- Сәрсенбі , 16 Желтоқсан 2009, 23:02
- Мүслима
- 1,034 рет оқылды
Замандас ақын Есет Досалы:
Аллаһқа еткен құлшылық,
Өзіңнің мәңгі керегің.
Жәннатта болса тұрағың,
Бақытты пенде сен едің,- деп жырлағандай, Аллаһ Тағаланың ең үлкен сыйы жұмақпен қауышу – нағыз бақыттың өзі болар.
Анас бин Маликтен жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген: «Егер әйел кісі бес уақыт намазын оқып, рамазандағы оразасын ұстап, ар-намысын қорғап, күйеуіне бағынатын болса, жұмаққа кіреді».
Әйел адамның жәннат тұрғындарынан ...
Толығырақ
- Дүйсенбі , 23 Қараша 2009, 13:37
- Мүслима
- 912 рет оқылды
Әлемдерді Өзінің ұлы құдіретімен жаратқан ерекше Мейірім иесі адамзатты екі дүниенің бақытына жеткізетін, тура жол көрсету үшін ұлық сөздері Құран Кәримді жіберді. Жүрекке шипа болып, көңілдің кірін кетіретін қасиетті Кітап әрбір мұсылманның ажырамас бөлшегі іспеттес. Құранды түсініп оқу, жаттау Аллаһ Тағала үшін сүйікті амалдар болып табылады. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай дейді:
«Расында, сендерге Аллаһтан нұр және анық кітап (Құран) келіп ...
Толығырақ
- Сенбі , 7 Қараша 2009, 18:25
- Мүслима
- 1,086 рет оқылды
Адам баласын бір тамшы судан жаратып, оларды жұп еткен Аллаһ Тағалаға мадақ!
Әйелдің ең жақсы қасиеті, көркем мінезі мен тақуалығы. Кісінің өзіне өмірлік жар таңдауы дүниедегі аса маңызды іс. Бұған байланысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үмметіне былай насихат еткен: «Әйелді төрт қасиетіне қарап таңдаңыз: малы үшін, ата-тегі үшін, сұлулығы үшін, діні үшін. Соның ішінде ең абзалы – діндар болғаны...». (Әл-Бұхари).
...
Толығырақ
- Дүйсенбі , 2 Қараша 2009, 20:36
- Мүслима
- 884 рет оқылды
Қызғаныш – соқыр дүние. Кей әйел күйеуін анасынан, достарынан, келімді-кетімді адамдардан, тіпті, оқыған кітаптары мен күнделікті жұмысынан да қызғанады. Әрине, бұл – жөнсіз қызғаныш. Қызғаныштың әсерінен әйел көптеген түсініспеушіліктерге кезігеді. Жарыңның сенен басқа туған-туыстары мен достарына жіті көңіл аударып, уақытының бір бөлігінде солармен бірге болуы заңды құбылыс. Алайда, пенденің жанын өзімшіл ететін қызғаншақтықтың салдарынан әйел күйеуін тек өзіне тиесілі деп ойлайды. Ол ...
Толығырақ
- Сенбі , 31 Қазан 2009, 10:18
- Мүслима
- 1,049 рет оқылды
Анас бин Маликтен (р.а) риуаят етілген хадисте хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) былай депті: «Маған дүниеде үш нәрсе ерекше сүйкімді: Әйел, хош иіс және көзімнің нұры болған намаз.»
Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) хадисінің басында «Маған дүниеде үш нәрсе ерекше сүйкімді» деп ең бірінші әйелді айтқан еді. Расында біз ...
Толығырақ
- Сейсенбі , 27 Қазан 2009, 19:04
- Мүслима
- 928 рет оқылды
Аса Ұлы Аллаһ Тағала әр нәрсені ғажайып даналықпен жаратқан. Әрбір пайдасы зор, дәрумені мол көкөніс, жеміс-жидекті түрлі қабықпен қаптаған. Мысалы, алма, банан қабығынсыз аз уақытта-ақ қарая бастаса, жүзімнің, қызанақтың жұп-жұқа қабығы болмаса, шырыны ағып, құндылығын жоғалтар еді. Сол сияқты, бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен әйел-ана да хиджаб киюге бұйырылған.
Хиджаб – әйел затының қабығы. ...
Толығырақ
- Сәрсенбі , 21 Қазан 2009, 14:40
- Мүслима
- 1,308 рет оқылды
Әрбір дүниеге сәби әкелген ана өзіне жүктелген жауапкершіліктің аса маңызды екенін сезінуі керек. Баланың болашақта қандай адам болатыны және ақыреттегі жағдайы тәрбиеге байланысты. Сондықтан, ана бұл баланың қандай адам болатыны бірінші Аллаға, екінші маған байланысты деп түсінгені абзал. Ал енді тәрбие деген не? Деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Тәрбие төрт нәрсеге байланысты:
Тәні
Ақыл ой танымы
Ішкі жан дүниесі
Тұлға ретінде ...
Толығырақ
- Сәрсенбі , 21 Қазан 2009, 14:29
- Мүслима
- 1,063 рет оқылды
Өмірде әртүрлі маман даярлайтын оқу орындары болады, біреу дәрігер даярлауда, ал біреу құрылысшы енді бірі техника маманын тәрбиелеп жатыр. Сол сияқты, әйел - ана, әйел - ұлы мектеп. Себебі ол өмірге ең қажетті маман - Адам тәрбиелеп шығарады. Сондықтан бала тәрбиесінде ананың алатын орны ерекше. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов былай деген екен: «Адам баласы бір ...
Толығырақ