қайда барып тірелетінін, өлім деген екі дүние арасындағы есікті ойлау. Сол арқылы Құдайға деген құлшылығын арттыру. Ал жай адам немесе әулие түгілі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өзінен жәрдем тілеу, сыйыну – Исламда тыйым салынған. Алла Тағала қасиетті Құранның бәрімізге белгілі «Фатиқа» сүресінің соңғы аятының соңғы сөзінде «до лин», яғни, «адасқандардың» жолынан бізді сақта дейді. Адасқандар деп отырғаны кімдер? Христиандар. Ал олардың адасуының ең басты себебі неде? Христиандар Исаны (а.с.) Құдайдың баласы деп пайғамбарға сыйынып кетті. Пайғамбарға сыйынуды Алла Тағала адасқандар десе, жай адамға сыйыну деген тіпті сорақылық болмақ. Әлемде Исламнан артық аруақты сыйлайтын дін жоқ. Себебі, мұсылманшылықта тірі адамнан көрі өлген адамды ғайбаттау ауыр саналады емес пе? Тірі адамның сыртынан нашар сөз айтсаңыз, кешірім сұрап, татуласуға болады. Ал өлген адам жайлы ауыр бірдеңе айтсаңыз, онымен ақырет күнінде Алланың алдында бір-ақ жолығуға, есептесуге тура келеді. Біз құрметі биік Бекет атаның өзінен жәрдем сұрағаннан көрі, ол кісінің артына тастап кеткен өсиетінен азық іздегеніміз дұрыс. Өйткені, Бекет ата қазақ тарихындағы өте үлкен тұлғалардың бірі. Қиян-қыстаудан, жалаңаш-жартастардан «Алланың дінін сақтап қалайын, ұрпағымды иманнан ажыратпайын» деп мешіт, медресе салды. Ал біз сондай амал жасамақ түгілі, үйіміздің іргесінде салынып, жылы су ағып, едені жылып тұрған мешітке бас сұғуға ерінеміз. Бабалар жолына, бабаларға деген адалдығымыз осы ма? Бабаларымызды сыйласақ, олардың аруағын құрметтесек, олар бізге не айтқысы келді? Олар қалдырған өсиеттердің үдесінен шығуға тырысуымыз керек емес пе? Сонда ғана аруақ, баба сыйлаған, бабалар ұстанған қастерлі жолда жүрген болып есептелеміз.

- Қазір дәстүрлі Ислам деген түсінік бар. Сонда Ислам дәстүрлі, дәстүрсіз болып бөліне ме? Жалпы Ислам мен дәстүрді біріктіріп тұрған не?

- Дәстүрлі Ислам деп айтылып жүргені – ата-бабамыздың бізге дінді жеткізу жолы деп есептеймін. Бабаларымыз бізге дінді жеткізді. Бірақ сол дінге қайшы келмейтін дәстүрлермен бірге өріп жеткізді. Кеше 70 жыл рухани мектебімізден ажыраған кезде діннің не екенін, дәстүрдің не екенін айыра алмайтын жағдайға түстік  Қай дәстүрдің діннен шыққанын, қайсыбір жерде дініміздің орнына дәстүрді алғанымызды өзіміз ажырата алмай қалдық. Ислам дінінің иесі бір Алла болғандықтан, адамзатты бақытты ғұмыр сүру үшін Алла жаратқандықтан, Алла Тағала қандай да бір адамның немесе ұлттың бақытты өмір сүруі үшін қандай бір жөн-жоралғы болатын болса, оның бәріне рұқсат еткен. Сол ұлтқа пайдасы жоқ, тек зиянын әкелетін нәрсе болса, Алла Тағала содан ғана тыйған. Алланың жіберген құлшылық ғибадатымен бірге халықтың дінге қайшы келмейтін жөн-жоралғысын қатар алып жүру – дәстүрлі Ислам.

- Орта Азия жұрты Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабында екені белгілі. «Асыл арнаның» эфир саясаты осы мәзһабқа негізделген бе? Телеарнаның бас идеологы мүфти Әбсаттар қажы екені рас па?

- Бұл телеарнаны ашу идеясы келген күні-ақ ең бірінші сол Әбсаттар қажы Дербісәлі ағамыздың алдына барғанбыз. Ол кісі «телеарна мемлекет ұстанып отырған идеологияға қайшы келмесе, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының (ҚМДБ) ұстанып отырған жолына тура келетін болса, қолдаймыз» деп өз ниетін білдірген. Содан бері біздің бағыт берушіміз де, басты идеологымыз да – Әбсаттар қажы. Тек мүфти ғана емес, ол кісі басқарып отырған ҚМДБ-ның барлық имамдары мен діни білгірлері шама-шарқынша «Асыл арнаның» Әбу Ханифа мәзһабында болуына барлық күш-жігер, ақыл-ойын салып отыр. Бірақ кейбіреулер, өкінішке қарай, діни басқармаға бізден бойын аулақ салуға насихат айтады. Бұл – ел үшін де, мемлекет үшін де өте қатерлі пиғыл деп есептеймін. Керісінше, біз Қазақстанда дін насихатын жүргізгісі келетін кез келген жеке тұлға немесе топтың ҚМДБ-мен бірге болуын, сол бағытта әрекет етуіне үгіттеуіміз керек. Сонда ғана ауызбіршілік, рухани кеңістікте толық береке болады. Себебі, үш мыңға тарта мешіттің басын біріктіріп, қоғамның нәзік тамырларына дейін рухани нәр жүгіртіп отырған ҚМДБ жұмысы -еліміздегі мұсылмандардың рухани көрсеткіші. Біз сыңарезуленіп сынай бергеннен көрі сүбелі амалдарымызбен келіп ортақ арнаны толтыруымыз керек.

- Күлкілі нәрсе, әрине. Бірақ сізге мін тағушы жазарман «уахабилер Абайлар сияқты сақал-мұртын қатар өсірмейді. Сақалын өсіріп, мұртын тықырлап алады» дейді. Сақал-мұрттың «садаққа» іліну себебі неде?

- Біріншіден, бұл жерден ешқандай идеологиялық немесе дұшпандық бағыт іздеудің қажеті жоқ. Кез-келген хадис кітабын ашсаңыз, пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) «сақалдарыңды жіберіңдер, мұрттарыңды қысқартыңдар» деген. Сондықтан сақалдың ұзынырақ болуы, мұрттың мейлінше қысқа болуы, ерінге түсіп, тамаққа араласпауы – гигиеналық тұрғыдан да, тазалық, жарасымдылық тұрғысынан да жақсы. Сондай-ақ пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «өзге дін өкілдеріне ұқсамаңдар» деген. Өзге бір дінбасылардың мұрты аузына түсіп, ернінің қайда екенін, иегінің қайда екенін білмейсің. Демек, мұсылмандарды басқа дін өкілдерінен ерекешелеп тұратын сыртқы бір белгі – мұртымыздың қысқа болуы. Әрі түбіне май құйып, маңыз берсеңіз де мұрт сақалдан ұзын болмайды.

- БАҚ-та сіздің жеке басыңызға да біраз ауыр сөз айтылып жатады. Азаматтық құқығыңызды заң арқылы қорғағыңыз келмей ме?

- Иә, заңмен қорғануға құқым да бар еді, заң мені қорғап шығатындай мені күстаналаған сөздер де жоқ емес еді. Бірақ өзі айналдырған азғантай қазақ, оның ішінде қазақтың екі дүниесі деп жүргендер тіпті аз. Сол аз қазақ бір-бірімен соттасып жүрсе, қалған.ел қайда қарап бой түзейді? Екіншіден, ҚМДБ-ның ақпараттық насихат тобымен Маңғыстауда болғанымызда айтқан сөздерімнің пайдасын алатын ел алды. Рахмет айтып, батасын берген ел жетіп артылады. Сондықтан, көзім жетіп, көкірегім сезініп қайтқан нәтижелерді «маған жүз адам бата берген еді, екі жүз адам риза болған еді» деп жұрт алдында майдаланғым келмейді. Ал мен фитна туғызатын пайдасыз сөздер айтқан болсам, сол жердегі құзырлы органдардың қызметкерлері де, діни басқарма өкілдері де, жергілікті әкімшілік де ай қарап отырған жоқ шығар.

- Сіз жайлы ащы пікір айтып жүргендерді «білместікпен айтып жатқандар» дейсіз. Мұндай кемшіліктерден арылу үшін не істеу керек сонда?

- Алла Тағала қасиетті Құранда «Бауырларың туралы күмәндандаңбар, олардың кейбірі – күнә» дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Егер сендерге бір адам бір жаман хабар жеткізсе, соны толық тексеріп алмай, сенбеңдер» дейді. Сондықтан бізге бір бауырымыз туралы бір жаман ой түсті ме, толыққанды, бүтіндей тексеруіміз керек. Өйткені, ол – адам тағдыры. Жарайды, біздің жаман сөзімізден ол адамға осы өмірде көлеңке түсер. Бірақ сол ағат сөзіміз үшін ертең Алла алдында жауап беруімізге тура келеді. Мәселенің ауырлығы сонда. Мұсылманшылықта сол қолмен тамақтануға тыйым салынған. Мысалы, бір адам сол қолымен тамақ ішіп тұр делік. Бірақ салған жерден ол кісіні харам іс жасап тұр деп жазғырмай, бәлкім, бір қолы қимылдамайтын шығар,немесе оң қолында жарасы, ақауы бар шығар деп ақтауға тырысуымыз, яғни, жақсы ой ойлаумыз керек. Ал егер ешқандай себебі болмаса, сонда  ғана бауырымызға жүрегіне тимейтіндей етіп жұмсақ насихат айтуымыз керек. Сол сияқты сәждеге басын қойып, Аллаға, ақыретке иман келтірген адам туралы пікір айтқанда, пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне сай әрекет жасауымыз керек. Әйтпесе, біреуге қастандықпен қара жағудың нәтижесі «біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген сияқты өзімізге қайта айналып соғады.

- Сын айтылмай тұрмайды ғой. Балама пікірлердің болғаны да дұрыс. Әйткенмен, сынаушылардан бөлек сіз басқарып отырған арнаға деген оң көзқарастағы адамдар да, Аллаға шүкір, жеткілікті. Көрермен ықыласын өздеріңіз де сезініп жатқан шығарсыздар?

- Тәуелсіздік алған жылдары қазақтың рухани әл-ахуалы жан сақтау бөлімінде жатқан адам сияқты болды. Қазір қарасаңыз, мешіттерге ағылған жастарды көресіз. Олардың бірін әке-шешесі қолынан жетектеп апарды немесе мектепте уағыз тыңдап барып жатыр дей алмайсыз. Алла Тағала жастардың жүрегін ашып, мейірімділіктің жолын көрсетіп жатыр. Былайша айтқанда, әр адамның рухы өзінің тамағын іздеп жатыр. Әр адам өзін қанағаттандыратын рухани қазынасын іздеп жатыр. Осы кезде сол қазынаны алыстан іздемей, қазақы қалпында халыққа беруді қолға алған болатынбыз. Бұл – «Асыл арна» жобасы. Іздегенге – сұраған деген сияқты, халықтың жан-дүниесінің сұрағаны имандылық болса, сол имандылық теледидар арқылы әр шаңырақтың отының басы, ошағының қасына еніп жатқан болса, халық әлбетте «Асыл арнаны» жақсы көреді. Бұл әрі табиғи, әрі заңды нәрсе. Біз болмасақ та бұл жоба бәрібір жарыққа шығатын еді. Мұндай жобаны жарыққа шығаруды Алла бізге нәсіп етіпті. Өзіміздің қазақтар ғана емес, ешқандай Ислам насихаты жетпеген қалада тұратын мысық пен күшік құшақтаған өзге жұрт өкілдерінің өзі Құранның орысша аудармасын тыңдау арқылы рухани іздегенін тапқанын айтып жатыр. Балалары тастап кетіп, мейірімге шөлдеген орыс халқының қарттары да бізге қоңырау шалып жатыр.

Біздің телеарна ашып, жұмыс істеудегі мақсатымыз – Алланың ақиқатын ағайынға жеткізу ғана. Діннің егесі – Алла. Бізсіз де дінін Алла ақыретке дейін  сақтайды. Дін төңірегінде адамдардың пікірі алуан түрлі болғанмен, ақиқат дін өзгермейді. Әркім өзін құтқару үшін дініне, өзінің және ұлтының екі дүниесіне қызмет етуі керек. Ал ақиқатын айтып, әркімнің есебін беруші Алла ғана. Пенделердің пікірі алынады, тасталады. Адамдардың толық ризашылығын алған ешкім жоқ.

- «Асыл арнаның» демеушісі кім? Бізде қазір артыңда алпауыт біреу тұрмаса, ауқымды жұмыс жүргізу қиын ғой. Қаржы-қаражат қайдан?

- Әрине, әуелі бізге келетін бүкіл ризық-несібенің жалғыз егесі жаратушы Алла ғой. Әйтсе де, қаржы кейбір жұрт ойлайтындай арабтан, түріктен немесе парсыдан келіп жатқан жоқ. Өзіміздің халыққа титімдей болса да имандылықтың сәулесі түссе екен деген қамкөңіл қазақ азаматтарының қамқорлығымен іске асып жатқан дүние. Олар атын атасақ та, «е, бәленше екен ғой» деп жұрт елеңдейтін саяси тұлғалар емес. Бірақ «осы арнаға қамқорлық жасап жатырмын» деп өздеріне жарнама жасағысы келмейтін намысты, ықыласты азаматтар. Шіркін, байлармыздың барлығы ақшасын шетелдің банкіне салып қоймай, халқының қажетіне жаратса, қаншама тірлік осылай өз жолын табар еді.

Сұхбаттасқан – Ерлан Әбдірұлы.

P.S.

Адамды амалына қарап бағалау – пайғамбардан қалған өзгермес үлгі. Қазіргі уақытта «Асыл арна» еліміздің ірі қалалары ғана емес, шалғай аймақтарындағы шағын елді мекендерге дейін спутниктік, кабельдік жолмен таралуда. Яғни, әр қазақтың шаңырағына иман нұрын сеуіп жатыр. Жоғарыда айтқан пайғамбар үлгісімен қарасақ, «асыларналықтардың» амалын алғашқы қатарға қоюға әбден болады екен.

www.abai.kz

www.nurotau.kz сайты Мақалалар жеңімпаздарымен кездесу өткізді
Екі ай көлемінде өткен мақалалар бәйгесінің жеңімпаздары мен мақала жазуға қатысқандар келіп, осы айдың 20 – жұлдызында кездесу болып өтті.

Кездесуге сайтымыздың негізін бастап, бүгінгі күнге дейін сайттың халыққа қызмет етуі мен көркеюіне атсалысып келе жатқан Асыл анамызда қатысып, жеңімпаздар мен мақала жазған әрбір қаламгерлерге арнайы сыйлығын табыс етті.

Әрине бұл кездесуге келеалмай қалған жеңімпаздар мен мақалаға қатысқан талапкерлер де болды. Бірақ олардың өзге қалада екендерін ескеріп аталған сыйлықтарын мақала астына көрсеткен байланыс телефондарымен хабарласа отырып жіберетін боламыз.

Жалпы кездесу өте қызықты өтте. Сарапшылардан М. Исаұлы, Ы. Палтөре, Қ. Иса қатысып мақала жөнінде сондай-ақ, дінді насихаттау жағынан Ислам құндылықтарын айтып біраз уағыз жүргізді.

Апамыз  алдағы уақытта Аллаһ қаласа тағыды мұндай шараларды көптеп өткізетінін айтты. Әрине көпшіліктен әттеген-ай, – деп біраз хаттар келіп тусіп жатыр. Хаттарында бұл бәйгені естімей қалғандарын, енді бірлері үлгермей қалып жатқандарын айтып өкініштерін білдіріп жатқандар да бар. Аллаһ қаласа бұл бірінші бастамамыз дей келе, келесіде алдын ала жақсылап жарнамалап Нұр-Отау сайтында бұданда қызықты шаралар күтіп тұрғанын айтып өтіп, барша сайт қонақтары мен мақалаға атсалысқан қаламгерлерге алғысын айтып ақ батасын берді.

Қосымша Асыларнадан көгілдір теледидар алдында жақын арада көрулеріңізге болады.

Кездесудегі бірер сәт

Неке жүзігі неге төртінші саусаққа (шылдыр шүмекке) тағылады?
Бас бармақ – Әке-шешелеріміз сияқты

Балаң үйрек – Аға-әпкелеріміз сияқты

Ортан терек – Өзіміз сияқты

Шылдыр шүмек – Ерлі-зайыптылар сияқты

Кішкене бөбек – Бала-шағамыз сияқты

Мына суреттегідей екі қолыңыздағы саусақтарыңызды бір-біріне тиістіріңіз. Ортан терек саусағыңызды суреттегіше екі алақан арасына майыстыра кіргізіңіз.

Осы халде екі бас бармақтың ұшын ашыңыз (бір-біріне тигізбеңіз). Екі саусақтың ажырағанын көресіз. Бұл, күндердің-күнінде әке-шешелеріміз қартайып, табиғат заңдылығымен бақилық болып өмірде ажырайтынымызды білдіреді.

Екі балаң үйрек саусағыңызды ашып көріңіз. Бір-бірінен ажырағанын көресіз. Бұл бір күні аға-әпкелерімізден бірі үйленіп, бірі тұрмыс құрғаннан кейін бөлек кететіндіктен бірге болалмайтындықты білдіреді.

Енді екі кішкене бөбек саусағыңызды ашып көріңіз. Бұл жерде де ажырағанын көресіз. Бұл бала-шағамызда күні келіп бірі үйленіп, бірі тұрмысқа шығып бөлек кететінін білдіреді.

Ал енді неке жүзігі тағылатын шылдыр шүмек саусақтарыңызды ашып көріңіз. Бір-бірінен ажырағысы келмей, ашылмайтынын көресіз. Бұл – екі жұптың мәңгі бірге деген ұғымды білдіреді деумен неке жүзігі сол төртінші саусаққа тағылады екен.

Міне ардақты ағайын қарап отырсақ Аллаһ Тағала әрбір дене мүшеміздің өзінен үлкен ғибратты нәрселер жаратып өзінің хикметін сездіріп қойған. Осы жерде Абай атамыздың мына сөзін тағы бір оқып көрелік:

Кеше бала ең, келдіңғой талай жасқа,

Көз жетті бір қалыпта тұралмасқа.

Адамды сүй, Аллаһтың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде онан басқа.

Иә, саусақтың осы бір хикметін ұққаннан кейін кімде болмасын бір күлімсиді. Осының өзі Аллаһтың бір хикметін сезгендік болар. Мысалға алып отырған қолымыздан ауытқымай бес-бестен құралған екі алақанымызды ашып тағы бір үңіліп көрейікші, Аллаһтың және бір хикметі ашыла түседі. Оң алақанымызда арапша 18 (۱۸), сол алақанымызда 81 (۸۱) деген сан шығады. Сол екі санды қосқанда әл-Әууәл бұрыннан бар болған әлемдердің Раббысы Аллаһтың 99 көркем есімдерінің санын көрсетсе, екі алақандағы 81 санынан 18 санын алатын болсақ жер бетіне рақым болып, ең соңғы Пайғамбар әрі Елші болып келген әз Пайғамбарымыз Мухаммедтің (с.а.с) дүниеден 63 жаста өткендігін көрсетіп тұр емес пе?! Әрине бұл нәрселерде басқа да үлкен хикметтер жатқан болуы да мүмкін. Дегенмен осы бір кішкене ой жүгіртетін нәрсені жүрекке тоқып қойғанымыз жөн болар.

Ендеше ардақты бауырлар, бүгінгі күні ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі артып, ажырасулар көбейіп бара жатыр. Екі қолымызда ескертіліп тұрғандай бір-бірімізбен ажырамауға, дүниеге келген ұрпақтардың болашағы мен олардың алдындағы үлкен парызымызды естен шығармауға тырысайық. Ол үшін Аллаһтың 99 көркем әрбір сипатына мән беріп, мына дүниенің өткінші жалғандығын, жалғыз Аллаһ қана мәңгі екенін білумен қатар Оған деген құлшылығымызды жасайық. Әлемдерге рақым етіп жіберілген Пайғамбарымыздың да (с.а.с) дүниеден өткенін меңзеп тұрған алақанымызға жиі қарап осы дүниеге келгеніміз жай әншейін емес екенін естен шығармай, біздерге белгісіз бір уақытта аяқ астынан келер ажалға дайын жүрейік ағайын.

Абай атамыз айтқандай адамды (бір-бірімізді) сүйіп, Аллаһтың хикметтерін сезіне білейік. Саусақ пен алақанның бірер хикметін айттық. Негізінде ол саусақ пен алақанның атқарар қаншама қызметін ақыл иелері ойланбай-ақ білері хақ. Олай болса Аллаһтың алдындағы міндеттерімізді де бір ойланып қоялық…

Жеңіс Әбибуллаұлы,

исламтанушы

КЕРУЕН ДҮНИЕ
Нур-Отау.kz сайтында макалалар сайысынан бірінші орын алған мақала

Әсиманың денесі күйіп жанып, сандырақтап сөйлеп жатқанына бүгін екінші күн.  Тәңірінің сыйлаған сүйкімді жүзі қиналғанынан алабұртып, сұлу өңі сергелдең халді кешуде. Жасы жетіге енді қараған бүлдіршіннің ауыл балаларымен асыр салып ойнап жүргені кеше еді. Анасы Шәйман шырқ үйіріліп жанынан шықпайды. Біресе сулы шүберекті әкеліп маңдайына қойды, әйткенмен, дененің қатты  ыстығынан шүберектің өзі жылымшы болып сала береді. Дегбірі қалмай біресе ауызына су тамызды, қыздың суды жұтуға да ықыласы жоқ.

Есік сықырлай ашылып, көрші тұратын Сырға кемпір күбірлеп сөйлей кірді. Оның  «Құдайым-ай, сақтай гөр-дағы, сорлыларды қашанғы жылатасың» деген сөзін естіген Шәйманның денесін әлсіз діріл билесе де онысын сездіртпегендей Сырға кемпірге сәлемін беріп, көрпесін жайды.

Әсиманың жүзіне үңіле қараған Сырға кемпір басын оңды –солды қозғап, әрнені бір айтып жатқан қыздың кейпін көріп, қатты күрсініп жіберді. «Тіл –көз деген тажал ғой бұл, тағы да жұтайын дедің бе» деді ішінен. Шәйманға қарап еді, байғұс әйелдің өңі солғын тартып, шаршаңқы көздері кіртиіп кеткен екен. «Бекем бол,байғұсым» деді тағы ішінен Сырға кемпір. Естіртіп айтуға жүрегі дауаламады. Шәйнегін отқа қояйын деп тұрып жатқан Шәйманға: « Қажеті жоқ, нан ауыз тием де қайтам» деді де, кебісін қолына ұстап, ауызғы бөлмеге қарай шыға берді. «Көз жанары жарқыраған, сұлу бала еді, Алла шипасын берсін, қарағым, Мен жүрейін, Шәйман, Әсиманы көрейін деп келгем, сырқаты…. сырқатын тым асқындыртпай Шайқы молданы шақыртсаң қайтеді» деді.

«Шайқы кеше келді» деді де Шәйман іркіліп қалды. «Еее, не деді, сырқаты неде екен» деген көршісіне жауап қатқалы жатыр еді, кенеттен Әсиманың ышқынған дауысын естіп, төргі бөлмеде жатқан қызына асыға жүгірді. Шәйманның артынан іле –шала ере кірген Сырға кемпір қыздың «Тәңірберген, Патима, Тілеуберді, Ғайша, Жамал, Зухра, Әмина,» деп айтып жатқан сөздерін естіп, «Құдайым-ай, сақтай гөр- дағы» деп тағы күбірлей берді.

Осы кезде Әсиманың ауырып жатқанын естіп, хал-жағдайын сұрап, көңіл айтқалы келген Нарқыз бен Шәрипа да есікті ашып ішке енді. Әсиманың сөздерін үйге кіргеннен олар да естісе керек,  бірі «Аллам-ай амандығыңды бере гөр» деп, бірі «Қорқынышың қуаныш болсын, Шәйман» деп Әсиманың жанына отыра кетті. Бұл кезде сұлқ түсіп, талықсып кеткен Әсиманың сырылдаған демі ғана естіліп  жатты.

Нарқыз шыдай алмай: «Жарығым-ау, кішкене ғана жарық дүние едің-ау, өліп кеткен бауырларыңның аттарын  айтып жатқаның не, азғана күннен соң сауыққаныңды көрсек деп ек» деп еңіреп жылап жіберді.

Қайтыс болып кеткен жеті сәбиінің атын естіген Шәйман бүк түсіп отырып қалды.  Әсима мұның сегізіншісі еді. Жеті ұлын көктемей жатып, кішкентай шақтарында  жер қойнауына тапсырған Шәйман мен Қосжан Әсиманың желкілдеп аман-есен өсіп келе жатқандығына қуанып, Раббысына шүкір айтудан талмайтын. Шәйманды қинаған жалғыз ой – отағасының  Әсиманың әлі бұлай сырқаттанып жатқандығын білмейтіндігі. Бір жеті болған, жылқыға кеткен еді. «Азын аулақ үйірін ертіп үстіртке қарай кететін қара айғырды көріп келейін, қара майға түсіп кетер» деген. Қара майы дегені – үкімет жерден мұнай аламыз деп оның жарамсыз қалған қап-қара майын кілкітіп, кез-келген жерге төгіп кететін, қара майға түсіп кеткен малдар өздігінен шыға алмай, ұзақ тұрып қалса мойнына дейін бататын-ды. Мойны ғана қылтиып тұрған малды шығару зор күш. Ауыл адамдары көбінесе сол қара майға түсіп кетпесін деп, уақ жандықтары барлары да, ірі қарасы барлары да, жиі –жиі қарап тұруды әдетке айналдырған. Ал жылқы малы көбіне бір жерде үйіріліп жайыла бергенді қош көрмейді, тарпаң өскен шөпті іздеп,құмды, құрғақ жерден, тасты –таулы жерге қарай үйірін ертіп кетіп қалатын. Отағасы Қосжан жанына үйірге қосқан жылқылары бар көрші құрдастарын ертіп, соған кеткен-ді.

Ауыр ойға түскен Шәйман Қосжанды ойлап, жүрегі сыздады. Қызының беті бері қарамасын сезген ананы қинаған жалғыз ой – отағасы болды. Қырықтан асып елуге жығылған Қосжанның үкілі үміті еді Әсима. Осы қызын ерекше жақсы көретін ол , жанынан тастамай,жиын –кеңеске де, ауылдың  той-томалақ, садақасына да ертіп жүретін.

Түнде жанына алып жатып, жаздыгүні есік алдына өзі қолдан жасаған ағаш тапшанның үстінде оған жұлдыздардың атауын үйрететін. «Анау-темірқазық. Ол бір орнынан қозғалмай тұратындықтан темірқазық деп аталған. Анау үлкен аю, кіші аю деген, ал анау шөміш секілді жұлдыздарды көрдің бе, олар- жеті қарақшы деп аталады» деп ерінбестен, әр жұлдызды жеке –жеке ел аузында жүрген тарихымен қосып айтып беретін. Әкесін ұйып тыңдайтын Әсима сұрақ қоюдан да жалықпайтын. Жұлдыздар не үшін керек, анау жұлдыз неге жерге түсіп бара жатыр, деп ағып түскен жұлдыздарды көрсететін. Қосжан оның әр сұрағына бала ғой, деп алдап, өтірік әңгімелер қиыстырып айтпайтын. Жасынан шариғатты жетік біліп өсіп, жігіт екендігі білінген шағынан намазы мен оразасын тастамаған ол, қызына да шариғат заңдарын үйрететін. Тіпті жұлдыздар туралы, «Алла оларды екі мақсатта жаратқан қызым, бірі –адамдарға түнде жол көрсетіп, бағыт-бағдар беру үшін, бірі –шайтандарды атқылау үшін» дейтін. Мұның арты әрине Әсима үшін ұзақ-сонар әңгімеге ұласатын «Әке, Алла жұлдыздардың арғы жағында  ма, шайтан деген не,» деген сауалдарын жаудыртып, әбден қалжырап, ұйқысы келгенше әкесінің бар ықыласымен айтып жатқан әңгімесін есітіп жатып ұйқыға кететін.

Қосжан «Лә илаха иллаллах , Мұхаммадур расулаллах» деген сөзді Әсимаға 3 жасқа толғанда жаттатқызған еді. Содан бері бұл сөзді санасына сіңіріп алған Әсима осы сөздің ең ұлы да, ең жақсы сөз екендігін өзінше бір түйсігіне құйып алған-ды. Кейде ауыл балаларымен бірге ойнап жүріп құлап қалғанда, «Бисмилләх» десе, тақпақ айт дегенде «Лә илаха иллалах, Мұхаммадур расулаллах» десе кейбірі қызыға қараса, кейбірі келемеж қылатын.

Кеңес өкіметінің керағар саясаты өктем боп тұрған уақытта осы бір кішкене ауылдағы Қосжанның қызы ғана «Лә илаха илллаллахты» бар таза пейілімен, шын ықыласымен айтатындығына өзгелер таңдана да қараушы еді.

Кәлиманы үйретпек түгілі, үйіне аталарынан қалған Құран мен шариғат кітаптарын сақтауға қорқып, өртеп жіберген немесе «Алла» деген сөз алда –жалда аузынан шығып кетсе, өз қолымен аузын өзі лезде жауып, жан-жағына жалтақтай қарайтындар көп еді…

«Шәйман, әу, Шәйман, есің ауып кетті ма, бәтір-ау не болды саған» деп иығынан жұлқылап жібергенде ғана көп ойға көміліп отырған Шәйман селк ете түсіп, жанында отырғандарға назарын аударды.

Қызы Әсима әлі сол бір күйде жатыр екен. Кішкентай сәби өңі сұрғылт тарта бастапты. Екі күн нәр татпағандыкі ме, сылынып, жүдеу тартып та қалыпты. Қызына көз алмай қарап отырған Шәйман оның қозғала бастағандығын көріп,  жүрегі аузына тығылды. Бұрынғы сәбилерінен көз алдында айрылып, қорқып қалған жүрегі тағы да тағат таппай барады.

Бір кезде Әсима үнсіз сыбырлап: «Апа, әкем қайда?» деді. Шәйман қызының тілге келгенін көріп, көңіліне қуаныш ұялағандай болып:« Келеді, құлыным, әкең келеді, сәл шыдашы» деді дегбірі қалмай.

Әсима тағы сандырақтап кетті.  «Әке, әке деймін, анау жұлдыз темірқазық қой, ол жалғыз өзі қозғалмай тұратындықтан солай аталған, әке, әке, менің ұйқым келіп тұр, кәлиманы айтайықшы , әке деймін, неге үндемейсің, а, әке,…»  деді де Әсима талықсып кетті.

Нарқыз босаңдау әйел еді, егіліп отыр. Сырға кемпір қолындағы тәспісін тартып, Алланы зікір еткен қалпы үнсіз. Шәрипа Шәйманға жақындай отырып, «Аллам-ай амандығыңды бере гөр» дей береді.

Шәйман кеше келіп Әсиманы қарап кеткен Шайқы молданың сөзін есіне түсірді. «Қызыңды тіл-көз қаққан екен, шырағым, сырқатын емдеу қолымнан келе қояр ма екен, өткір көз бен безеу тіл балаңды алып тынбасын, қайтейін» деп, Құран сүрелері жазылған ақ парақты қолына ұстатып, «осы ішірткіні суға салып бер, шипа Аллаһтан ғой, мүмкін Тәңірім мейірімі түсіп, айықтырар» деп кете барған.

Шәйманның ойын Әсиманың сыбыры бөлді. Оның бір нәрсе айтқалы жатқанын сезген әйелдер жағы да қыздың жанына жақындай түсті.

Аллаһтың құдіреті шексіз ғой, жеті жасар Әсима үнсіз ғана «әке, кәлима айтайықшы, әке, неге үндемейсің»  деді тағы да.  Сонан соң «лә илаха иллаллах, Мухаммадур расулаллах» деген сөзді айтты. Шәйманның жүрегі суылдап сала берді.

Әкесінің қызына үйреткен ең аяулы тәрбиесі еді бұл сөз. Кішкене қыз кәлиманың мәнін қайдан ұқсын дейтін Шәйман.

Әсиманың  терең тыныстағаны естілді де, сәлден соң кішкентай жүрегінің дүрсілі мен тынысы үзіліп сала берді.

Мәңгілік өмірге аттанған балапан жүрек енді ғана байыз тапқандай балбыраған қалпы тып-тыныш жатыр. Әйелдер дауыс салып жылай бастады. Шәйманның көзіне бір түйір жас үйіріліп келіп үзіліп түсті. Өзге әйелдердей өкіріп, дауыс еткен де жоқ, шашын жұлып, бетін де тырнамады. Сандығын ашып, ақ бөз матаны алып кеп, Әсиманың қолынан сүйіп, маңдайынан иіскеді де, «жаның мәңгілік тыныш табатын жерге аттандың құлыным, ол жақта Сенің ең мейірімді Иең бар, Аллаһ алдыңнан жарылқасын» деді де тамағына кеп тығылған ащы өксігін ішіне жұтып, «Аллаһым, өзің бердің, қызықта деп қылығын көрсеттің, алғың келді, міне, қайта өзіңе табыстадым» деді. Кенет қайғы мен ауыр ойлардан мең-зең болған басының қатты ауырып бара жатқанын сезінді де талықсып құлап кетті.

У-шулап әйелдер жағы Шәйманды төсекке әкеп жатқызды. «Байғұсым-ай, нарсың-ау, әйел болсаң да мықтылығыңды қайтейін, Аллаңа бір рет те тіл тигізіп, назыңды айтпадың-ау» деп Сырға кемпір күбірледі.

Қосжан түнде көрген түсін есіне алып, тыжырынды. Жаны аласұрғандай болды. Алайда жамандыққа жорыған жоқ. Алладан дұға етіп, қайырлы етуін сұрады. Таң намазын оқып болып, қоста ұйықтап жатқан жолдастарын оятпақшы болды.

Түсін тағы да еске алды. Қолындағы әдемі боп піскен қауынды Әсимама апарам деп қолтықтап алған екен. Жүріп келе жатыр екен, шыңырау құдыққа кезікті. Неге екені белгісіз құдықтың жанына барып, үңіліп ішіне қарады. Жанында ескі қара қауға байланып тұр екен. Құдықтағы судың мөлдірлігінен өзінің жүзін ап-анық көрді. Кенет қолындағы қауын ыршып барып құдыққа түсіп кеткені. Жанталаса қауғаны алды да, құдыққа түсірді. Қауынды алғысы келіп қауғасын олай да бұлай да бұлғақтатып, ішіне тастады. Қауын қауғаға ілінбеді. Қауғаны тастап, қолымен алмақшы болып, тізесін құдықтың ернеуіне тіреп, ішіне төнді. Қолы жетпеді. Қауынды көріп тұр , бірақ мұның қолы жете берісімен тууу түбіне бата түседі. Шыңырау құдық қауынын жұтып алғандай болды. «Қап-ай, ә» деп қауынды ала алмағанына ызаланып жатып, оянып кетті.

Түсін ұнатпады, жылқыларын тағы бір қарап қайтуға да зауқы соқпады. Жанындағы жолдастарына «ауылға қайтайық» деп ұсыныс жасады. Олар да қарсылық білдірген жоқ, дүрбілері мен жол қапшықтарын алып, алты аттылы боп ауылды бетке алды.

Ауылсоветінің өзі тісі батып тіке келе алмайтын Қосжан –  Жұбантыр шалдың жалғыз ұлы.

Ақ патшаның уақыты мен Голощекиннің қырғыны, соғыс пен «совет» өмірі – мұның тағдырына  жазылған жылдары болды. Әкесі Жұбантыр да әкеден жалғыз. Жеті атасынан бері жалғыздан жалғыз таратып, ұрпағын жалғап келе жатқан Жаратқан иенің жазуы ма екен, Қосжан ізінен ерер құлағы қарайған бір қараны аңсады. Жұбайы Шәйман жеті перзент көтерсе де, тұрақтамады, шетіней берді.

Бір ауылды аузына қаратар шешендігі бар, әли руының ішіндегі ең сөзге де, іске де жүйрік, шариғаттан сауаты мықты әкесі Жұбантыр Қосжанды  кішкентайынан жанына ертіп, ел аралатты. Әулиелер мекені деп жергілікті халқы асыра әспеттеп, Алладан бұрын ата-бабасын айтып сыйынып жататын бұл өңірдің діншілдігін дұрыс деп санамайтын. Жұбантыр шалдың әкесі Әбділла заманында тақуа болған, үш рет Меккеге барып қайтқан деседі. Білімге құштар болғаны соншалық, өзі өмір сүрген уақытта Самарқан мен Бұхарға барып, игі кісілерден тәлім алған екен. Жұбантырға 7 жасынан бастап, Құран жаттатты, намаз үйретті. Дін кітаптарын оқытып, арабша сауатын ашқызды, шариғатты жетік меңгертті. Ата көрген оқ жонар деген, ендігі Жұбантыр шал да Қосжанды қасынан бір елі тастамай, Қызыл молда, Шопан әулие деген ілім иелерімен сұхбаттасқанда жанына алып отыратын. Көнекөз шалдардың шырын әңгімесі, олардың Құранды оқығанда әуезіне бойы балқитын шақтары Қосжанның әлі есінде.

Аттылар екіндіге таяу ауыл шетіне таянды. Бұлардың сонадайдан асығыс шаңытып келе жатқандарын ойнап жүрген ауыл балалары да көрді. Әкесі барлары «әкетайлап», олардың қиқуына еріп, қызықтап жүгіргені «алақайлап» , барлығы он бес шақты жалаңаяқтар бір-бірімен жарысып жүгірді.

Аттарының терін басып, бәсең жүріске түскен бұлардың жанына шуылдап келген балалардың арасынан Қосжанның іздегені Әсима  болды. Көзіне шалынбағасын жанына жүгіре жеткен кішкене қыздан: «айналайын, Әсимам қайда, көрінбейді ғой» деді. Ойында ештене жоқ кішкентай қыз: «Білмеймін ата, Әсима кеше де, бүгін де ойнауға келмеді. Сіздің үйдің оң жағында ши ұсталып тұр. Менің апам сіздің үйіңізде» деді.

Дүние шыр көбелек айналып жүре берді. «Қошеке, не болды, Қошеке» деген сөздер ғана еміс еміс есінде…. Арғы жағы әппақ әлемге айналып кетті.

Дүйсен мен Құдияр аттан есі ауып құлаған Қосжанды үйге көтеріп әкелді. Қосжан Әсиманың өлімінен кейін қатты күйзеліп кетті. Сақал шашы ағарып, өңі жүдеу тартып, ас-суды да тартынып ішетін болды. Мұнысы – Раббысына деген өкпесі емес, Әсимасына деген сағынышы мен оның өліміне деген қайғысы еді. Шәйманның қатты алаңдағаны бекер емес еді. Бұрынғы сәбилері тым кішкентай кездерінде, тілі шығар –шықпастан қайтыс болып кететін, ал Әсимасы желкілдеп өсіп, қолғанат болып, қылығы қызықтырып, қарақанат шаққа жеткенде қайтыс болғаны жанына батты. Оқтын –оқтын қызының еркелей кеп мойнына асылатындығы, ыдыс-аяқ жуысам деп бірге қабаттасып жүретіні, әкем қашан келеді деп қылқылдап мазасын алатыны есіне түссе- жүрегі сыздап қоя береді.

Әсима кеткелі үйдің ішіне өлі тыныштық орнады. Көңіл айтып, қайғысына ортақтасып келген жамағайындары мен жеті шелпегін таратып, амандық-саулық сұрай келген көршілерін ғана көретін болды қос мұңлық.

Арада біраз жыл өтті. Жиырма жылды артқа тастап, уақыт та өз дегенімен жылжи берді. Дөңгеленген уақыт Қосжанды сақал –шашы ағарған қартқа, Шәйманды бет жүзін әжім торлаған кемпірге айналдырды.

Қосжанның Ақан деген немере туыс болып келетін інісі бар еді.

Әсиманың өлімінен соң, бұрынғыдай ел аралап, ашық-жарқын әңгімесін айтып, ауыл ішіндегі дауларды шешіп, шариғаттан шала сауатты шалдарға дін істерін әңгіме етіп отыратын Қосжан оның бәрін ұмытты. Жалғыз алданышы бір қора қойын алдына салып, Шәйманның жасап берген тамағы мен суын арқалап, атына мініп ауыл сыртына  кетіп қалатын болды.

Мұнысын естіп қатты жабырқаған Ақан әйелі Айсұлудың босанғанын күтті. «қыз туса да, ұл туса ағама апарып беремін» деген шешіміне жары да қарсы болған жоқ. Толғағы келіп, аман есен қыз баланы дүниеге әкелген Айсұлу баланы жөргекке орап, Ақан екеуі Қосжан мен Шәйманның  үйіне апарып тастады. Алғашында Шәйман азар да безер болып, нәрестені алмай қойған. Қорықты. Шетінеген сәбилері  есіне түсіп, біреудің көзі жәудіреген жауқазынын тағы да өз қолымен қорымға апарарынан қорықты. Ақан мен Айсұлу тыңдамады. Айсұлу тік мінезді  әйел еді. Шәйманның неге баланы алудан қашып отырғанын түсіне қойды да: «Өлсе сұрауы жоқ, Алланың алдында антым осы, неге өлді деп те сұрамаймын» деп, қызылшақаны табалдырықтың алдына тастап, шығып кете барды. Айсұлудың соңынан Ақан  да шығып бара жатып Шәйманға бұрылып: «Жеңеше, тірлікте көп қиналдың ғой, Алла саған осы нәрестені қайырлы етсін  деп дұға еттім, жабырқама, әлі кіндігі де түскен жоқ, жуындырып аларсың» деді.

Шәйман байғұс іңгәлап жатқан шарананы алып, тұзды суға шомылдырды, суына күміс салып, қарын шашын алды. Қосжан сәбидің құлағына азан айтып Зағира деп атын қойды. Сөйткен Зағирасы да бой жетіп он беске толды. Әсимаға үйреткендерін Қосжан қарт Зағирасына да үйретті. Тұлымшағы желбіреген кішкентай қыз көңілдеріне медет, көздеріне қуаныш болды.

Өмірінің соңғы мезеттері таяғанын Қосжан қарт та сезіп жүргендей еді. Кешелі бері төсек тартып жатып қалған оған туыстары мен немерелес жақындары, көзтаныстары көңілін сұрап келіп жатты.

Қосжан ауырғалы Ақан оның жанында. Дәрет алуына көмектесіп, намазын оқырда сүйемелдеп көмектесетін., қазыналы қарттың бұл дүниедегі ең асыл да ардақты заты Құранды оқып беріп жанын жайбарақаттандыратын. Сырқаты жанына батып жатса да Алланы зікір етіп, оған деген құлшылығынан танбады Қосжан қарт.

Бүгін күн жұма. Жаратқан иенің қасиетті еткен қайырлы күнінің де шуақты таңы атты. Алагеумде тұрып қос қарт намаздарын өтеп, күн көтерілгенше Құран оқыды. Сәскеге жақын Қосжан қарт өзін қатты жайсыз сезінді. Ауруы жанына батып, сөйлеудің өзі мұң болды. Ақан да бір нәрсені сезгендей жаны тыныш таппады.

Қосжан өзінің Раббысына жолығатын сәтінің тақағанын ұқты. Санаулы уақыттардан кейін сегіз сәбиі аттанған, адамзаттың ақырғы барар жеріне өзінің де жүргелі тұрғанын сезінді. Кенет …о, тоба,  Аллаһтың құдіреті…. кішкентай Әсимасы келді жанына. «Әке , әке деймін, Аллах мені жақсы көреді ғой, ия? Сені де жақсы көреді. Апамды жақсы көреді. Жұлдыздардың иесі де Аллаһ қой, ия әке?» деп құдды осыдан неше жыл бұрынғы жаздыгүні далада жатып сансыз жұлдыз жымыңдаған аспанға қарап жатып қоятын сұрақтарын айтты.

Қосжан қарт қорқыныштан ба, әлде есім дұрыс па осы деген ойдан ба тілі күрмеліп бір нәрсе айтуға батылы да бармады. Әсиманың елесі жоқ болып кетті де, жүзінде бұған деген қимастық бар, егіліп отырған Ақанды көрді.

Қосжан қарт жүзін құбылаға бұрды.Көз алдына Әсимасы келді. Қызының «Әке, анау жұлдыздың аты не» деген үйреншікті сұрағы мен «әке ұйқым келді, кәлима айтайықшы» деген сөздері есіне түсіп жымиды. Жымиды да қызына үйреткен ең ұлы да ең жақсы сөз «Лә илаха иллаллах, Мұхаммадур расулаллах» деген сөзді ап-анық айтты да, бұл жалғанмен қоштасып кете барды.

Ақанның көз жасы сақалын жуып кетті. Сыртта жүрген Шәйман мен қызы Зағира да бір нәрсе болғанын сезгендей бөлмеге жүгіре кіріп, бірі әкесін,екіншісі жұбайын құшақтап дауыс салды.

Ақан қарт өз-өзіне ие болар емес. «Арысым-ау, иманмен өмір сүрдің иманмен жаныңды тапсырдың, бұдан басқа сенде не арман қалды, Аллаһ сегіз балаңды алса да , Тәңіріңе бір ауыз өкпеңді айтпадың, арызданып, шағымданбадың, тулап, ашуға мінбедің. Кәлиманы нәсіп етіп, Алла саған сабырға толы, сынға толы өмірді берген екен, арысым! Алла алдыңнан жарылқасын!» деп көзінен жасы сорғалаған Ақан Қосжан қарттың нұрлы жүзін қимай көзін жапты.

Жұма күні жақсы өлімнің белгісімен Раббысына аттанған Қосжанның аясы үлкен жанарында жап-жарық сәуле мен аялы жүзінде нұрлы өлімнің ізі қалды…..

Анаргүл Жексембайқызы

Ақтау

Арбаға байланған арман
<img src="http://pics.kz/s6/26/08/b9/8d/2608b98dbbd316e62dbcc480ab086876.jpg"

Алыстан бір сәуле ұшқыны көрінгендей болды. Болат екі аяғын еркін көтеріп, қара жерді еркелей басып жарыққа қарай асығып келеді. Көңілдегі мұңын біржола ұмытып, ауру атаулыдан айығып кеткендей халде. Ол жүрген сайын сәуле сынығы ұлғайып, биік жартасқа әкеп тіреді. Ия, арманға жеткен сәт! Бар күшін жиып, білегін сыбанып жоғары қарай қанша ұмтылса да, аяғы тайғанақтап сырғанай берді. Енді көтеріле бергенде, сол аяғы тайып кетіп құлап кете жаздап, шошып оянды. Түсі екен. Денесі қара терге малыныпты. Көзін ашар ашпастан аяғына қарады. Еш әрекет жоқ. Жыларман боп басын жастыққа қайта ұрды.

-Шіркін, дәл солай өз аяғыммен жүрер болсам мәңгі ұйықтап жата берер едім,- деп көзіндегі ыстық тамшыларды сүртіп тауысар емес.

-Жо- жоқ, мәңгілік ұйқы дегенім өлім емес пе. Бір ажалдан аман қалдым. Енді өткен күнде қалған өкінішімнің орнын толтыру үшін әрекет етуім керек- деп, іштей күбірлеп қояды. Болатта ұйқы жоқ. Таң атар емес. Тар бөлмеде қараңғылыққа сырын ашты. Жасаған қателіктерін енді ғана мойындағандай.

-Кішкентайымнан айтқанымнан қайтпайтын қырсық едім. Әке- шешемді тыңдамақ түгілі, беттеріне сөз қайтарудан да тайынбайтынмын. Ішімдік пен темекіге өте құмар боп өстім. Сондағы тапқан пайдам қане-е. Екі аяғымнан айрылдым…

Еріндері дірілдеп, тамағына ащы өксік келіп тығылды. Көздерінен аққан жасында тоқтау болмады.

-Аяғым, аяғым. Мама, папа, мені кешіріңдерші.

Жылағаннан солқылдаған даусы қалай шыққанын өзі де аңғармай қалды. Екі қолы көрпесін жиырып, қатты қысқаннан алақаны ашылар емес. Осынау ащы шындықпен арпалысқан ойды дәрігерлердің даусы бұзып жіберді.

-Уколға…Айқайлаған дауыс, аппақ бөлме, аппақ төсек, аппақ әлем. Болат ауруханаға түскелі айдың жүзі боп қалды. Қанша өкініп, бармақ тістегенімен қолдан келер қайран жоқ. Кеше ғана- ақ аттай шауып жүр еді, бүгін арбаға таңылып отыр. Бәрі де ащы судың кесірі. Бұған дейін ол мүлде басқа адам болатын. Әке- шешесінің тапқан ақшасын аяусыз араққа жұмсап, одан қалса би алаңдарынан шықпайтын. Арасында ұрлық жасап, біреуді ұрып- соғу үйреншікті тірлігі болатын. Қала берді қыз атулыны алдап, уысына түсіріп, артынша міз қақпай жүре беретін еді. Обал, харам дегендерді әкесі қанша зар илеп айтса да, оны ұғатын Болат емес. Сол жолы да баласының күйігі әбден өткен әкесі:

- Балам, мына істеп жүргенін түбі жақсылыққа апармайды. Анаң екумізді ел жұртқа күлкі қылмай, адам атқа лайық өмір сүрсең етті. Саған қалай айтып түсіндірсем болады- деп, жыларман күй кешті. Әке сөзін құлағына да ілмеген Болат, мастықтан аяғы жерді әрең тіреп тұрса да, машинаға отыра кетті. Бауыр еті баласына жаны ашыған анасы:

- Балам ау, мына түрінмен қалай көлік жүргізбексің? Үйге кіріп дем алсаңшы- деген сөзін елеместен, анасының қолын сермеп жіберіп, кете барды.

- Адамша өмір сүре алмаған баладан не үміт, не қайыр- деген әкесі бар ашуын ішіне сақтап қала берді.

Осы жолы үлкен жолда бар жылдамдықпен келе жатқан Болат қарсы жолдағы көлікке соқтығысып, өлім аузынан қалды. Бірақ екі аяғы тізеден кесілді…

- Енді ешкімге керексізбін, керегім шамалы. Қалай өмір сүремін- деген сөздерді қайталай берді.

Келесі күндердің бірі. Есік ашылғандай болды. Өңі жүдеп, уайымнан шаршаған анасы екен.

- Құлыным сол, саған ыстық тамақ жасап әкелдім. өңің бозарып кетіпті ғой, тамақ ішші, қане, аузыңды аша қойшы- деп, еркелеткен анасының мойнына асыла кетті. Жылап жіберді.

- Мама, мүгедек болған соң ешкімге керексіз болып қалғанымды сезінуге жол бермеңіздерші… басқа сөз айтар дәрмен жоқ. Бұл жолы кешірім мен жалыныштан шыққан жастың мөлдір тамшылары тоқтаусыз ерінге жетіп еріп жатты.

- Балапаным,ішіме сиған соң сыртыма да сиясың, сен маған керексің- деп, анасының ет жүрегі елжіреп, жігері құм боп егіліп барады. Мейірімге толы ана жүрегі қанша жаман болса да өз баласын далаға тастаған емес.

Жиырмасыншы күн. Болаттың мұңайған қабағы бір ашылмады. өзінен басқалардың бәрі де шынайы өмір сүретіндей. Ешкіммен жұмысы жоқ, өз тіршілігімен әуре. Тағы да өкініш, тағы да…

Отызыншы күн. Ауырған жері жазылып келеді. Бірақ ертеңін ойлап өксіп алатын- ды. Кеудені кернеп тұрған уайым дертіне шипа іздей бастады.

Біреудің жүріп келе жатқаны естілді. Анасы екенін сезді.

- Балам- ау тәуір боп қалдың. Енді аз ғана шыдашы. Бәрі де жақсы болады.

Болаттың анасына деген айтып жеткізусіз ыстық махаббаты күннен күнге арта түсуде.

- Өмір ай, мұны сезіну үшін, мұны дәлелдеу үшін осындай халді бастан кешу мақсат па еді?- деп, Болат өзін мазалаған сұрақтарына жауап іздей бастады.

Кетерінде анасы «бір сәт көңіліңдегі мұңды жеңуге амал жаса»- деп Болатқа бір кітап тастап кетті. Кітапты парақтай жөнелген Болат мына сөздерге көзі түсті:

«Бір кісі Алланың елшісіне (с.ғ.с) келіп: «Ия, Расулуллаһ! Жақсылық жасауға кім лайықтырақ?- деп сұрағанда ол: «Анаң»-деп жауап берді. «Одан соң кім?»- деп сұрағанда да: «Анаң»- дейді. «Одан соң кім?»- деп қайталап сұрағанда тағы да: «Анаң»- деп жауап қатты. «Содан кейін кім?» деп сұрағанда «Әкең»- дейді.

Болат терең ойдың тұңғиығына сүңгіп кетті. Сол күнгі оқиғаны есіне алды. Әкесін тыңдамай, анасын итеріп машинаға мінгені, бұған дейін оларды бір ренжітпеген сәтін есіне түсіре алмады. Өкінішті- ақ.

- Ақымақ басым- ай, әке- шешеме қарсы келіп, үлкен күнә жасап жүргенімді де сезбеппін ғой- деп, Болат қатты күрсініп алды.

- Осы күнге дейін қалай көрсоқыр болып келгем, маған осыншалықты жақсылық жасаған әкем мен анамның қадірін білмегенім- ай- деп, ол кеш кірген ақылға жүгінді. Енді оны қалай өмір сүремін деген емес, әкем шешемнің қарызын қалай өтеймін деген қорқыныш мазалай бастады. Өмір сүрудің мәнін енді түсінгендей.

- Қырқыншы күн. Биік жартасқа өрмелеп шығып барады. Сол баяғы жартас. Жазбай таныды. Алғашқыдай аяқтары тайғанақтамай,еркін басып шыңына да жетті ау. Терең тыныс алып, бойын жазып, қолдарын жоғары көтергені сол еді, қолы тарс етіп төсекке тиді. Тағы да түсі. Бірақ, алғашқыдағыдай емес, бағыты айқындау. Көңілі жайланып, біртіндеп сол күніне де үйреніп қалды. Ішімдік атаулыға лағынет айтып, қателіктерін өтеу үшін амал жасауға ниеттенді. Арбаға байланса да, бар арманы әкесі мен анасының көңіліне қаяу түсірмей, еш мойымай өмір сүруге деген құлшынысы арта түсті.

Динара Айнекова

Абай атындағы ҚазҰПУ- дың студенті

ХАЛАЛ ӨНІМ ОСЫЛАЙ ШЫҒАРЫЛАДЫ
Жуалы ауданындағы «СМТС» ЖШС шариғат талаптарына сай тағам өндіруге ден қойған кәсіпорынның бірі. Таяуда серіктестік басшысы, жеке кәсіпкер Л.Оздамировтың шақыруымен мұнда ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне қарасты №57 халал сертификаттау комитетінің төрағасы Марат қажы Сәрсенбаев бастаған мақұлдау комиссиясы келді. Құрамында комитет басшысы және Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өкілдері мен жұмыс тобы серіктестіктің сүт және май сығу цехтарын аралап шықты.

Бүгінде мұнда халал ет-сүт өнімдерін, өсімдік майын өңдіру және алкоголсіз сусын шығару жолға қойылған. Кәсіпорын жеке сүт өндірушілерден тәулігіне 1,5-2 тоннаға жуық сүт қабылдап, сырдың бірнеше қатты сорттарын шығарады. Ал май сығу цехында мақсары майы өңделеді. Оған қоса мал сою, шұжық, ағаш өңдеу және т.б. цехтары бар. Сараптау тобының жұмысы сыр қайнату цехындағы өндіріс тізбегімен танысудан басталды. Мұнда сүтті сырға айналдыру кезінде өндіріске халал пепсин ферментін қолдану қажеттігіне баса назар аударды. Тексерушілер бұған сыр өндірушілермен ашық әңгімелесу барысында және көрмеге қойылған өнімдерден дәм тату арқылы көз жеткізді.

М.Сәрсенбаев кәсіпорындағы халал өндірістің тынысына, серіктестіктің  талпынысына оң баға берді. Акт залында цех жұмысшылары және халал өнім өндіру, сату саласында еңбектеніп жүргендерге оқу семинар өткізді. Ол өз сабағында қасиетті Құран Кәрімнің сүрелері мен аяттарына, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистеріне сүйеніп, халал мәселесі, адал ас-су мен киім тұтынудың маңыздылығына тоқталды.

Алла тағала Құран кәрімде адамдарға ізгі амалдар істеуі үшін адал тағамнан жеуді бұйырған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис шәріптерінде бұл қағида тереңдетіліп, халал мен харамның айырмасы жіктеле түскен.

Абылайхан Сәрсен,

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы.

«Алыс туыстан жақын көршің артық»
Көрші - қонысы ортақ, етене араласып, күнделікті жүзбе­жүз кездесіп, аман­саулық сұрасып жүретін кісілеріміз. Қазақ халқы «Көршіні Құдай қосады» дейді. Жаңа орынға көшіп келісімен ерулік беріп, қоныс тойын жасау дәстүрінде де ең әуелгі ниет - көрші қолаңдармен танысу болған. «Адам күні – адаммен» демекші, күнделікті өмірде әркім-ақ көршіні қажетсінеді. Өйткені,  бір іс туып қинала қалғанда да, бір нәрсе қажет болғанда да, ең алдымен көршілерден көмек сұрап жатамыз. Көршімен сыйластық – елдің сыйластығын, көршімен татулық – қоғамның татулығын ұқтыратындықтан, ислам діні көршімен жарасымды сыйластықта болуға шақырады.

Көршімен жақсы тұру – Алла тағаланың әмірі. Бұл туралы қасиетті Құранда:

«Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған ешкімді серік қоспаңдар. Әке­шешеге, туыстарға, жетімдерге, кедей­кепшіктерге, жақын көршіге, алыс көршіге, жаныңдағы жолдасыңа, қаражаты таусылған жолаушыларға, қолдарыңа қарағандарға (қызметшілерге) жақсылық жасаңдар. Алла дандайсыған тәкаппарларды жақсы көрмейді» делінген («Ниса» сүресі, 36-аят).

Байқасаңыздар, аятта құлшылық, ата­ана мен туыстарға жақсылық жасау секілді әр мұсылманға тиесілі жоғарғы міндеттердің қатарында көршінің де аталуы тегін емес. Бұл көрші ақысына көңіл бөлудің дінімізде үлкен рөл атқаратынын ұқтыруда.

Аяттағы «көрші» (арабшасы – жар) ұғымына кімдер жататындығына орай, көршілердің мынандай жіктелуі жасалған:

Есігінің аузы тым тақау көрші басқаларға қарағанда анағұрлым жақын болып есептелген. Туыстығы бар немесе үйлері бір­біріне жақындар «жақын көрші» деп аталған. Үйлері бір­біріне жақын да, алыс та емес, өзге діндегілер «алыс көршіге» жатқызылған.

Айша анамыз (р.а.) бұның төңіректегі қырық үйлік арақашықтық екенін айтқан. Көрші ақысы осы қашықтыққа тән екенін білдірген. Ал Әли (р.а.) адамның даусы жететін жердегілердің бәрі көрші болып саналатындығын білдірген.

Исламда көршілер өздеріндегі ақыларына қарай үш түрге бөлінеді:

Үш түрлі ақысы бар көршілер: әрі туыс, әрі мұсылман кісілер. Бұлардың көршілік, туыстық және мұсылмандықтан туатын үш түрлі ақысы бар.

Екі ақысы бар көршілер: туыстығы жоқ мұсылмандар. Олардың көршілік әрі мұсылмандықтан туатын екі түрлі көршілік ақысы бар.

Бір ғана ақысы бар көршілер: не туыс, не мұсылман еместер. Олар өзге дінге жататындар. Олардың көршіліктен туатын бір ғана ақысы бар (Хилиятул-әулия. Т.5. Б.201.  ).

Демек, көрші ұғымына мұсылман, еврей, христиан секілді наным-сенімі, ұлты, нәсілі, түсінік-танымы әр түрлі кісілердің бәрі жатады.

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда елмен тәту-тәтті тіршілік кешіп, жақсы көрші бола білудің өзі үлкен сын. Өйткені, ол иманның беріктігі мен ізгі мұсылманшылықтан туады. Бұл турасында жеткен мазмұнды хадистер көп. Солардың бірінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Көрші туралы Жәбірейіл періштенің кеңесті үйіп-төккені сонша – мен апыр-ай көршіні көршіге мұрагер етпес пе екен деген ойға қалдым» деген (Бұхари, Әдаб, 28). Одан басқа «Көршілеріңмен көршілігіңді жақсарт, шынайы мұсылман боласың» (Ибн Мажә, Зүхд, 24, ІІ, 1410.), «Екі көршің бір уақытқа шақырған болса, алдымен ең жақынына бар. Ал бір уақытқа басқа кездерде шақырылсаң, онда бірінші болып шақырған көршіңе бар» деген хадистер жақсы мұсылман болудың жақсы көршілікпен тығыз байланыстығын ұқтыруда (Әбу Дәууд, Әтима, 9, IV, 134.).

Жақсы көрші бола білудің жарқын мысалын имам ағзам Әбу Ханифаның өмірінде кездескен мына бір мысалдан айқын аңғара түсеміз.

Имам ағзам Әбу Ханифаның маскүнем бір көршісі бар еді. Күнде дабырлап сөйлеп, жанұясында жанжал шығарып имамның мазасын алатын. Сол жігіт бірде абақтыға қамалады. Имам мән­жайды білгенде, қаланың әкіміне жолығып, көршісін босатыпты. Екеуі бірге қайтып келе жатқанда, қылығына ұялған жігіт «Өзіңізге жамандығы болмаса, жақсылығы жоқ адамды неге босатып әурелендіңіз?», – деп сұрапты. Сонда үлкен парасат егесі имам: «Жігітім, сен қандай адам болсаң да, менің көршімсің. Көршіге жақсылық жасау – мұсылмандардың міндеті. Мен өз міндетімді ғана орындадым. Қайта кешірек естіп, кештеу қамдандым ба деп өкініп келемін», – деп жауап беріпті.

Кейіннен әлгі жігіт тәубаға келіп, имамның шәкірті болған деседі…

Иә, мұсылман адам өмірде көршімен арадағы сыйластығына қатты мән беруі тиіс. «Адал көршісі бар алаңсыз ұйықтайды», «Көршім саңырау деме, құлағына шалынар», «Көршінің итін ұрғаның өзін ұрғанмен тең» демекші, көршісіне адал болуға, оны ренжітпеуге, сыртынан жамандамауға, көңіліне келетін іс­әрекеттер жасамауға, залалын тигізбеуге тырысуы керек.

Әбу Хұрайра риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Уаллаһи, мүмин емес, уаллаһи, мүмин емес, уаллаһи мүмин емес», – деп кейиді. «Кімді айттыңыз?», – деп сұрағанда, «Көршісіне залал тигізетін адам», – деген (Бухари, Әдаб, 29).

Тағы бір хадисте «Аллаға, қиямет күніне сендім деген адам көршісін сыйласын», – деп өсиет етілген (Бухари, Әдаб, 31, VII, 79. ).

Жақсы көрші бола білу көңілдің әрін, тіршіліктің нәрін, өмірдің сәнін келтіріп, адам жанына шуақты сезім ұялатады. Айналадағы ел-жұртпен жарасымды сыйластық өмір сүруге деген құштарлықты арттырады. Көп жағдайда жақсы көрші туыстан да артық саналған. Ата­бабаларымыз бұны «Алыс туыстан жақын көршің артық» деп білдірген. «Атың жаман болса, сатып құтыларсың, көршің жаман болса, қайтіп құтыларсың?!» деп, өмірілік тәжірибелерінде үй алмай тұрып кіммен көрші болатынына мән берген. Дәл осы тұста «Жақсы көршіге қандай адам жатады?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Оның жауабы көршілердің бір­біріне деген ыстық ықыласы мен көршілік ақысында. Жақсы көрші осы құқықтарға көңіл бөлген адам деуге болады:

Бұл тұрғыда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Алла есебінде достардың ең жақсысы – досына ең қайырлы, пайдалы болғаны. Алла есебінде көршілердің ең жақсысы – көршілеріне ең қайырлы болғаны» деген (Ахмәд, Тирмизи, Хаким (Ибн Омардан) 250, Н. 151.). Осы себепті халқымыз «Көрші ақысы – тәңірі ақысы» деп, оған аса мұқият қарауға тырысқан. Ірі мұсылман ғалымы Имам Ғазали бұл жайлы былай деген:

«Көрші ақысы  көршіге жамандық жасамаумен ғана шектелмейді. Бұған қоса, көршіге әрдайым жақсылық жасау да осының аясына кіреді. Мұсылмандықта көршіге сыпайы мінез таныту, көршімен кездескенде онымен амандасу, ауырғанда қалын сұрау, қайғысын бөлісу, қуанышына ортақтасу, жолаушылап кеткенде үй-ішіне бас-көз болу, балаларына жақсы қарау, айыбын әшкерелемеу, дінге не күнделікті тіршілікке қатысты ақыл сұраған істерде дұрыс жөн сілтеу т.б. – бәрі де көрші ақысына жатады» (Ғазали, Ихияуулумуддин, ІІ, 271-272, Каир, 1386.).

Әбу Зәрдан жеткен хадисте Пайғамбарымыз оған: «Әй, Әбу Зәр! Сорпа қайнатсаң суын көбірек қос, сөйтіп жағдайы нашар көршілеріңе де сорпаңнан беріп, жақсылық жаса» деген (Мүслим, Бирр, 143, ІІІ, 2025). Бұл өз жағдайыңды қалай ойласаң, көршіңнің жағдайын да дәл солай ойлауға тырыс. Өйткені, «көршің аш бұратылып жатқанда, сенің тоқ жатуың мұсылмандыққа сай емес» дегенді білдіреді.

Көрші – адамның күнделікті өміріне, елмен араластығына, жақсы-жаман істеріне, пейіліне, адамгершілігіне т.б. бірден-бір куә адамдар. Көршілердің куәгерлігі ақырет үшін де аса маңызды болып есептеледі. Бір хадисте: «Бір мұсылман қайтыс болғанда, көршілерінен үш кісі ол жайлы жақсы куә болса, Алла тағала былай дейді: «Осы білгендерін құлдарыма куә ретінде қабыл алдым. Немесе «Бұл құлымның Өзім білетін күнәларын кештім» деп бұйырады» делінген (Ахмед, ІІ, 291, VI, 159.).

Әбу Хұрайраның айтуынша, бір жолы бір кісі келіп, ең жақсы амалдың не екенін сұрағанда, Пайғамбарымыз оған: «Жақсы адам бол», – деді. Ол: «Жақсы болғанымды қайдан білем?», – дегенде, «Көршілеріңнен сұра, егер олар сенің жақсы екеніңді айтса, жақсы болғаның. Жаман екеніңді айтса, жаман адам болғаның», – деді.

Демек, жақсы-жаман екендігіміздің өлшемі көршілерімізден белгілі болатынын ескерудің мәні зор.

Тарихқа үңілсек, кеңестік иделогия бүлдіргенге дейін қазақта ғасырлар бойы жалғасып келген аяулы көршілік дәстүрі былай суреттелген:

«Кезінде халқымыздың терең мәнді, келісті, әдемі салт-дәстүрі бар еді. Көршілер күнде ертемен бір-бірінің тықырын естіп, төбесін көрісімен дауыстап сәлемдесіп, қол берісіп амандасатын еді. Кешқұрым да, күндізгі шаруаларын жайғасқан соң, үлкендер ауыл сыртында бас қосып, жаңалықтарын айтысып, осы күнгіше айтқанда, «ақпарат алмасып», бір-біріне, тұтас ауылға қатысты ертеңгі істерін келісетін еді, аз уақыттық болса да, әңгіме-дүкен, әзіл-қалжыңдарына бір жасап қалатын еді. Кішкентай балалар да үлкендердің осы бір шүйіркелесулерін мерекедей көріп, мәз болып, араларында жүретін еді, көршіліктің жан марқайтар рухын жүректеріне дарытып, кейін үлкейгенде, соны өздері айнытпай қайталайтын еді.

Алыстан ағайын, құда-жегжат, құрметті қонақ келе қалғанда немесе үй иелерінің бірі сапардан оралғанда, көршісі сәлем беріп шығатын еді, отағасының өтінішімен қонақтармен бірге отырып, әңгімелесіп, өткен-кеткенді айтысып, кейде оны ән-жыр, терме, дастандарға, күйге ұластыратын еді. Осының бәрі балаларға ел өмірі, тіл-өнер туралы сабақ, дәстүр-салт, тарих мектебі, әдеб-инабат тағылымы болып саналады. Олар – зорлаусыз, міндеттеусіз, сұраусыз, бірақ жас баланың жан дүниесін баурап алып, ақыл-ес және көркемдік-сезімдік зердесінде өшпестей болып жазылатын дәрістер болған.

Ауырып-сырқап қалғанда, көңіл сұрау, той-томалақ, өлім-жітімді атқарысу өз алдына, үлкендері жолаушы кеткен көршінің отбасына қарайласып, бас-көз болып, шаруасын, мал-жанын түгендеп, ақыл-кеңес беріп, шамасы жетпей, қолынан келмей жатқан жерлерін жөндеп жіберетін еді. Момын, әлсіз, ауру, жас немесе кәрі көршінің біреуде кеткен есесін іздеп, қуысатын еді. Соғымға сойылған малдың басына шақырысып, әйелдер жағы дәмді, әуес тағамдарын бір-біріне аяқ-табақпен балаларынан беріп жіберетін еді. Ауық-ауық бір-біріне дәм татқызар еді. Мұның бәрі ара дәнекер, ынтымақ, ауызбірлік ұйытқысы, сенім кепілі рөлін атқаратын, нақты мәнге ие болатын» (Әдептану. Ұ. Асылов. Ж. Нұсқабайұлы. «Мектеп» баспасы. 1998. Б. 175-176.).

Иә, қазақ көршімен сыйластық негіздерін исламнан алған. Өйткені, бұл ислам ғалымдарының хадистер негізінде жоғарыда атап көрсеткен көршімен арадағы сыйластықтың жалпы әдептерімен толық сәйкеседі.

Қорыта келгенде, қоғамның бейбіт өмірін жақтайтын Ислам діні жоғарыдағы аят-хадистер негізінде мұсылмандарды көршімен тату-тәтті тұруға шақырған. Көршімен татулық мұсылмандардың бір-бірімен татулығы мен сыйластығын, бауырмашылдығы мен ағайынгершілігін сақтайды. Біле-білгенге ол да өмірдегі сынақтардың бірі.

Алла тағала бұл дүниеде де жақсы көршілер нәсіп етіп, ақыретте де сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафамен (с.ғ.с.) көрші болуды баршамызға нәсіп еткей!

Құдайберді Бағашар,

Халықаралық қатынастар маманы